Талаптылардың тасы өрге домалаған күн. Наурыз айының он екінші жұлдызында, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 7 жалпы білім беретін лицей орта мектебінде дүбірлі дода болды. Жеңіске жету үшін байқаудың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, жаңа әрі тың идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, әрі мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.
«Үздік Ұстаз-2025» деп аталатын бұл бәйгеде бақ сынағандардың бәрі өз бірлестегінде топ жарып тұрғандар. Тілге тиек етіп, жүзден жүзден жүйрік, мыңнан-тұлпар кім екенін білу үшін көзайым болған көпшілік көп. Әр қатысушының ойын, сөзін, пікірімен пайымын саралау үшін арнайы әділқазы алқасы бар:
- Оралханова Н.О.- мектеп директоры, әділ қазылар алқасының төрайымы;
- Чикабаева Л.К.-директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, байқау комиссиясының мүшесі;
- Рашаева М.Ж. — директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, байқау комиссиясының мүшесі;
- Шораева А.Т- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, байқау комиссиясының мүшесі;
- Қисыкова Г.К.-кәсіподақ төрағасы – байқау комиссиясының мүшесі;
- Агильская Т.А- ардагер ұстаз, байқау комиссиясының мүшесі;
- Мульдиярова М.И.-менеджер, байқау комиссиясының мүшесі;
Байқау екі кезеңнен тұрды. Партфолия мен бейнесабақ,және бетпе-бет.
Байқауға қатысушылардың кәсіби қызметтегі жетістіктерін айқындайтын электронды портфолионы бағалау және инновациялық тәжірибені беруде педагогикалық шеберлікті көрсету барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді көрсету.
Бас жүлде:Информатика пәнінің мұғалімі Әбділда Айжан Сейсенбайқызына бұйырды.
1-орын:қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Туламбекова Аяжан Муратқызы қанжығасына байлады.
2-орын:бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Аяулым Сержанқызы және биология пәні мұғалімі Бәзілжан Ғазиза Амангелдіқызының қоржыны толықты
3-орын:Физика пәнінің мұғалімі Стамшалова Айдана, тарих пәнінің мұғалімі Дастан Нұрғиса Дастанұлы, Ағылшын пәні мұғалімі Қасенова Ақмаржан иеленді. Келесі кезекте «Шығармашыл педагог» номинациясы бойынша, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Нургалиев Талғат Тоқтарович, ал «Креативті педагог» номинациясы бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Беков Олжас Жеңісұлы марапатталды. Барлық ұстаздарға жеңісті күн-жемісін берсін. Иә,ойы озық,парасатты пікірге ие мұғалім-озық ойлайтын, озат оқушыларды қалыптастырады. Тура жолды көрсетуші жандардың бойындағы мейірімділік ыждаһатты болуға ықпал етеді. Ықылас-ынтамен үйретілген ілім мен білім – әрқашан жұғымды, ұғымды. Рухы биік, жігері тасып тұрған ұстазды «кемел ұстаз» дейді.Келешек ұрпақтың кемелденуіне үлес қосатын әрқайсысыңыз үздік үлгі болуларыңызға тілектеспін!
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
№7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Рашаева М.Ж.