Home » статьи » Әже-көңілдің ажары, немере өмірдің базары

Әже-көңілдің ажары, немере өмірдің базары

Каренеева Венера Ерболовна
Астана қаласы әкімдігі
№73 «Аяулым» балабақшасының
меңгерушісі

Әже-көңілдің ажары, немере өмірдің базары

Әже –отбасының ғана емес, әулеттің ұйытқысы. Ағайынның бірлігі, ақылшысы болған әженің бауырына қазағымның алғашқы баласын салғаны тегін емес. Балажан әженің құшағында аңыз-әңгімелерді естіп, жақсы мен жаманды ажыратып, үлкен кішіні танып өскен бала жаман болған емес…
Тілі таза, елгезек, мейірімді бала көрсек әженің мейірімі мен жүрек жылуына қанып өскені көрініп тұратын еді.

Бірақ… Арада әже тәрбиесінен алшақтап қалған жылдардың олқылығы бала тәрбиесінде білінді… Ақкимешек киген әженің орны ойсырап, айналасына немерелерін жинап ертегісін айтып өзі ұршығын иіріп отыратын әже бейнесін кітаптан көріп сағына еске алатын кез болды…
Қазір сол олқылықтың орны толып балабақша қабырғасында «Бір тұтас тәрбие» негізінде ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап келеміз. Төрімізге әжелерімізді шығарып, бірлесе жұмыс жасап, ұмыт болған салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты ұрпақ бойына сіңіруге атсалысуда. Осы бағытта үнемі қолдаушы болған №73 « Аяулым» балабақшасының әжелеріне ризашылығымды білдіремін.

Наурыз айының алғашқы аптасында балабақшамызда «Әже -көңілдің ажары, Немере- өмірдің базары»  атты әжелер сайысы өтті. Сайыс деген атауы болмаса сыйластықты  өзара құрметті көрдік.  Әжелеріміз немерелерін ертіп ортаға шыққанда жайма шуақ ауылдың бейнесі елестеді. Еркіндік, шексіз мейірім әже мен немере арасындағы  шынайы махаббат. ..
Сайысқа балабақшамыздың «Ғибрат» ортаңғы тобынан Кәрібаева Лариса Тынысқызы немересі Ибрагимқызы Амелиямен, Байгенжина Зайкуль Набитаевна немересі Досым Саминамен, «Шабыт» тобынан Тленова Несип Құрманқызы немересі Тленова Мединамен, Дукесова Роза Максутовна немересі Оразмухамет Даниялмен қатысты.  «Парасат» тобынан Қабашева  Сәуле Мағазықызы немересі Адиямен  Елжанова,  Манат  Құрманбекқызы немересі Елданамен ортаға шықты. Сайыс 5 кезең бойынша өтті. «Мен, анамын, ұрпағын әлдилеген» тақырыбымен өзін таныстырса «Көтерейік көңілді ән — жырменен» бөлімінде өнерлерін  көрсетті.  «Білгенге маржан» деп  мақал — мәтелді жалғастырса «Өнерлі саусақтар» деп өздері дайындаған  қолөнер бұйымдарын көрсетті.  «Жақсы сөз, жарым ырыс» кезеңінде  бата, өсиет, ертегі айтты. Сан түрлі өнерімен көзге түсіп,   сыр сандығын ақтарды.  Сайысқа қатысқан барлық әжелеріміз жеңімпаз дей отырып «Өнегелі әже», «Шебер әже», «Дана әже»,  «Мейрімді әже», «Білімді әже» аталымдармен естелік сыйлықтар табыс еттік. Үлкеннен бата алып, шәкірттеріміз  қамқорлық пен жылулықты, даналық пен даралықты көре білсе біз үшін тұнып тұрған тәлім-тәрбие. Ақжаулықты әжелерімізге педагогикалық ұжым атынан тағы да алғысымды білдіргім келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*