Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №194 бөбекжай-балабақшасында «Қазақ қызының әшекей бұйымдар тағу мәдениеті» тақырыбы бойынша іс-шара өтті.
«Әшекейі жоқ әйел, жапырағы жоқ ағашпен тең» демекші ертедегі қыз, келіншектер, апа әжелеріміз ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарын шашбауларын сылдырлатып, қолдарына жүзік сақиналарын тағып жүрген. Қазақтың халық өнерінің жете дамыған түрлерінің бірі қазақтың әшекей бұйымдары арқылы халық педагогикасының зергерлік өнері жайлы насихаттау және оны дамыту ұлттық мәдениетіміздің тарихында өзгеше орын алады.
Құндылықтарымызды дәріптеп жатқан №194 балабақшаның іс-шарасына әшекей-бұйым түрлерімен таныстыру мақсатында, балабақшадағы бүлдіршін қыздардың аналары келіп қатысты. Аналарымыз қазақша үлгіде орамалын тағып, жерге ою-өрнек салынған кілемдерін жайып, ұлттық әшекейлерді қыздарға түсіндіруді бастап кетті.
«Осы тақырыпты таңдап, іс-шараны өткізудегі мақсатым «Анаға қарап қыз өсер — әкеге қарап ұл өсер» — деген қазақтың мақалының төркіні не сүйеніп, қазіргі жас аналарымыздың да кішкентай қыздары на өздерінің үлгі болатынын, отбасындағы анасының әдемі ұлттық әшекейлерді жарасымды үйлестіріп тағу мәдениетін ана бейнесін де көрген қызының анасынан жақсы әдемі еліктірер көріністі санасына түйері анық деген ойымен бөлісті.» — шара ұйымдастырушысы, тәрбиеші Жұманбаева Гаухар Дүйсенбаевна.
Айта берсек қазақтың әшекей бұйымдары өте көп. Шолпы, шашбау, білезік, жүзік,сырға , алқа.
Шашбау – қыз-келіншектер шашына тағатын сәндік әшекей- бұйым.
Шекеліе-қыздардың (әйелдердің) бас киімінің шеке тұсына тағылатын әшекей бұйым.
Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған дөңгелек пішінді бұйым.
Білезік – әйелдерге арналған әшекейлердің ішінде ең көп кездесетін түрі. Білезіктің көлемі, пішіні, әшекейі әр алуан болады. Оған асыл тастардан көз орнатылады,
Сырға – сән үшін тағылатын зергерлік бұйым. Дәстүрлі қазақ ортада сырғаның шығыршық сырға, шарбақ сырға, ац сырға,сояу сырға, қоңырау сырға,виықты сырға, күмбезді сырға, төбе сырға, салпыншақ сырға, жалпақ сырға сияқты және тағы басқа түрлері болды.
Міне осындай құнды ақпараттарды аналарымыз айта отырып, қыздарымен бірге әшекей бұйымдарды бірлесе отырып жасады.
«Қазақ қызының әшекей бұйымдар тағу мәдениеті» тақырыбы бойынша іс-шара өткізген №194 бөбекжай-балабақшасының ұжымына алғыс айтамыз. Жұмыстарыңызға сәттілік, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер деп ізгі ниет білдіреміз.
BILIM AINASY
Алматы қаласы
Елназ Тұрсынғалиқызы