Алматы қаласы Білім басқармасының «Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған № 54 бөбекжай-балабақшасында» КММ-де
«ECERS – 3 тәуелсіз құралын пайдалана отырып, ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен білім сапасын өлшеу» тақырыбында семинар өтті.
Заманауи жағдайлар мектепке дейінгі ұйымның көрсетілетін білім беру қызметінің түбегейлі жаңа моделін құру қажеттілігін туындатады. Қазіргі заманғы сапаны бағалаудың негізгі екі мәселесі бойынша анықталады: бірінші, білім игерудің орнына дамуды бағалау керек, екіншіден, бағалау мүмкіндігінше обьективті болуы керек. ECERS құралы 1980 жылы Солтүстік Каролина (АҚШ) университетінде жасалған. ECERS — бұл балабақшаның жеке тобының білім беру ортасын бағалауға мүмкіндік беретін бақылау шкаласы. ECERS көрсеткіштері бала балабақшада болатын барлық жағдайды қамтиды.
ECERS шкалаларында басқару функциясы жоқ. Негізгі міндеті — осы нақты ұйымда білім беру сапасы қалай қамтамасыз етілетінін, оның стандарт талаптарына сәйкестігін түсіну және сапаны қамтамасыз ету саласында МДҰ-ның одан әрі дамуын жоспарлау.
Олар келесі компоненттерді қамтиды:
– құрылымдық сапа (мектепке дейінгі ұйымды ұйымдастыру және жобалау; ішкі кеңістіктің ұйымдастырылуы, қолжетімділігі мен қауіпсіздігі; педагогтердің білім және кәсіби шеберлігінің деңгейі; дамытушы бағдарламалардың мазмұны мен сапасы);
– тәрбие-білім беру процесінің сапасы (педагогтың балалармен, балалармен бір-бірімен тиімді өзара іс-қимылы; күтім мен дамуды интеграциялау, режимдік сәттердің мүмкіндіктерін пайдалану; педагогтың нәтижелі тәжірибесі; отбасын тәрбие-білім беру процесіне тарту, отбасымен өзара іс-қимылда тиімді тәжірибені пайдалану);
– нәтиженің сапасы (балалардың әл-ауқаты, олардың құқықтарын қорғау; эмоционалды, моральдық, психологиялық жайлылықты өлшеу; ақыл-ой дамуы; балалардың денсаулығы; мектепте оқуға дайындық; ата-аналардың қанағаттануы).
Семинар лекция және практикалық тапсырмалар түрінде өткізілді. Қатысушылар белсенділігі бірден байқалды. Семинардың негізі мақсаты әдіскерлер мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерін халықаралық ECERS-3 тәжірибесімен таныстыру. Семинар жүргізушілері — №54 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Галимова Рашида ханым, педагог-психолог Утеуова А.К және де методист, халықаралық ECERS-3 тәжірибесі бойынша сапаршы Бушуева Э.А. болды.
Семинардың қорытынды бөлімінде қонақтар, жүрекжарды тілектерін айтып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасап, тәжірибе алмасуға келісім жасады.
Қатысушылардың басым көпшілігі жиынға жоғары баға беріп, өте жоғары деңгейде өтті десті. Осындай семинар ұйымдастыруға ұйытқы болған, ұжымына үлгі боп отырған балабақша меңгерушісі Галимова Рашида ханымның еңбегін атамай кетпеске болмас.
Шәкірт тәрбиелеуде қанаттарыңыз талмай, шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін!
BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Ақерке Амангелдіқызы