Амангелді Ботакөз
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы
№131 бөбекжай-балабақшасының
меңгерушісі
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №131 бөбекжай-балабақшасымызда “Балаңыз мектепке дайын ба?” тақырыбында мектепалды тобының ата-аналарына арналған семинар өтті.
Баланы мектепке дайындау – барлық ата-аналар үшін жауапты кезең. Бұл кезең балабақшаға барған бала өзінің алғашқы үлкен қоғамына еніп, оның мектепке қадам басуға жетелейтін мүлде бөтен ересек адамдарға – тәрбиешілерге, мұғалімдерге үйренуге тиіс болатын алғашқы жылдардан басталады. Баланың балабақшада алатын білім деңгейі ғана емес, ең алдымен оның психологиялық, эмоционалды, әлеуметтік қалыптасуы да бұл ересектердің қандай болатынына, сондай-ақ
ата-аналардың балабақшада біртұтас тәрбие беру үшін қаншалықты ынтымақтасуға дайын екендігіне байланысты. Сәтті таңдалған тақырыптағы семинарға көз жүгіртсек.
Бұл семинар баланың мектепке дайындығынан бастап, барлық күрделі тақырыптарды қамтыды. Quiver платформасымен ата-аналар танысып, балалармен тәрбиешілердің қалай жұмыс жасайтынын көзбен көрді.
Ұлттық тәрбиені ұлықтау үйде басталу керек деген ұранмен ата-аналар “бестемше” ойынын ойнап, бір сәт балалық шаққа саяхат жасады. Семинарға балабақша ұжымы түгелдей қатысты.
Балабақша психологі Архипова Л. Б. Баяндамасын оқыды.
Ашық микрофон айдарында ата-аналар өз алғыстарын білдірді.
Біздің де, ата-аналардың да мақсат-міндеттері бір. Ол, әрине балалардың тәртіпті, білімді, елі ертең мақтан ететін ұл-қыз өсіріп тәрбиелеу. Балаға тәрбие мен білім беруде басты тұлға ата-ана болса, оны жалғастырушы, демеуші-педагогтер. Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша. Сондықтан “Отбасы-Бала-Балабақша” үштігінің іргетасы мықты болсын.