Home » статьи » Балабақша-бақыт мекені

Балабақша-бақыт мекені


Зипарова Гульнара Ахметжан
овна
Алматы қаласы
№66 бөбекжай-балабақшасының
меңгерушісі

Балабақша – өмір бойына сақталатынбалалық шақтың қуанышты бөлігі. Бүгін өзім қызмет атқаратын

Алматы қаласы Білім басқармасының “Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған  №66 бөбекжай-балабақшасы жайлы сыр тарқатпақпын. Балабақшада игі, жұмсақ, керемет адамдар жұмыс істейді, білімі жоғары болмасада, баларды жақсы көреді. Балабақша ұйымы біліктілігін арттырды.

Жұмысымыздың басым бөлігін мектеп жасына жақындап қалған балалардың тілдік бұзылуларын жөндеуге, дамытуға бағыттаймыз. Осы ретте педагогтар әр тәрбиеленушімен жеке-жеке жұмыс жасайтынын да айта кеткім келеді. Мектепалды 14 топтың, 4 тобы қазақ тілінде, 10 тобы орыс тілінде білім алуда.

Балабақша тәрбиеленушілері 2 — 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер. Олар әртүрлі диагноздармен келеді. Атап өтсем: Ринолалия, дизартрия, сенсомоторная алалия, жалпы сөйлеудің дамымауы (ОНР), психикалық дамудың кешігуі, соның ішінде ауыр түрлері, кохлеарлық имплантаты бар балалар, есту қабілеті нашар балалар, аутизм белгілері бар, девиантты мінез-құлқы бар балалар келеді.

Балабақшамызда өз ісін сүйетін, білікті, алғыр, шығармашыл жандар жұмыс жасайды. Тәрбиеленушілерден нәтиже шығару — балабақша педагогтарының мақсаты, ұраны. Бұл жұмыстардың барлығының басы-қасында балабақша методисті Түбекбай Ж.А жүреді.

Балабақша меңгерушісі ретінде 2023 жылы Сингапур еліне барып халықаралық тәжірибеден өтіп, біліктілігімді арттырып келдім. Бұл біздің балабақшамыз үшін жаңа кезең деп айтсам да болады. Сингапур тәжірибесі аясында “Қазақшаң қалай балақай?!” жобасын қолға алдым. Бұл жобаның негізі мақсаты мектеп жасына дейінгі балалар бойына ұлттық рухты сіңдіре отырып, қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ұлтжанды, патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Тіл халықтың қазынасы. Тіл – қашанда ұлттың ұйтқысы. Сөзі өз тілінде шыққан халықтың еге­мендігі баянды, тұғыры қашан да биік. Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күн санап арта түсуде. Жас ұрпақтың тілі ана тілінде шығып, қазақ тілінде білім алуына, басқа да тілдерді жетік мең­геруіне толық мүмкіндік те бар. Өзге тіл­дің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтеуіміз керек. Ел келешегі тек қана экономикалық жетістіктермен ғана емес, мәдени-рухани қазыналарымызбен де айқындалып, тұғырлана түсері хақ. Олай болса, жастарымыз тіл мәселесіне келгенде сергектік танытып, жанашырлықпен қараса, игілікті іс болар еді деген оймен осы жобаны іске асыруды бастап та кеттім. Бүгінгі таңда ата-ана мен балабақша баланың қос қанаты іспеттес. Осыны ойлай отыра бұл жобама ата-аналарды араластыруды да жөн көрдім. Себебі бала “ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі”.  Ата-аналар бұл жобаға ерікті түрде (волонтер) ретінде қатысады. Әрина, біздің белсенді ата-аналарымыз ұсынысымды қолдап, балалардың бойына ұлттық тәрбие мен қазақ тілін үйрету үшін білек сыбына іске кірісіп кетті. Бірнеше рет ертеңгіліктер мен семинарларға да қатысты.

             
Мұхтар Арынның сөзімен айтсам: “қалай десек те, ең мықты, табиғи мектеп-отбасы”. Ата-анамен бірлесе істелген жұмыс, жақсы қасиеттер бала үшін өмір бойына серік болады.

Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы іспеттес. Мұн­­­дағы тәрбие мен білім ба­ла­­лар­дың табиғи мінезін, қа­бі­летін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қам­ту өзімнің басты мақсат­тарым­ның бірі екенін қуана айта аламын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*