Home » статьи » ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ

Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
Ең қасиетті құндылығымыз – ел тәуелсіздігінің мерекесіне орай «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 152 мектеп-гимназиясында жоспарға сәйкес түрлі іс-шаралар аталып өтті.
    
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Білім басқармасының кубогы» аудан мектептерінің әскерилендірілген эстафетасы өткізіліп, мектебіміздің 10-сынып оқушылары бас жүлдемен марапатталды.
7-8-сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз елдің өнерлі ұрпағымыз» тақырыбындағы көркемсурет байқауы, 5-8-сынып оқушыларының арасында « Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысы, ағылшын тілінде « My Motherland is Kazakhstan» тақырыбында мақал-мәтел сайысы, орыс тілінде өткізілген «Моя Отчизна-моя судьба» мәнерлеп оқу сайыстарына оқушылар өте белсене қатысып, елінің тәуелсіздігін дәріптейтін өлеңдерді шабыттана орындады. Бұл тек жарыс емес, сонымен қатар ата-бабаларымыздың арманы болған тәуелсіздіктің қадірін түсініп,жастарымыздың елге деген сүйіспеншілігін оятатын тамаша іс-шара.
     
Музыка пәні мұғалімдері және сынып жетекшілеріміздің ұйымдастыруымен
«Мен елімді сүйемін» тақырыбындағы 3-4-сыныптар арасында потриоттық әндер байқауында оқушыларымызды басқа қырынан танып, өз өнерлерімен көрермендер ықыласына бөленді.
Сонымен қатар «Тәуелсіздік -тәңір берген тәтті сый» спорттық «Толағай» эстафеталық сайысы 5-сыныптар арасындағы ата-аналармен өткізіліп, ата-ана, мектеп, оқушы үштік одақтың ынтымақтастығы қалыптастырылды.
«Ел бірлігі – тәуелсіздік тұғыры», «Сол бір кездер….» тақырыптарындағы салтанатты іс-шараларға мектебіміздің «Менің Қазақстаным» деп үн қосқан, желтоқсан көтерілісінің куәгерлері әріптестеріміз Г.Қ.Нусипова,Н.А.Ақылбекова,Қ.Сағындықова апайларымыз қатысып, Ә.Бөкейханов айтпақшы өскелең жас ұрпақ ел тарихын біліп, тарихқа тағзым жасап, өткеннен сабақ алып, тәуелсіздігіміздің қадірін біліңдер деген ізгі ниеттерін білдірді.
Оқушыларымыздың өнерлері, талпыныстары, потриоттық сезімдері біз үшін үлкен қуаныш болды. Тәуелсіз Қазақстанымыздың жарқын болашағы сіздермен бірге!

​Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Муратбекова Гулмира Бақытжановна

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*