Home » статьи » Қазақстандық  мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері Халықаралық іс-тәжірибеден өтті

Қазақстандық  мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері Халықаралық іс-тәжірибеден өтті

Алматы қаласы
«№18 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК әдіскері Абдуажитова Г.Н.
«№11 бөбекжай-балабақша» КМҚК әдіскері Мынжасарова З.К.
«№41 бөбекжай-балабақша» КМҚК әдіскері  Алтынбекова Ұ.Е.
«№14 бөбекжай балабақшасы» КМҚК әдіскері  Мамытбаева Д.Б.

Қазақстандық  мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері Халықаралық іс-тәжірибеден өтті.

    Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскерлері үшін біліктілікті арттыру курстары шеңберінде 2024 жылғы 13-23 қазан аралығында Польша мен Германияда «Табиғатты оқыту технологиясы: Польша мен Германияда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі идеялары мен педагогикалық тәсілдері» тақырыбында халықаралық тағылымдама ұйымдастырылды.
Тағылымдамаға «Әдіскер қызметінің заманауи моделі» конкурсының қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған мектепке дейінгі ұйымдардың жиырма әдіскері қатысты.

2024 жылғы 14-17 қазан аралығында тағылымдама шеңберінде оқыту Польша Республикасында:
-Przedszkola Leśnego Puszczyk негізінде орман балабақшасының технологиялары бойынша екі күндік тренинг;
-Польша Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесі мен реформалары туралы семинар ;
-Ян Амос Коменский балаларды дамыту қоры ұйымдастырған «Балаларға бір күндік демалыс» бағдарламасы бойынша воркшоп;
-Мария Гжегожевско атындағы Арнайы педагогика академиясы ұйымдастырған инклюзивті білім беру жүйесінің презентациясы жүргізілді.

     
Польша еліндегі Белосток қаласында орналасқан  Przedszkola Leśnego Puszczyk Орман балабақшасының негізгі мақсаты- балаларды табиғатпен тығыз байланыста тәрбиелеу, олардың қоршаған ортаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру. Мұнда балалар  табиғат құбылыстарын өз көздерімен көріп ,зерттеу арқылы білім алады. Бұл әдіс олардың қиялын дамытып,шығармашылық қабілеттерін арттырады. Орман балабақшасының ерекшелігі -балалардың ауа райына қарамастан , жыл бойы далада уақыт өткізу. Экстремалды  жағдайларда олар үшін арнайы баспана (киіз үй) қарастырылған. Бұл тәжірибе  балалардың иммунитетін  нығайтып, денсаулығын жақсатады.
Ата-аналар мен тәрбиешілердің пікірінше, орман балабақшасына барған балалардың физикалық және психикалық дамуы дәстүрлі балабақшаға барған балаларға қарағанда жоғары. Олар табиғатпен тығыз байланыста болудың арқасында өздерін еркін сезініп, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Варшавадағы Мария Гжегожевско арнайы білім академиясы
Monika Rościszewska — Я.А. Коменский атындағы балаларды дамыту Қорының президенті қарсы алып, оқу аудиториясында жұмыстың бағыты туралы айтып, өз презентациясын ұсынды. Қор 2003 жылы құрылған мемлекеттік емес мекеме болып табылады. Осы қор аясында «Балаларға бір күндік демалыс» бағдарламасы құрылды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты «аптасына бір рет, ауа-райына қарамастан, балабақшалар мен мектептерді тәжірибеге үш сағаттық тұрақты табиғат серуенін енгізу». Бағдарлама сонымен қатар ата-аналарды балаларымен денсаулығын жақсарту және жаңа тәжірибе алу үшін сапарлар ұйымдастыруға шақырады.

Германия Федеративтік Республикасының Берлин қаласында «Германияның мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жүйесі» тақырыбы бойынша жалғасты.
Германиядағы тағылымдаманың мақсаты – Германия  мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жүйесінің негіздерімен және құрылымдарымен, сондай-ақ неміс мектепке дейінгі ұйымдарында қолданылатын инновациялық тәсілдер мен тәжірибелермен терең танысу және Фребель балабақшалары жұмысының әдістемелерімен және принциптерімен танысу, мектепке дейінгі білім берудің практикалық тәсілдерін зерделеу, тәлімгерлік тәжірибесін алу. Германиядағы инклюзивті мектепке дейінгі білім беру тәжірибесін зерттеу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың практикалық тәжірибесімен және тиімді әдістерімен таныстырды.

Тағылымдамаға қатысушылар Берлиндегі  мемлекеттік интеграцияланған балабақшаға барды. Балабақша қала орталығында орналасқан, тұрғын үйдің алғашқы үш қабатын алып жатыр. Балабақшада әртүрлі ұлттардың 135 баласы тәрбиеленуде.    Балалар жасына сәйкес топтарға бөлінген 1 қабатта; 1 жастан 3 жасқа дейінгі кіші топтарда 24 бала; екінші қабатта 2 жастан 6 жасқа дейінгі кіші топтарда 42 бала; 3 қабатта 2 жастан 6 жасқа дейінгі 69 бала. Балалардың 80%-ы үшін неміс тілі екінші тіл болып саналады.
Ұйымдастырылған іс-шаралар балалардың қалауы бойынша, әр қабаттағы арнайы жабдықталған бөлмелерде өтеді, әр педагог күнделікті кестеге сәйкес балалардың қалауы бойынша жұмыс істейді.

Берлин қаласының мектепке дейінгі Білім департаментіндегі кездесу
Білім департаментінің өкілдері «Германияның мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жүйесінің негіздері» бойынша және Германиядағы мектепке дейінгі білім берудің құрылымымен негізгі қағидаттары мен стандарттарымен таныстырды.

Негізгі принциптер мен стандарттарға мыналар жатады:

  1. Ойын арқылы оқыту: ойын арқылы оқыту балалардың табиғи дамуына ықпал ететін мектепке дейінгі білім берудің негізі болып табылады.
  1. Жеке тәсіл: әр бала ерекше және тәрбиешілер оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескеруі керек.
  1. Әлеуметтік өзара әрекеттесу: балалар бір-бірімен өзара әрекеттесу арқылы үйренеді, бұл қарым-қатынас пен ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады.


Германиядағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру қызметтерін ұсынатын ең ірі ұйымдардың бірі — Fröbel желісінің бөлігі болып табылады.
Ф.Фребель жүйесінде баланың еркін дамуы,ойын арқылы білім беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен өз бетінше әрекет ету мүмкіндігі маңызды рөл атқарады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*