Home » статьи » Мектепке -саяхат

Мектепке -саяхат

«Мектепке -саяхат»  тірек балабақшасы мен тірек мектеп арасындағы сабақтастық

16 сәуір 2025 жылы Наурызбай ауданының КҚМК «№172 бөбекжай- балабақшасы» және № 176 мектеп — гимназия  арасында бекітілген жылдық жоспары  және  «ҚББЖТҒӘО» ШЖҚ МҚК-ның 2025 жылға арналған

Алматы қаласының мектепке  дейінгі және орта білім беру бағдарламаларының синхрондау мақсатында тірек балалақшаларының, тірек консультациялық пункттердің және тірек мектептердің  сабақтастығын қамтамасыз ету бойынша «Мектепке саяхат»  іс-шарасын мектепалды  «Түркістан» тобы  бүлдіршіндерімен  қоса ата-аналар, балабақша меңгерушісі Бияхметова Гулнара Кукентаевна, әдіскер Хасенова Меруерт Жанибековна,. психолог маманы Тохтабулатова Нуржамал Чимырбаевна,. тәрбиешілері Амирова Назираш Рымбаевна, Калимбетова Кундиз Турганалиевна және № 176 мектеп-гимназия  директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Кенжетаева Жайнар Кенжетайқызы және мектеп психологтары Сапарова Қазына Құрбанғалиқызы, Косалиева Айдана Мусараповна, Әуезхан Мақпал Рысқұлқызы мен бірлесе отырып іс -шара өткізді. Бұл іс- шараның негізінде  мектеп пен балабақша арасындағы тығыз  байланыс жасай отырып, баланы жүйелі — сатылы дамыту және психологиялық тұрғыдан дайындау.

Сонымен қатар мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндердің  «Жеке даму картасымен» танысып, ата- аналарға психологиялық көмек көрсететіндері айтылды. КҚМК №172 бөбекжай- балабақшасының балаларының жеке басының ерекшеліктері, әлеуметтік — эмоционалды дағдылары, коммуникативтік, танымдық-зияткерлік, шығармашылық дағдыларының даму деңгейлерінің тиімді қалыптасуы бақыланды. Осы  ерекшеліктерді келесі оқу жыл қарсаңында мектеп мұғалімдері  бала мектепке келген шағында басшылыққа алатындығы жайында айтылды. Балалар өздерінің балабақшада үйренген өлең шумақтары, тақпақтарды, жұмбақтарды жасырып, ертегілерді айтып автобуста көңіл – күйлерін көтеріп  мектепке жеттік. Балалар мектепке келіп, оқу кабинеттерін, мектеп кітапханасын аралап, алғашқы әсерлерімен бөлісті. Бұл іс-шара балдырғандардың мектепке бейімделуіне, білімге деген қызығушылығын оятуға үлкен септігін тигізді. Ұстаздар мен тәрбиешілердің бірлесе жүргізген жұмысы балалардың жаңа ортаға сенімді қадам басуына жағдай жасайды. Міне осындай  бірлескен іс-шара барысында  балабақшаның бүлдіршіндерінің  ақылды, тәртіпті, мәдениетті, сыпайы және  ашық үлкендермен жеңіл қарым-қатынасқа түсе алатын, өз ойларын жеткізе білетін, түстерді таңып, логикалық қарапайым  шешімдерді  білетін, қабілетерінің жоғары  дамыған, физияологиялық толыққанды  екендігін  көрсетіп, мектепалды тобының жұмысы дұрыс бағытта жүргізіп жатқандыған мектеп  мұғалімдері нақтылап, жүйелі жұмыстары қажетті бағытта, тиімді  жүріп жатқаның атап өтті.

Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу балабақшадан, ал жалғасу жүйесі мектептен  бастау алу қажет болғандықтан әркезде сабақтастық жүйесін тыс қалдырмауымыз қажет. Мектеп-гимназия директоры Дуйсенбекова Нұржамал Есіркепқызы бүлдіршіндерге білім әлеміне бастаған саяхаттарына сәттілік тілеп, алғысын білдірді.

КҚМК «№172 бөбекжай- балабақшасы»
меңгерушісі  Г.К.Бияхметова.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*