Home » статьи » Біз түрліміз — бірақ теңбіз

Біз түрліміз — бірақ теңбіз

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, КМҚК «№79 бөбекжай-балабақшасында»
“Мектепке дейінгі мекемелерде инклюзивтік білім беруді ұйымдастырудың тиімді жолдары” тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинарға Бостандық ауданының білім бөлімінің бас маманы Муратова Шолпан Муратқызы және Бостандық ауданының мектепке дейінгі мекемелерінің
педагог-психологтары қатысты.
Семинардың ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған КМҚК №79 бөбекжай–балабақшасының меңгерушісі Ошанбекова Альмира Кабдыкаримовна келген қонақтарды семинардың өтілу барысымен таныстырды.

Балабақшаның педагог-психологы Масакбаева Базарой Нурсултановна “Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға…” презентациясын қорғады.
Инклюзивті балаларды оқыту — балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы. Осы бағыт балаларды оқытуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Инклюзивті балалардың көбіне, сабақтан тез жалығары анық. Осы ретте педагог-психолог барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін тәсілдермен бөлісіп, өз ойын ортаға салды.

Сондай-ақ логопед-дефектолог Бердибаева Сагира Армановнамен бірлесе отырып ерекше балалармен бірге моторикалық, дамытушы ойындар жүйесі арқылы бірнеше әдіс-тәсілді жаттығулар барысын көрсетті.
Баланың ақыл-ой жүйесі мен дамуына айтарлықтай үлес қосатын әдіс тәсілдермен бөліскен тәрбиешіге келген қонақтардың да риза болғаны анық.

Іргетасы 1982 жылы қаланған балабақшаның тарихы қандай тереңде болса, мамандары да сондай терең ойлы, озық білімді екенін аңғардық.
Семинар соңында бүлдіршіндер мен тәрбиешілердің өнеріне куә болдық.
Балалар мен тәрбиешілер би алаңында жарысқа түсіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй , — деп Абай атамыз жырлағандай, “сегіз қырлы, бір сырлы” балабақша меңгерушісі мен педагогтары Абайдың әндерінен попурри орындады. Семинар соңы тіптен әсерлі болды. “Атамекен” әнінің құшағында тербелген балдырғандардың да, көрерменнің де Отанға деген сүйіспеншілігіні артқаны анық.


Семинарға қатысушы әрбір қонақ №79 бөбекжай –балабақшасында ұйымдастырылған семинардан «білім қоржындарын» түрлі әдіс-тәсілмен толықтырып, ризашылықпен жақсы көңіл–күйде тарқасты. Сонымен қатар
семинарға ерекше баланың анасы қонақ болып, Масакбаева Базарой Нурсултановнаға ыстық ықыласын білдіріп, өз алғысын жеткізді. Балабақша меңгерушісі мен ұжымына дән риза екенін айтып, көңілі босап көзіне ыстық жас келді. Иә, ата-ананың бәрі балабақша келіп алғыс айта бермесі анық. Бұл көрініс еңбектің ақталғаны емес пе?!

«Ел боламын десең бесігіңді түзе» — деп бекер айтпаса керек, елдіктің туын жықпайтын, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын ұрпақты тәрбиелеп шығару бұл ерлік. Тәрбиеші-педагогтердің тынымсыз еңбегін қандай сөзбен өрнектесек те аздық ететіндей көрінеді.
Күнделікті балабақшада балалардың алаңсыз күміс күлкісін, шаттыққа толы көңіл-күйлерін көріп, балалармен бірге ойнап күлгеннің өзі бір бақыт деп жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімі мен тәжірибесін аямай еңбек етіп жатқан балабақшаның барлық қызметкерлеріне бас иеміз. Еліміздің ертеңі болар тұлғаны қалыптастыру жолында қанаттарыңыз талмасын.
Бұл жоғары деңгейде өткен іс-шараның артында таудай еңбектің жатқаны анық. Ұжымын ұйымдастыра білген білікті басшы Ошанбекова Альмира Кабдыкаримовнаға өз алғысымызды білдіреміз!

Аядай ұядан Алашқа деген махаббаты төгіліп тұрған семинардан баршасы шабыттанып тарқасты.

BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Ақерке Амангелдіқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*