Home » статьи » Ұлттық құндылық  — жасанды  интеллект көзімен

Ұлттық құндылық  — жасанды  интеллект көзімен


Шолпанкулова Гулжамал Бекболатовна
Алматы  қаласы Жетісу  ауданы
№177 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі  мен әдебиеті пәні  мұғалімі

Ұлттық құндылық  — жасанды  интеллект көзімен

Қазіргі таңда технологиялардың дамуы мен цифрландырудың әсерінен қоғамның көптеген салаларында өзгерістер орын алуда. Бұл өзгерістердің бірі – жасанды интеллект  жүйелерінің өмірімізге ендірілуі. ЖИ адамзаттың интеллектуалды қызметін үлгі етіп, түрлі салаларда ойлау қабілетін жақсартуға және шешім қабылдауда көмек көрсетуге бағытталған. Бірақ ЖИ-дың дамуы тек технологиялық, экономикалық ғана емес, сонымен қатар мәдени, рухани аспектілерге де әсер етеді. Ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер осы өзгерістердің ортасында қалай сақталады және дамиды? Бұл сұрақтың жауабы маңызды, себебі ЖИ қоғамның мәдени және рухани негіздерін түсіну мен сақтауда белгілі бір рөл атқара алады.

Ұлттық құндылықтар –  халықтың тарихы, мәдениеті, дәстүрлері мен дүниетанымының негізі. Олар ұлттың рухани және әлеуметтік өмірінің өзегін құрайды.

Осыған орай, №177 мектеп – гимназиясында «Мектепке өзгеріс енгізу» тобының жоспары бойынша  14  қараша күні   «Ұлттық  құндылықтар – жасанды  интеллект  көзімен»  тақырыбында  семинар  өтті.  Семинардың ашылу  кезеңінде  «Мектепке  өзгеріс енгізу» тобының жетекшісі  Каримова М  сөз сөйлеп, бірлесіп  әрекет жасау  нәтижесінде  шәкірт тәрбиелеу мен білім беруде  жетістікке жететін жол екендігін айтып өтті.

Семинарда  көзделген  мақсаты: Ұлттық  құндылықтарды жасанды интеллекттің көмегімен түсінуге, бағалауға және сақтау маңыздылығын зерттеуге бағыттау. Бұл арқылы қатысушылар ұлттық құндылықтардың мәдениеттегі рөлін түсініп, олардың заманауи технологиялар, соның ішінде жасанды интеллект арқылы қалай сақталып, дамып жатқанын зерттеу жолы болып табылды.

Ең бірінші, ортада  жағымды психологиялық  жағдай қалыптастыруда    «Көңіл-күй» тренингі ұйымдастырылды  және  қатысушылар «Отаным», «Дәстүрім» «Тілім» тақырыбы бойынша үш топқа бөлінді.
    

Семинар барысында  түрлі  әдістерді  қолданып, жасанды  интеллект арқылы  ұлттық құндылықтарымызды  сақтау және  ұрпаққа жеткізу  жолдары  айтылды. Ең алдымен, ұлттық құндылықтар мен жасанды  интеллект жайлы  түсінік берілді.

Шығармашылық жұмыстарда жасанды  интеллект арқылы  ұлттық қүндылықтарды  сақтау, тарату   жолдары  талқыланды. Ұлттық мәдениетті сақтау мен тарату мәселесінде ЖИ-дің мүмкіндіктері талқыланды. Әсіресе, ұлттық әдебиет, музыка, өнер, салт-дәстүрлер сияқты құндылықтарды цифрландыру арқылы ЖИ әлемнің кез келген жерінде осы мәдени мұраны таратуға көмектесе алатын жолының бірі.  Мысалы, қазақтың күй өнері немесе халық эпостары, жасанды интеллект  арқылы сақталып, түрлі тілдерге аударылып, басқа аудиторияға ұсынуға мүмкіндік беретіндігі  топта айтылды. ЖИ тіл өңдеудегі жаңа технологиялар ұлттық тілдердің сақталуына көмектесе алады. Қазақ тіліндегі мәтіндерді автоматты түрде аудару, тілдерді оқыту платформаларын құру  – бұл ЖИ арқылы іске асырылатын маңызды бағыттар. Сонымен қатар, ЖИ дәстүрлі әдет-ғұрыптар мен ұлттық мерекелерді насихаттау мақсатында арнайы ақпараттық жүйелерді дамытуға болатындығы  ұстаздар арасында  талқыланды.

     

Тақырып талдауда  ұстаздардың түрлі  пікірлері  тыңдалып, ойларымен бөлісті. Қазіргі  уақытта  жаңашылдыққа  ұмтылған кезеңде  ұстаз ізденісі үшін де  жасанды  интеллектің   тиімділігі  талқыланды. «Gamma app» , «ChatGPT» платформасы арқылы жұмыс жасап, ұлттық құндылықтардың сақталу  жолы, сандық әлемге  байланыстыру арқылы  ұрпаққа  жеткізуге  болатындығы  талданды. Семинар соңында  ұстаздар  өз әсерлерімен бөлісті.
    

Жасанды интеллект оқыту жүйелерінде де ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал ете алады. Бұл технологиялар арқылы ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, жастарды ұлттық құндылықтарға баулу үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатындығы  баса айтылды.  Асыл мұрамыз- ұлттық құндылықтарды  сақтап, ұрпаққа  жеткізіп отыру  парызымыз!  Ұрпақ тәрбиелеуде  ұлттық құндылықтарымызды  бойына  сіңіріп, жан-жақты білімді, ізденімпаз шәкірттер тәрбиелей берейік. Алдағы  уақытта  осындай  семинарлар өз жалғасын таба  берері  анық.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*