Home » статьи » Тәуелсіздік-тәңірден келген тәтті сый

Тәуелсіздік-тәңірден келген тәтті сый


Кембілбекова Ақтолқын Рысбекқызы
Алматы қаласы
№163 мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі.
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Тәуелсіздік-тәңірден келген тәтті сый

Тарихтың сарғайған беттерінде «Құйын-86» деген атпен сақталып, көпшіліктің есіне түссе жүрегін сыздатар атышулы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына да табаны күректей 38 жыл өтіпті. Осы оқиғадан соң сөздікте  қазақтың жүрегіне ауыр тиетін «Желтоқсан құрбандары» деген сөз тіркесі қосылды. Жарты ғасырға жуық уақыт өтсе де, ел құрбан болған жастарды ұмытпайды. Сол кездегі жастар, қазіргі кезде ел ағасы болатын жасқа жеткен аға-апаларымыз бар. Осы күнге жете алмай, туыс-бауыр, достарының есінде мәңгі жас күйінде қалған қыршыннан қиылған жастарымыз қаншама?! Қанды қырғыннан кейін өзі тірі жүрсе де, денсаулығынан айрылған жандар да баршылық. Желтоқсанның аязды  күндерінде мұз бетіне шашылған жастарымыздың қанымен  Тәуелсіздігіміздің алғашқы парақтары жазыла бастап еді. Тәуелсіз елдің ұрпақтары Желтоқсан құрбандарын ешқашан ұмытпақ емес.

16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне 33 жыл тоуына орай №163 мектеп-лицейде «Тәуелсіздік-тәңірден келген тәтті сый’ тақырыбында іс-шара болып өтті. Іс-шараға Желтоқсан оқиғасының қатысушылары Егембердиева Алмагул, Елгезекқызы Маржан апайларымыз шақырылды. Іс -шарамыз сол бір сұрапыл  уақытты еске түсірер қойылыммен басталды. Қанды қырғынның  басталуына мұрындық болған Г.В.Колбиннің, жалаға жаны шыдамай жас өмірімен қош айтысқан Сәбираның рөлін сомдаған 10″А»- сынып оқушылары өз рөлдерін  нақышына келтіріп орындай алғандығы соншалық, көрерменнің көзіне жас үйірілді. Құрбандарымызды еске алуға 1 минут үнсіздік жариялаған соң, Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқап тұрған әрбір көрерменнің көзінен Тәуелсіз, бейбіт елде тұрып жатқанына мақтанып тұрған ұшқынды байқауға болады. Іс-шара мектеп-лицей директоры Индира Сатыбалдықызының алғысөзімен жалғасын тапты. Келген қонақтарымызды, мектеп-лицей шәкірттері мен әріптестерімізді құттықтап, болашағымыз жарқын болсын деген жылы лебізін білдірді. Іс-шараға қатысып,өз өнерлерімен ортаға шыққан мектеп-лицейіміздің жас өнерпаздарының  бірі Нас Демир әуелете ән шырқаса Берікқызы Айзере, Айару, Абдрахметова Әминалар  «Күй шашуы» биіне мың бұрала билеп көрерменнің көңілінен шықты. Іс-шарамыздың құрметті қонақтарына арнайылап сөз кезегі берілді.
     

Елгезекқызы Маржан: «сол бір еске алғысыз келмейтін күнде бәріміздің де алаңға шыққанымыз рас. Алаңдағы шашынан сүйрелген қыздар, қарулы ер-азаматтардың тепкісінде қалған жігіттереміздің көпшілігі қазір ортамызда жоқ. Соларды ойлаған сайын көзіме жас келеді Біздің талабымыз-елді «қазақ азаматы басқарса» деген ой ғана еді. Жастарды кері қайтара алмай, ұрып-соғудың кесірінен осындай қантөгіске ұласты»,-деп өткен шаққа көз жүгіртіп, бір сәт үнсіз қалды. Іс-шараның басында көрген қойылымының әсері, өз басынан өткенін оқушыларға айтып беруі- бәрі әсер етіп, жүрегін жылатқаны белгілі еді. Қонақтарымыз осылай бастарынан өткенін айта отырып, оқушыларға Тәуелсіздіктің қадірін біліп, Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтей білуге шақырды. Осы салтанатты іс-шара барысында мектеп-лицейдің 2 және 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан, Жас Қыран» ұйымына қабылданды. Жас өрендеріміз мойынға тағылған ту түстес галстуктеріне қарап, жүректеріне ерекше сезім құйылып, көрермендерге мақтанышпен қарап тұрды. Іс-шарамыздың соңы «Атамекен» әнін хормен шырқай отырып аяқталды.  Оқушыларымыз қонақтардың әңгімесін ден қоя тыңдап, көзімен көрмесе де Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін жүректерімен ұғынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*