Home » О нас » Сәндік-қолданбалы өнер негізінде еңбекке тәрбиелеу

Сәндік-қолданбалы өнер негізінде еңбекке тәрбиелеу

Таттибаева Гулжан Берликовна
Кәсіптік білім мамандығы бойынша педагогикалық  ғылымдар магистрі,
М.Х. Дулати атындағы Тараз  университетінің «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының  аға оқытушысы,Тараз қаласы., Қазақстан

 Жаманкулова Балнур Жамбылқызы
3 курс 6В01403- «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қаласы

Аңдатпа. Бұл мақалада сәндік-қолданбалы өнер негізінде еңбекке тәрбиелеудің мақсаты,ғалымдардың осы тақырыпта жазған ғылыми еңбектері, мектептегі «Көркем еңбек», «Еңбекке баулу» пәндерінде сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды бойларына сіңіру мәселелері   жайында пікірлер қарастырылған.

Тірек сөздер: Көркем еңбек, еңбекке баулу, ұлттық құндылықтар, қолөнер, оқыту, ҚМЖ.

КІРІСПЕ
Болашақ «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» мұғалімі ретінде қазіргі таңда 3-курс педагогикалық тәжірбиеден Тараз қаласы, Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясында өту барысында сәндік қолданбалы өнер негізінде жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеуде күнделікті ҚМЖ-ды дайындауда жан-жақты https://app.oqylyq.kz/ пен қатар тақырыпқа сай зерттеу зерделеу жұмыстарын жүргізудеміз.

Біздің қазақ халқының қолөнері халқымыз пайда болғаннан бері халықпен бірге дамып келе жатқан өнер.Қазақтың ұлттық қолөнерінің мағынасы өте үлкен. Әрі дүние жүзінде сирек кездесетін белгілі қолөнер деуге болады. Халқымыздың өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысы мен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық өнерді сүюге, құрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбекқор, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу, оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру басты міндетіміз.

Білім мен мәдениет саласындағы мемлекеттік заңдар мен ресми құжаттарда жас ұрпақтың имандылық-эстетикалық тәрбиесіне, олардың бойында туған еліне, халқына деген азаматтық сүйіспеншілік қасиеттерді тәрбиелеуге басты назар аударылған.

Жас ұрпақтың рухани-эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасының жарасымды қалыптасуына, көркемдік сезімталдығы мен талғам өрісінің дамуына әсерлі ықпал ететін эстетикалық тәрбие құралы өнер.

Жеке тұлғаның эстетикалық дамуына көркемөнердің ықпалды әсері туралы пайымдаулар, ерте дәуір ойшылдарының (Аристотель, Платон), өнердің саяси, адамгершілік тәрбиедегі сипатын айқындаған ағартушылардың (Вольтер, Дидро, Русс еңбектеріндегі және кейінгі дәуірлердің философиялық, эстетикалық тұжырымдарынан  бастау алады. Бала тәр биесіндегі өнердің мәні мен манызы Я.А. Коменский, И. Пестолиций Ж.Ж. Руссо, К.Д. Ушинский т.б.еңбектерінде көрнекі орын алады Эстетикалық тәрбие теориясының негізі А.В. Бакушинский, П.П. Блонский Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, С.Т Шацкий енбектерінде тұжырымдалған [1].

Қазақстан ойшылдарының көркем-өнерге көзқарасына тоқталар болсак, ерте кездің өзінде-ақ орта Азия мен Қазақстан ірі-өнер-білім ошақтарынын бірі болған. Ондағы халықтардың тарихи әлеуметтік-экономиқалық даму сатысынан өтудегі ерекшелігі сан салалы мәдени мұралары дәлел бола алады. Сыны кетсе де сыры кетпей сақталып келе жатқан әсем ғимараттар мен сарайлар, бекіністер, тас мүсіндер өткен ғасырда тағылымы мол шебер суретшілердің өмір сүргендігін дәлелдейді. Хорезмнен шыққан ұлы ғалым Әбу-Райхан Әл-Бирунидің жазбаларынан Орта Азияда  ең ежелгі мемлекеттердің бірі Хорезм үлкен ма дениет орталығы болған. Хорезм, Хиуа, Бұқара, Самарқанд, Отырар, Тараз,Түркістан, Баласағұн қалаларының мәдениеттің дамуы орта Азия халқының мәдени рухани байлығымен тығыз байланыстылығын айғақтайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Тоқырау кезеңінде мәдениеттің тұтастығы көп уақыт бойы тұрпайы үстірт түсіндірілді, алуан кезеңдер мен ұрпактар арасындағы сабақтастық үзілді. Тәуелсіздік алғаннан кейін біз тарихи санамыз-да күнгірттене бастаған рухани  игілігімізбен жылдар өтседе табысу үстіндеміз. Тани алмай кеткен мәдениетімізге,ұлттық  өнерімізге үңіле бастадык. Бұл халық өміріндегі рухани мәдениетті, салт-дәстүрді бағалау болып табылады.

Ашық аспан, туған өлке жайында тұнып тұрған шежіре сырды ашып керегіне жаратсаң арман бар ма? Байтақ даламызда шашырап жатқан ескерткіш саулет өнерінің тамаша үлгілері, белгілері, саналы әрекеттер үлгici.

Бұл қандай әрекет деп айтуға болады? Өнер. Еңбек. Әсемдік, сұлулық. Іскерлік,шеберлік,ынта-ықылас дейді.

Осы орайда ұлы ғұламалар ой-тұжырымдарына тоқталмай өте алмаймыз. Дүниежүзілік білім мен мәдениетті меңгерген ұлы ойшыл, данышпан галым, өнер зерттеушісі әл-Фараби есімі дүние жүзінде мәдениет пен ғылымның тарихынан берік орын алган. Ол «Адамның өсіп жетілуіне байланысты дағды мен әдетке елеулі көңіл бөлген. Қандай болсын әдіс-тәсіл тәрбиеден асқан имандылықты, ізетті талап етеді, сонда ғана шәкірттерден имандылықты, сыпайылықты, әділдікті талап етуге болады. Мұндай қасиеттер. ең алдымен ұстаздың өзінде болуы керек дейді. Жақсы мінез-құлық пен ақыл-ой парасаты адамның басты қасиеті іс-әрекет үстінде қалыптасады. Ғылым-білімді, әр алуан қолөнер кәсіптерінің дағдыларын игеруге, үлгілі адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына қажырлы еңбек, оқыту, тәрбие берумен қатар өзін-өзі тәрбиелеу, күшті ерік-жігер арқылы жетуге болады» деп ғылыми тұжырым жасайды.

Өнер түрлері сан алуан. Әр өнердің адам санасына, сезіміне, ой-өрісіне ықпал жасайтын, эстетикалық дамуына, көркемдік талғамының қалыптасуына үлкен мүмкіндік беретін, өзіндік мәнерлі бейнелік тілі,жасалу  құралдары бар. Соның ішінде, бейнелеу өнері арқылы көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру теориясы мен практикасы мәселелерін зерттеген H.A Дмитриева. ГД Лабунская, Б.М. Неменский, В.П. Юсов, т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

Ұлт мәдениеті мен өнері жане оның жеке тұлғаның рухани дамуына әсері туралы ой-пікірлердің қалыптасуына Ы. Алтынсарин. А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов. М. Жұмабаев, М. Әуезов, т.б. сынды халқымыздың ойшыл ағартушылары мен өнер қайраткерлерінің қосқан үлесі мол.

Жас жеткіншектерге ұлттық өнердің қыры мен сырын игерте отырып, олардың эстетикалық сезімталдығын, ой-қиялын, көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілетін шындау, балалардың өзі өмір сүретін ортасына сұлулық әкелуге деген құштарлығын, туған халқының көркем-мәдени мұрасына, эстетикалық дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік қатынастарын тәрбиелеуге зор мүмкіндік туғызды. Әр халықтың эстетикалық дүние-танымы, оның көркемдік және материалдық мәдениетін жасайтын, өзіне тән өнер түрлерімен ерекшеленетіні өмір шындығы. Қазақ халқының бар данышпандығын өз бойына жинақтаған сондай енердің бірі дәстүрлі сәндік қолданбалы өнер.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің табиғаты мен даму ерекшеліктерінен көптеген деректер берген К. Ақышев, Т. Басенов, М. Мұқанов, О. Жәнібеков, А. Сейдімбеков, т.б. еңбектерінде құнды да қызғылықты мағлұматтар қамтылған. Халық ауыз әдебиеті мен өнеріндегі әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер үлгілерін тәлім-тәрбиеде қолдану мәселелерін зерттеген Б. Адамбаев, Х. Досмуханбетов, С. Қаскабасов, С. Қалиев, Ө. Табылдиев, Қ. Сейсенбаев. Ы. Оршыбеков т.б. еңбектерінің мазмұны эстетикалық тарбие жүйесін заман талабына сәйкес қайта  жаңартуда маңызы зор [2].

Қазақ халкының сәндік-қолданбалы өнерін жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие жүйесінде пайдаланудың педагогикалық мәселелері, республика ғалымдары:

М. Балтабаев, С. Ұзакбаева, Қ. Ералин, Е. Асылханов, К. Әміргазин, Б. Әлмұханбетов. Д. Балкенов, К. Болатбаев, Ұ. Ибрагимов. О. Қасымов, О. Сатқанов, Ф.Н. Жұмабекова, Ш. Абдуалиева, Ә.О.Қамақ т.б. еңбектерінде зерттелген.

Халықтың дәстүрлі төл өнері арқылы жеткіншек ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруді калыптастыратын жолдардың бірі қазақ қолданбалы өнері. Халық мұрасындағы сәндік-қол данбалы өнер арқылы тәрбие беру жеке тұлғаның қоршаған орта әсемдігін сезіну, тану, қабылдау қасиеттерін калыптастыруды және рухани мәданиетін дамытуды көздейді.

Сәндік қолданбалы өнер деп, көркемдік сапаларға ие, өзінің әсемдігімен біздің көзімізді қуантатын болашакка пайдалы заттар жасауды айтады. Қолданбалы өнер халық шаруашылығымен тікелей байланысты. Енді осы қолөнер туындыларына тоқталатын болсақ, зергерлік өнердің орны ерекше.

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Көркем еңбек және еңбекке баулу пәндерінде сәндік-қолданбалы өнер бөлімінде халық шеберлерінің еңбектерімен шығармашылық туындыларын  жан-жақты қарастырып қызықтыра білуіміз міндетті.

Қазақ зергерлері, негізінен, түсті металдардан сан алуан әсемдік бұйымдар жасады. Әсіресе күмістен соғылатын көптеген сәндік бұйымдар. саукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өңіржиек, қолтықша, тұмарша, білезік, сақина, жүзік, белбеу, қапсырма ертеден-ақ кең тараған заттар. Сондай-ақ, ерлерге арналған кемер белбеу кісе, ер-тұрмандарының күмістелген, алтынданған әшекейлердің неше түрлісі өте әдемі жасалды. Жоғарыда аталған сәндік бұйымдар, негізінен, орыс немесе қытай күмісінен жасалды. Шетелдермен сауданың дамуына байланысты қазақ даласына жайылған Ресейдің күміс және алтын ақшасы, қытайдың қой тұяқ, тай тұяқ жамбылары, поляк күмісі шеберлердің қолына түсісімен, олардан сан түрлі сәндік бұйымдар жасаған.

Халық шеберлері сәндік күміс бұйымдарды жасауда көптеген зергерлік тәсілдерді қолдана білді. Соның ішінде ең көп тарағандары: отқа қыздырып соғу, балқытылған металды қалыпқа құю, кептеу, тыныкелеу, қаралау, темір бетіне күміс шабу, сымқаптау, сіркелеу т.б.

Қазақ зергерлері таза алтыннан білезік, сырға, сақина, жүзік соққан, сонымен қатар құю әдісімен де жасаған. Қазақстанның батысы мен оңтүстігіндегі күміс әшекейлердің бетіне алтын жалату, алтынмен булау немесе қақталған жұқа алтынмен көркемдеу жиірек кездеседі. Әр түрлі бұйымдарды көз салып әсемдеу үшін қолданатын асыл тастардың түрі көп [3].

Оның ішінде гауһар, лағыл, інжу, сутас сияқты аса бағалы тастармен қоса, ел ішінде кеңінен тараған асық, маржан меруерт, сыңғыр, түрлі түсті шынылар жиі қолданылады.

Әйелдерге арналған әшекейлердің бірі білезік. Оны қыз-келіншектер де орта жастағы әйелдер мен үлкендер де салады. Білезік көбіне күмістен кейде таза алтыннан да жасалады. Қазақстанның шығыс, оңтүстік шығыс аудандарына, негізінен, жұмырланып жане төрт қырланып соғылатын білезіктер тән болса солтүстік және орталық Қазақстанға жұқартыла соғылған жіңішке білезіктер Білезіктердің әрқайсысының айтарлықтай өзгешеліктері бар, асыл тастардан тұратын үзбелі білезіктер де кездеседі. Олардың негізі күмістен жасалады да, сырты алтындалып,әр үзбенің үстіне әр түрлі тастардан көздер орнатады. Мұндай білезіктерге жиі қолданылатын тастар ақық, перезе, ағат т.б. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жасалатын көлемді білезіктерге арнайы тағылатын шынжырлар ұшына 2-3 сақина жүзіктер ілінеді. Мұндай білезіктердің сыртына сіркелеу әдісімен, негізінен, геометриялық өрнектер жүргізіледі. Қазақ зергерлерінің өте көп жасайтын әшекейінің бірі айелдерге арналатын әр түрлі сақина мен жүзіктер. Сакинаны көбінесе күмістен кейде алтыннан жасайды. Өйткені оның сыртына шапқымен шеку бізбен безеу әдісімен орындалатын қарапайым ою-өрнектерден басқа ештене жүргізілмейді, кейде тіпті ешбір ою өрнексіз жасалатындары аз емес Ал жүзік жасау анағұрлым күрделі және оның сан алуан түрлері болады Жүзіктің үстіңгі бетіне әр түрлі асыл тастардан, түсті шынылардан немесе күмістің өзінен көз, балдақ, отау, құс тұмсық орнатылады [4].

Қазақ әйелдерінің сәндік бұйымының бір тамаша үлгісі-алқа Алқаның аса көркем әрі күрделі түрі Қазақстанның батыс және оңтүстік батыс өңірінде кездеседі. Оны өңіржиек деп те атайды. Бұл алқалар бір-біріне шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше тертбұрышты әшекейлерден кұрастырылады. Әр әшекейдің ортасы на жиектеріне асыл тастар орнатады.

Сәндік-қолданбалы өнер тек халықтық дәстүрлерге ғана байланысты емес, қазіргі өнер түрлерін де қамтиды Тұрмыс-салт бұйымдарын безендіру. бұл фарфордан, шыныдан, кыштан темірден жасалған ыдыс-аяқтар ағаштан, тастан, талшық материалдан матадан, жіптерден таңылған заттар. Мұндай бұйымдар айналаны, заттык құбылыстық кеңістік ортаны (үйлер балабакша, қоғамдық орындар т.б.) әсемдік, әшекейлеу үшін қолданылады [5].

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кезеңде жас ұрпақты ұлттық өнерге баулу жөніндегі күрделі міндеттерді орындау мектеп оқушыларының өздеріне де үлкен талаптар қоятыны табиғи жағдай. Еңбек тәрбиесі барлық тәрбиенің қайнар көзі. Өйткені бала алған білімін іс жүзінде қолдана біліп, оны өмірден. өзінің іс-әрекетімен, күнделікті тіршілік кызметімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын, жемісін береді. Еңбекке баулудың технологиялық талаптарына сәйкес жаңа бағдарламаның ерекшелігі сол, дәстүрлі оқытуға қарағанда, ол мұ ғалімдердің ойы мен іс-әрекетінің белсенділігіне еркіндік беріп, кең мүмкіндіктер туғызады.

Қазіргі еңбек пәні оқушыларға әр саладан жан-жақты білім беретіндіктен солардың қай-қайсысында да сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық максатына сай келетін тиімді тәсілдер табуға болады. Себебі жаңаша дамыта оқытудың артықшылығы бірден байқалады. Қалай болған күнде де оқушыларды қоғамға да, өзіне де пайдалы іспен шұғылдануға үйрету бүгінгі мектептің, оның ішінде еңбекке баулуға оқытудың бірінші кезектегі міндеті болуы тиіс. Еңбек сабақтарын өз дәрежесінде өткізу үшін халқымыздың педагогикасы мен ұлттық өнерін біріктіре оқытуды мұрат ету керек. Сондықтан еңбек сабағында дәстүрлі ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарының мағынасын ашып беруге көбірек көңіл бөлу керек. Себебі олардың мән-мағынасын түсінбей жастар орынды қолдана алмай, оның мағыналық мазмұнын бұзып алады және мәнін түсінбейді.

Еңбек жеке адамның өркендеуіне, санасы мен қайратының қалыптасуына әсер етеді. Еңбек адам баласын рухани байытып, оның өмірінің мол қазынасын жасайды.

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Жұмабекова Ф., Нұрғазиева Н. Әдістемелік басқару: Оқу құралы / Жұмабекова Ф., Нұрғазиева Н.С Астана: Фолиант, 2015. 168 б.

2.Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан.Қ.Б. Жарықбаев.С.Қалиев. Алматы :Кітап,1992.-196 б.

3.Шалғынбаева Қ.Қ. Қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі. Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. — Алматы, 2006 ж.

  1. Жиенбаева С.Н. Мектепалды және кіші мектеп жасындағы балалардын еңбек іс-әрекетіндегі тәжірибесін қалыптастырудың теориялық негіздері. Монография. — Алматы: Нұр-Принт, 2008. – 296 бет.
  2. Жұмабекова Ф.Н. Баланың көркемдік талғамын сәндік қолданбалы өнер негізінде қалыптастыру. Пед. ғыл. канд. дисс. Алматы, 1998. – 149 6.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*