Home » статьи » Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі

Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі

“Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі”»

Полковник Николай Таратунин – соғыс ардагері, екі мәрте Қызыл Жұлдыз орденінің, I дәрежелі Отан соғысы орденінің және «Құрмет» орденінің иегері. Зейнеттегі полковник.

Оның ұлы Александр Таратунин әкесінің өмірі жайлы үлкен ілтипатпен, қонақжайлықпен баяндады. Николай Таратунин 1923 жылы 28 сәуірде Ярославль облысындағы Печинки ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті сәтті аяқтаған. 1941 жылы оның екі ағасы мен әпкесі майданға аттанған, бірақ олар соғыстан оралмаған. Ал 1941 жылдың 24 қазанында қатарластары сияқты Николай да майданға шақырылып, Батыс, Сталинград және 2-Украина майдандарында фашист басқыншыларынан елді азат етіп, жанкештілікпен шайқасты. Николай Таратунин үш рет жараланған.

— Ол барлаушы болған, бірнеше рет жау тылына өткен, өте маңызды құжаттарды жеткізген, — дейді Александр Николаевич.

Александр Таратунин әкесінің фашистерден азық-түлік тиелген машинаны айдап әкетіп, қайтып келе жатқанда өз әскерлерінің оғы астында қалғанын, алайда керемет жағдайда аман қалғанын да айтып берді.

  1943 жылы барлаушы ауыр жараланып, аяқ-қолынан айырылды. Санитарлық пойызбен тылға әкетіп бара жатқанда жау ұшақтары атқылай  бастайды. Жаяу жүре алатындар пойыздан секіре бастағанда, Николай да әрең дегенде жерге жетіп құлайды. Дәл сол сәтте отқа оранған вагон аударылып, оны жаншып кете жаздайды. Николай қимылдай алмай жатқанда, вагон кенет тоқтап, бірнеше метр жерде тоқтайды. Тағы да тағдыр оған өмір сүруге мүмкіндік береді.

1944 жылы оны Алматы жаяу әскер әскери училищесіне оқуға жібереді. Кейін КГБ өкілдері келіп, барлау взводындағы қызметі мен жауынгерлік тәжірибесіне қызығушылық танытып, оны шекара училищесіне жібереді.

Оқудан кейін ол Лепсинск маңындағы шекара бекетінде қызмет етті, Александрдың анасы – сол өңірдің қызы – болашақ жарымен танысқан. Кейін Қытай, Иран, Түркия және Жапониямен шекарада қызметін жалғастырған.

1958 жылы денсаулығына байланысты Николай Таратунин зейнетке шығуға мәжбүр болды – бұрынғы жарақаттар өз әсерін тигізді. Мәскеуге көшуге мүмкіндігі бола тұра, ол барғысы келмеді, себебі ол жақта туыстарының көбі тұрса да, Алматыға – әскери училищеде оқып жүрген жылдары жүрегіне жақын болған қалаға – қайта оралды. Ол ипподромда жұмыс істеп, балаларға атқа мінуді үйретті.

Әкесі жайлы тың мәлімет берген Александр   тебірене айтып беріп, 102 жастағы Николай Таратуниннің медальдарын,альбомын көрсетті. Әр сурет пен медальдің тарихын  айтып, егжей-тегжей бөлісті. Еске алған сәттерінде тебіреніп  бір де күліп, бір де мұңайып әлі кеткен қарт қолымнан қысып батасын бергендей кейіп танытты. Өз кеудесін отқа тосып, артына өнеге қалдырған, болашақ ұрпаққа өмірі үлгі  болатын аталарымыз аман болсын.

№ 203 Жалпы білім беретін мектеп. Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай мектебімізде алуан түрлі іс- шаралар жоспарға сай өткізілуде.   Іс-шараның басы-қасында алғашқы әскери және технологиялық  дайындық пәнінің оқытушы – ұйымдастырушысы педагогика ғылымдарының магистрі,  запастағы майор Балтабаев Еркебұлан Жақсылықұлы сұрақ қойып, тілегін айтты. Дене шынықтыру пәні мұғалімі, волейбол жаттықтырушысы Калиев Саян Советович атамыздың ерлігіне тәнті болып, өзін қызықтыратын сұрақтар қойып,батасын алды.

2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты өңірлік іс-шаралар жоспарларын бекітілді.

Осы құжат негізінде жоспар құрылып, іс- шаралар жүргізілуде. Бұл іс- шаралар оқушы бойына  патриотттық, адамгершілік, мейірімді дарытады.

       Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу бойынша нақты өңірге байланыстыра отырып, нақты іс-шаралар көзделетін болады. Жоспарлар салтанатты іс-шараларды, ардагерлерді әлеуметтік қолдауды және іс-шараларды кеңінен ақпараттық сүйемелдеуді және мерекенің негізгі идеологияларын ілгерілетуді қамтиды.

28- де Николай Таратунин 102 жасқа толады. Мектеп оқушылары мен ата-аналар қарт барлаушыны құттықтап, Ерлікке тағзым жасап, үлгі өнеге алуды жоспарлап отыр, мектеп ұжымы да,қалыс қалмай іс-шараға ат салысуда.

№203 Жалпы білім беретін мектеп директорының
тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәні мұғалімі .
Құдайберген Майгүл Қуатқызы.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*