Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
Толқынбеков Мақсат Мырзабекович.
Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
эпидемиологиялық бақылау бөлімінің
бас маманы: Бахрам Ботакөз Мырзақабылқызы
Жіті ішек жұқпасының алдын алу
Жіті ішек инфекциясы— асқазан-ішек жолының бұзылуы, диарея (іш өту), интоксикация, ал кейбір жағдайларда сусыздану белгілері бар инфекциялық ауру.
Аурудың клиникалық белгілері: іш өту, құсу, іш ауруы, дене қызуының көтерілуі, жалпы әлсіздік. Аурудың жасырын кезеңі 7 күнді құрайды.
Жұқпа көзі — ауру адам немесе қоздырғышты тасымалдаушы. Айналасындағылар үшін — жеңіл, ауру белгісі жоқ формалары бар науқастар қауіпті. Ауру барлық жас аралығындағы адамдарда кездеседі, бірақ 1-7 жас аралығындағы балалар жиі ауырады. Жіті ішек инфекциялары жылдың кез келген мезгілінде туындауы мүмкін бірақ, сырқаттану жаз мезгілінде арта түседі. Ауру нәжіс арқылы, тамақ, су және ортақ тұрмыс бұйымдарын қолдану арқылы жұғады. Жіті ішек инфекциясының спецификалық профилактикасы жоқ.
Аурудың алдын алу шаралары:
-Жеке гигиена ережелерін сақтау , тамақ ішердің алдында және дәретханадан шыққаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
-Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;
Жеміс-жидектер мен көкөністерді пайдалану алдында жақсылап жуу;
-Тамаққа термиялық өңдеуден өткен өнімдерді пайдалану;
-Тез бұзылатын тағам өнімдерін салқын жерде сақтау, жарамдылық мерзімі өткен азық-түліктерді пайдаланбау;