Жіті ішек инфекциялары
Жіті ішек инфекциялары (бұдан әрі — ЖІИ) — әртүрлі бактериялар, вирустар немесе қарапайым паразиттер тудыратын және интоксикациямен, іштің ауыруымен, іштің өтуімен және құсумен жүретін асқазан-ішек жолдарының аурулары. Мұндай инфекцияларға: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, тырысқақ, иерсиниоз, тағамдық токсикалық инфекция және вирустық диарея (ротавирустық және норовирусты инфекциялар) жатады. Жаз мезгілінде ішек инфекцияларын жұқтыру қаупі жоғары болады. Жоғары температура ауру тудыратын бактериялар мен вирустардың тез көбеюіне ықпал етеді.
Жіті ішек инфекциясы бар науқастар құсу және нәжіс арқылы қоршаған ортаға көптеген қоздырғыштарды бөледі. Тұрмыстық заттарда, ыдыс-аяқтарда, балалар ойыншықтарында, сүлгілерде микроорганизмдар 5 — 7 күн бойы сақталады.
Жіті ішек инфекциясының негізгі белгілері: іштің су сияқты жиі өтуі, дене қызуының көтерілуі, балалардың емшектен бас тартуы, асқа тәбеттің болмауы, шөлдеу, құсу, бас ауруы, жалпы әлсіздік, мазасыздық, ауырсыну, іш ауруы.
Көкөністерді, жемістерді және басқа да тағамдарды жеткілікті түрде жумай тұтынудың көбеюіне байланысты аурушаңдық өсуде. Инфекцияның ластанған су қоймаларында суға түсу кезінде де берілуі мүмкін екенін ұмытпаған жөн.
Кез-келген жастағы адамдар жіті ішек инфекцияларымен ауырады, бірақ сырқаттану 6 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Бұл дененің қорғаныс қабілетінің жеткіліксіздігі және гигиеналық дағдылардың болмауымен байланысты.
2025 жылдың 5 айында Алматы қаласында жіті ішек инфекциясының 101 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 46 жағдай (45,5%). ЖІИ 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 4,30 құрайды. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7% — ға (көрсеткіш 4,71), оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1,5% — ға төмендеді.
Балалар өмірінің алғашқы екі жылында жиі ауырады, оларда жіті ішек инфекцияларының пайда болуының негізгі себебі — аналардың балаларды күту кезінде жеке бас гигиенасын сақтамауы, тағамдардың дайындау технологиясын бұза отырып, үйде дайындалған өнімдерді тұтынуы және тағамдардың, сондай-ақ жуылмаған көкөністер мен жемістердің сақтау ережелерінің бұзылуы.
Инфекцияның негізгі таралу жолы — тағам арқылы, оның үлес салмағы 81,1% (82 жағ.), жанасу — тұрмыстық жол арқылы — 18,8% (19 жағ.) құрады.
Сауалнамаға сәйкес, науқастардың басым бөлігі үй жағдайында сапасыз тағам өнімдерін тұтынған, олардың дайындау технологиясы мен сақтау шарттарын (құс өнімдері, ет және сүт өнімдері) бұзған, жеке бас гигиенасын сақтамаған.
ЖІИ жұқтыру негізгі факторлары жеке гигиенаны сақтамау, үйде дайындалған тағамдарды дайындау және сақтау технологиясын бұза отырып, жуылмаған көкөністер мен жемістер тұтыну болып табылады.
Ішек инфекцияларымен ауырмау үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет:
— дәретханаға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында және тамақ дайындау алдында қолды сабынмен үнемі және мұқият жуу. Бұл қолмен жанасу арқылы инфекцияның берілу қаупін азайтуға көмектеседі;
— тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды ішу. Белгісіз су көздерінен, әсіресе санитариялық жағдайы нашар аймақтарда ауыз су ішуден аулақ болу;
— тағамды дұрыс пісіру, оны мұқият термиялық өңдеуден өткізу. Шикі немесе шала пісірілген тағамды жемеу;
— бактериялардың көбеюіне жол бермеу үшін тағамды тоңазытқышта төмен температурада сақтау. Сақтау кезінде дайындалған және шикі тауар көршілестігін қадағалау. Пісірілген және шикі тағам үшін бөлек тақталар мен пышақтарды пайдаланыңыз. Тез бұзылатын өнімдердің жарамдылық мерзімін қадағалау;
— дайын тағамды үстелде 2 сағаттан артық қалдырмаңыз;
— ластанған су айдындарында шомылуға жол бермеу, жүзу кезінде ауызға суды жібермеу;
— кездейсоқ адамдардан немесе рұқсат етілмеген сауда орындарынан тағамдық өнімдерді сатып алудан бас тарту;
— азық-түлік өнімдерін тек ресми сауда орындарынан сатып алыңыз.
Қарапайым ережелерді сақтау-денсаулық пен саламаттылық сақтаудың сенімді әдісі.
Есте сақтаңыздар! Жедел ішек инфекциясының белгілері немесе симптомдары байқалғанда (нәжіс, құсу, дене қызуының көтерілуі, іштің ауыруы) дереу медициналық көмекке жүгіну керек және өзін-өзі емдеуге болмайды.
Спикер Қасымхан Алпысбайұлы
Острые кишечные инфекции
Острые кишечные инфекции (далее — ОКИ) — это заболевания желудочно-кишечного тракта, вызываемые различными бактериями, вирусами или простейшими паразитами, и которые сопровождаются интоксикацией, болями в животе, жидким стулом и рвотой. К таким инфекциям относятся: дизентерия, сальмонеллезы, брюшной тиф, холера, иерсиниозы, пищевые токсикоинфекции и вирусные диареи (ротавирусная и норовирусная инфекции). Летом риск заражения кишечными инфекциями значительно возрастает. Высокая температура способствует быстрому размножению бактерий и вирусов, вызывающих заболевание.
Больные с острыми кишечными инфекциями, вместе с рвотной массой и испражнениями в окружающую среду могут выделять множество болезнетворных микроорганизмов. Микроорганизмы могут сохраняться в предметах домашнего обихода, посуде, детских игрушках, полотенцах 5 — 7 дней.
Основные симптомы острых кишечных инфекций: частый стул, лихорадка, отказ от грудного вскармливания, отсутствие аппетита, жажда, рвота, головная боль, общая слабость, беспокойство, боль в области живота.
Заболеваемость увеличивается в связи с повышенным употреблением овощей, фруктов и других продуктов, которые иногда забывают или тщательно не моют. Не стоит забывать, что инфекция может передаться при купании в загрязненных водоемах.
Острыми кишечными инфекциями болеют люди всех возрастов, но чаще это дети до 6 лет. Это связано с недостаточной защитой организма и отсутствием гигиенических навыков.
За 5 месяцев 2025 года в г. Алматы зарегистрирован 101 случай ОКИ, в том числе среди детей до 14 лет — 46 (45,5%). Показатель заболеваемости ОКИ на 100 тысяч населения составил 4,30, в сравнении с аналогичным периодом 2024г. (4,71) отмечается снижение заболеваемости на 8,7%, в том числе среди детей до 14 лет на 1,5%.
Наиболее чаще болеют дети в первые два года жизни, основной причиной заболеваемости острыми кишечными инфекциями послужило несоблюдение личной гигиены матерями при уходе за детьми, употребление продуктов домашнего приготовления с нарушением технологии приготовления и правил хранения продуктов питания, а также немытых овощей и фруктов.
Основной путь передачи инфекции пищевой удельный вес составил 81,1% (82сл.), контактно — бытовой путь составил — 18,8% (19 сл.).
По опросу, большинство заболевших употребляли не качественные продукты домашнего приготовления связанное с несоблюдением технологии приготовления, условий хранения, а так же правил личной гигиены.
Чтобы не заразиться кишечными инфекциями, необходимо соблюдать простые правила:
— регулярное и тщательное мытье рук с мылом и водой после посещения туалета, до еды и приготовления пищи. Это поможет снизить риск передачи инфекции через контакт с руками;
— пить только бутилированную или кипяченную воду. Избегать употребление питьевой воды из неизвестных источников, особенно в регионах с низким уровнем санитарии;
— готовить пищу должным образом, подвергать тщательной термической обработке. Не употреблять сырую или недостаточно прожаренную пищу;
— хранить пищу при низких температурах в холодильнике, чтобы предотвратить размножение бактерий. При хранении соблюдать товарное соседство готовой и сырой пищи. Использовать отдельные доски и ножи для готовой и сырой пищи. Следить за сроком годности скоропортящихся продуктов;
— не оставляйте готовую пищу на столе более 2-х часов;
— избегать купания в загрязненных водоемах, в не установленных местах, при купании избегать попадания воды в рот;
— покупайте продукты только в официальных торговых точках.
Соблюдение несложных правил — надёжный способ сохранить здоровье и благополучие.
Помните! При появлении признаков, симптомов заболеваний острых кишечных инфекций (жидкий стул, рвота, повышение температуры, боли в животе) незамедлительно обратится за медицинской помощью и не заниматься самолечением.
Спикер Қасымхан Алпысбайұлы