Главное сегодня

«Мамандығым – мақтанышым» республикалық форумы

Сания Қаниқызы
Алматы қаласы  Жетісу ауданы
№169 бөбекжай — балабақша тәрбиешісі

«Мамандығым – мақтанышым» республикалық форумы

2025 жылдың 15 қазан күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен «Мамандығым – мақтанышым» атты педагогтердің республикалық форумы өтті.
     

Іс-шараның басты мақсаты – педагог мамандығының мәртебесін көтеру, тәжірибе алмасу мен үздік идеяларды насихаттау болды. Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұстаздар мен тәрбиешілер қатысып, өздерінің кәсіби жетістіктерін таныстырды.

Солардың ішінде Алматы қаласы, Жетісу ауданы №169 балабақшасының тәрбиешісі Қаниқызы Сания ерекше көзге түсіп, «Мамандығым – мақтанышым» атты подкасттың жеңімпазы атанды. Бұл жетістік – оның өз ісіне деген сүйіспеншілігі мен шығармашылық еңбегінің айғағы.


Әр адамның өмір жолында ең маңызды қадамдарының бірі – өз мамандығын дұрыс таңдау. Себебі мамандық – адамның болашағын айқындайтын, өмірінің мәнін айқасқан таңдауы. Мамандықты жүрек қалауымен таңдай білген адам ғана өз еңбегінен қуаныш пен шабыт таба алады.

Менің таңдаған мамандығым – тәрбиеші мамандығы. Бұл мамандық – үлкен жауапкершілік пен шексіз мейірімді талап ететін, қоғам үшін ең қажет әрі ең қадірлі салалардың бірі. Тәрбиеші – болашақтың иесі саналатын сәбилердің алғашқы ұстазы, олардың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына тікелей әсер ететін тұлға.

Балабақша – баланың өмірге алғашқы қадамы, ал тәрбиеші сол баланың ең сенімді жетекшісі. Әрбір баланың күлкісі, үйренген жаңа сөзі мен жетістігі – мен үшін үлкен қуаныш пен шабыт. Тәрбиеші болу – тек білім мен тәжірибені талап етпейді, ол – жүрек жылуын, сабыр мен сүйіспеншілікті қажет ететін ізгі мамандық.

Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын, өйткені менің еңбегімнің жемісі – ел ертеңі, жарқын болашақ иелері – балалар. Күн сайын олардың таза ниеті мен қуанышын көрген сайын өз ісімнің маңыздылығын сезінемін. Бұл мамандық мені рухани байытып, өмірге деген сүйіспеншілігімді арттыра түседі.

Осы жетістікке жетуде №169 балабақша ұжымының бірлігі мен ұйымшылдығының, сондай-ақ балабақша басшысы Алиева Бағила Құралбайқызының жетекшілігі мен қамқорлығының рөлі зор. Ұжым мүшелерінің өзара қолдауы, бір-біріне деген сенімі мен ынтымақтастығы шығармашылық идеялардың жүзеге асуына жол ашып келеді.

Басшының педагогтарға жасаған сенімі мен бағыт-бағдары, ұжым ішінде қалыптасқан жылы атмосфера мен кәсіби қолдау – мұндай табыстардың негізін қалауда ерекше маңызға ие.

Осындай қолдау мен сенімнің арқасында әр тәрбиеші өз ісіне шабытпен қарап, балалардың жарқын болашағы жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Мен өзімнің жетістігім үшін №169 балабақша ұжымына және басшы Алиева Бағила Құралбайқызына шын жүректен алғысымды білдіремін!

Ұжымның ауызбіршілігі мен мейірімді ортасы – біздің ең басты күшіміз. Алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге бірге жете береміз деп сенемін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *