Акниязова Гүлманат Маратқызы
Ақмола облысы, Целиноград ауданы,
Талапкер ауылы,
МКҚК «Әсем – Ай» бөбекжайының
педагогика және психология ғылымдарының магистрі
педагог- модератор
Гиперактивті немесе гипербелсенді баланы қалай анықтауға болады?
«Гиперактивтілік синдромын» невропатолог анықтайды. Диагнозға сәйкес түзету әрекеттерін бастаған жөн. Ата-аналардың, ересектер мен тәрбиешілердің түсінуінше – гиперактивтілік баланың шектен тыс белсенділігі, алайда іс жүзінде бұл ұқыпсыздық және албырттық екендігі дәлелденген.Егер диагноз қойылмаса, ал баланың бойында гиперактивтілік анық білінетін болса, педагогтар мен ата-аналар бақылау жүргізулері тиіс.
Іс жүзінде гиперактивті баланы анықтау критерийлері:
І. Қозғалыс кезіндегі белсенділік.
Растау: Иә, Жоқ.
1 Қимылдары сабырсыз (саусақтарымен тықылдатады, биік жерге шығып
кетеді, ерекше қимылдар жасайды)
2 Бір орында оның іші пысады.
3 Үнемі қозғалыста жүреді.
4 Көп сөйлейді.
5 Ерте жастан аз ұйықтайды.
ІІ. Белсенді назардың жетіспеушілігі.
Растау: Иә, Жоқ .
1 Іс-әрекеттері сәйкес емес.
2 Іс-әрекеттерді ұйымдастыруы қиын.
3 Іс-әрекеттері аяқталмайды.
4 Сөзді соңына дейін тыңдамайды.
5 Мінез құлқында тұрақтылық жоқ.
6 Берген тапсырманы орындауға белсенді кіріседі, бірақ аяғына дейін бітірмейді.
7 Заттарын жоғалтады.
8 Логикалық ойлауды қажет ететін тапсырмалардан қашқақтайды.
9 Бәрін жиі ұмыта береді.
ІІІ. Албырттық
Растау: Иә, Жоқ.
1 Өз әрекеттерін бақылай алмайды.
2 Ережелерге бағынғысы келмейді.
3 Қойылған сұраққа алдына ала жауап береді.
4 Сабақта, ойын кезінде кезектілікті күтпейді.
5 Сөйлеп тұрған адамдардың сөзіне араласады және тыңдамайды.
6 Зейінін жұмылдыра алмайды.
7 Марапаттауды кейінге қалдыруға мүмкіншілігі жоқ.
8 Мінез-құлқының вариативтілігі (бір сабақтарда сабырлы, басқаларында керісінше, мазасыз).
Гиперактивті балаға қалай көмектесуге болады?
Гиперактивті баланың ерекшеліктерін ескере, онымен жұмыс көлемін азайта және аздаған үзілістер жасай отырып, күннің бірінші жартысында жұмыс жүргізу керек. Жұмысты бастар алдында, жұмысты орындау ережелері және жақсы орындаған жұмысы ол міндетті түрде көтермеленетіні туралы алдын ала сұхбат жүргізген жөн. Бұндай балалар үшін – мақтау басты түрткі. Гиперактивті баланы ойынға тарту Ойынды (әсіресе көп қозғалысты) таңдауда, гиперактивті баланың: ережеге ұзақ бой үйрету, тез шаршау, нұсқауды соңына дейін тыңдай алмау сияқты жеке ерекшеліктерін ескеру қажет. Ойын кезінде олар өз кезегін ұзақ күте алмайды және басқалардын пікірімен санаспайды.
Гиперактивті баланың ата-аналарымен жұмыс.
Ата-аналар бойындағы қысылушылық сезімін азайту және балалар мен ата-аналар қарым-қатынасын жақсарту үшін балабақшада көп мәрте тексеруден өткен әдіс бар. Ол педагог пен ата-аналар арасында карточканың көмегімен хат алмасудан тұрады. Күн соңында педагог бала туралы ақпаратты алдын ала дайындалған картон қағаздан жасалған карточкаға жазады. Бұл ретте шартты талап міндетті түрде орындалуы тиіс: ақпарат тек жағымды түрде берілуі тиіс. Егер ата-аналар баланың тәрбиесіне педагогтармен тығыз байланысу арқылы қараса және педагогпен бір бағытта өзара әрекеттесетін болса, бала одан үлкендердің нені талап ететінін түсіне бастайды. Бұдан басқа, жұмыстың карточкамен алмасу сияқты осындай нысаны педагог пен ата-аналар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынасқа ықпал етеді.