Home » Новости » Шығармашылық әлем: үлкен өнердің кішкентай шеберлері

Шығармашылық әлем: үлкен өнердің кішкентай шеберлері

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №151 бөбекжай-балабақшасында «Шығармашылық әлем: үлкен өнердің кішкентай шеберлері» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинарда Бостандық ауданы білім бөлімінің басшысы Қасымбек Айгүл Жұмабекқызы, Бостандық ауданы мектепке дейінгі оқу бөлімінің бас маманы Шолпан Мұратқызы,
қалалық ресурс орталығынан Жанар Анварбековна және аудан балабақшаларының меңгерушілері мен тәрбиешілері қонақ болды. Сонымен қатар мектеппен ынтымақтастықты нығайту мақсатында №138 гимназияның директоры Медет Иманбекович та семинардың қадірлі қонақтарының бірі болды.

Балабақшаның іші қалдық заттардан, қағаздардан жасалған гүлдермен безендірілген. Мұнымен қоса балалардың туындылары құстар, көліктер, ертегі кейіпкерлері, үйге қажетті бұйымдар шағын көрме ретінде қойылған.
Семинар шымылдығы бүлдіршіндерден құралған оркестрдің әсем әнімен ашылды.

Семинар барысында балабақшадағы әрбір топ тәрбиешілері әртүрлі бағытта тәрбиеленушілерімен бірге жасаған шығармашылық жұмыстарын көрсетті.
Тәрбиешілер Кулмагамбетова Л.Б мен Батырбаева С.С мектеп алды “Радуга” тобының тәрбиеленушілерімен -“Қағаз дайындау технологиясын”, тәрбиеші Алибаева Г.М ересек “Солнышко” тобының тәрбиеленушілерімен — “Қырқу” технологиясын,
тәрбиеші Ибрагимова А.И мектеп алды “Радуга” тобының тәрбиеленушілерімен — “Квиллинг” және “Әйнекке сурет салу” технологиясын, тәрбиеші Жолдиева К.Т ересек “Күншуақ” тобының тәрбиеленушілерімен — “Жүнмен жұмыс” көрсетті. Тәрбиеленушілерге жасаған жұмыстарын қонақтарға көрсетті. Балаларға шығармашылық жұмыстардың қызық екені көрініп-ақ тұр.
Сондай-ақ іс-шарада тәрбиеленушілер ән айтып, би биледі.

   

Бұл шараға ерекше үлес қосқан балабақшаның меңгеруші — Байбосынова Акмарал Алимтаевна,
Әдіскер: Ибрагимова Айшахан Идрисовна және барлық балабақша ұжымын атамай кету мүмкін емес. Келген қонақтардың алған әсері мен ортақ тәжірибеден түйген ойлары, ұжымға берген оң бағасы атқарылған еңбектің жемісі.

Жаңа заман баласы –­ ер­­теңгі еліміздің бола­ша­ғы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамы­ту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағ­дай жасап отырған
№151 бөбекжай-балабақша ұжымына толағай табыстар тілейміз.

BILIM AINASY
Алматы қаласы
Ақерке Аманқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*