Home » Новости » Бала тәрбиесіндегі отбасы институты рөлін нығайту

Бала тәрбиесіндегі отбасы институты рөлін нығайту

Біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен бересін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

Дәл осы Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №140 бөбекжай-балабақшасында “Әкелер шеберханасы” тақырыбында әкелермен және
“Мен-анамын ұрпағын әлдилеген” тақырыбында аналармен жарыс өткізілді.

«Ата кәсіп — берекенің бастауы» атты әкенің ұл баламен бос уақытын дұрыс өткізу бойынша отбасылық дәстүрді насихаттап, тоғызқұмалақ ойыны,
қол еңбегі – қолөнер, сандық жасау, балғамен шеге қағу, робот құрастыру, шахмат ойынын тамашалаған әкелер және келген қонақтар
әке мен баланың үйлесімді жұмыстарына сүйсінді.

Сонымен қатар, “Мен-анамын ұрпағын әлдилеген” тақырыбында аналарымыздың арасында сайыс өтті.
Бұл сайыс бала бойында әлемдегі асыл ананы сыйлауға, адамгершілік сезімін ұялатуға, әсемдікті сүюге бағытталған. Аналарымыз тамылжытып ән салды. Таңдайдан дәмі кетпес дәмді ас дайындады.

Ұлттық құндылықтар ұлықталып, құрақ көрпе жасады. Бүлдіршіндерге шаш өрімінің түрлері туралы түсіндірілді. Аналарымызды Әділқазы алқалары сайыстың кезеңдері бойынша саралап «Өнерлі ана», «Шебер ана», «Зерделі ана», «Парасатты ана» номинацияларымен марапаттады.

Әкелерімізге мақтау қағаздары мен естелікке сыйлықтар табысталды.
Бала тәрбиесіндегі отбасы институты рөлін нығайту мақсатында «Ата-аналар мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі» жобалары жаңа мазмұнда жалғасын таба бермек.

Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбие және біліммен қам­ту жолында еңбектеріңіз елене берсін.

BILIM AINASY
Алматы қаласы
Ақерке Аманқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*