Home » статьи » Балабақшада баланың тілін дамытудың маңыздылығы

Балабақшада баланың тілін дамытудың маңыздылығы


Абдраимова Ултуар Мухтаровна

Алматы қаласы, Турксіб ауданы
КМҚК “187 бөбекжай-балабақшасы”
тәрбиеші

Балабақшада баланың тілін дамытудың маңыздылығы

Әр бала балабақшаның табалдырығын аттаған сәттен сәлем беріп, тәрбиешіге өз қал-жағдайын әңгімелеуден бастайды. Бұл процесс күнбе-күн қайталанып, күн сайын баланың сөздік қоры молайа түседі. Сөйлем құрап, өз ойларын жеткізе білуге машықтанады.

Ал келесі міндет, әрине тәрбиешілерге жүктеледі. Яғни олар балалардың өз ойын еркін жеткізуге, сөздерді бір-бірімен байланыстырып, қарапайым сөйлем құрастыруға, олардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамытуға барынша атсалысады. Осылайша балалар өздігінен кез-келген шығарманың мазмұнын айтып, тіпті диалогті шығармалардағы адамдардың сөздерін бірте-бірте мәнерлі жеткізуге тырысады.

Балабақшадағы бала тілін дамытуда қолданылатын ең алғашқы көмек немесе құрал, ол ойын және ойыншық. Олар ойыншықтарды пайдалана отырып, түрлі әңгімелер құрастырады. Ойыншықтармен ойнау барысында, өз бетінше түрлі сюжеттік-рөлдік ойындарды ойнап, бір-бірімен диалогқа түсіп, сөздік қорлары молайа береді. Бұл жастағы балалардың есте сақтау қабілеттері жоғары болғандықтан, әр айтылған жаңа сөз сөздік қорды байыта түседі.

Балалардың ой-өрісін, тіл байлығын адан әрі дамытатын, әрине, ертегілерді немесе түрлі шығармаларды рөлдерге бөліп, театр құралдары негізінде сахналау. Әр тыңдалған ертегі, оның үстіне қимылмен көрсету арқылы сомдалған шығарма олардың жадында тез сақталады. Бүлдіршіндерді тәрбиелеуде көркем әдебиеттің рөлі ерекше. Жоғарыда айтылып өткен ертегі, әңгімелер, оларға қоса мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, шағын өлеңдер баланың сөздік қорын дамытып қана қоймай, балалардың ақыл-ойының жетілуіне септігін тигізеді. Ал мектепке дейінгі сәбилерді әдебиеттің мұндай жанрларымен сусындату тәрбиешінің міндеті. Өз жастарына сай шығармаларды тыңдап өскен бала, ондағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, батырлыққа, ерлікке құлшына түседі. Сөйтіп, бала бойында патриоттық сезімдер қалыптаса бастайды.

Осындай іспетті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде педагог әр баланың қабылдау деңгейін, сөйлеу шеберлігін зерттей отырып, дұрыс дыбыстау жағына да мән береді. Дыбыстау жағына орайластырып, әр ұйымдастырылған оқу қызметінде әр түрлі жаттығулар, сан түрлі қажетті жұмыстар атқарылады.

Ертегі, әңгімені, өлең – тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай – ақ мақал – мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар сәбидің ақыл – ойының жетілуіне әсерін тигізеді.Баланың әдепті, көргенді болып өсуіне ықпалы өлшеусіз, баланың Отаның, өз ұлтын, өз жерін сүюі, оны қадірлей білуі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің әсері деп білеміз.Өйткені, бала кітаптағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, ер атанғысы келіп, еркелікке, еңбекке құлшынып өседі.

Балабақшада балалардың жас ерекшелігіне лайықты көркем әдебиет шығармаларын, оқыған шығарма мазмұның әңгімелеп айтқызу, суретке қарап әңгімелеу, ертегілер оқып беру, мақал – мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар үйрету сияқты жұмыстары арқылы бала тілін дамытуға болады.

Мектепке дейінгі тәрбие жұмысы жүйелі жүргізуді талап етеді.
Педагог-тәрбиеші барлық балалардың ата-анасымен кеңесіп, бірлікте қызмет етсе, балалардың тілін дамытудың мүмкіндігі артады. Сонда табиғи тілдік орта (отбасы) мен жасанды тілдік орта (балабақша) бір бағытта жұмыс істейді. Мыналарды ескерген жөн: – отбасы мүшелері балаға дұрыс сөйлеу, өздері дұрыс сөйлеулері керек. Өйткені үлкендер қате сөйлесе бала оны қайталайды. Сондықтан сақ болу керек;
– бала қате айтқанды, оны үйдегі үлкендер түзеп отырады; – баланың ата-анасы балаға ертегілер оқып, әңгімелер айтады, тақпақтар жаттатып, тілін сындырып отырады.
Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді өздерінің бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу педагогтардың алдындағы міндеті.

Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін.Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт – бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын.Баланы өз баламыздай жақсы көріп, білгенімізді олардың санасына құю, жеткізу тәрбиешінің алға қойған мақсаты. Сол мақсатқа жету үшін талмай, қажымай еңбек етуге міндетіміз.

Қорыта келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні балабақшаның баланың өз тілінде анық сөйлеп, өз ойын жете жеткізуде алатын орны ерекше екені айдан анық. Ал балабақшада қазіргі заманға сай білім нәрімен сусындата отырып, әр баланың тілінің дамуына ерекше мән беріп, яғни шығармашылық қабілеттерін оятып, сөздік қорын молайтып, үлкен жұмыс атқару, ол тәрбиешінің тікелей міндеті. Өз мамандығын сүйіп келген, әр баланы өз баласындай көретін педагог бұл міндетті аса жоғары жауапкершілікпен атқаратыны сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*