Home » Новости » Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға нейропсихологиялық тенденциялар

Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға нейропсихологиялық тенденциялар

Алматы қаласы Білім басқармасы Әуезов ауданы КМҚК “№190 бөбекжай-балабақшасында” құзіреттілік орталықтар іс-тәжірибе алмасу аясында
«Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға нейропсихологиялық тенденциялар» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинарға Әуезов аудандық білім бөлімінің басшысы — Саттарова Г.Р, Әуезов ауданы білім бөлімінің әдіскері — Ногайсарина Г.Ж және мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтары мен логопедтері қатысты.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде балалардың когнитивті және эмоционалды дамуын терең зерттеу маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Бұл іс-шара ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудың заманауи әдістерін қарастырып, педагогтер мен мамандардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Семинардың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық және неврологиялық даму ерекшеліктерін талдау, олардың танымдық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған тиімді әдістерді ұсыну. Сонымен қатар, мамандар нейропсихологиялық зерттеулердің мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру үдерісіне ықпалын қарастырып, балалармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын ортаға салды.
Логопедтер мен педагог-психологтар баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы, зейіні, есте сақтау қабілеті мен сөйлеу дағдылары сияқты маңызды аспектілеріне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Мамандар мектепке дейінгі мекемелерде нейропсихологиялық түзету әдістерін қолдану арқылы балалардың ақыл-ой дамуын жақсартуға болатынын айтты.

    

Семинар барысында қатысушыларға балалардың когнитивті және эмоционалды дамуын зерттеуге бағытталған арнайы тесттер мен әдістемелер ұсынылды. Педагог-психологтар мен логопедтер нақты практикалық жаттығулар көрсетіп, балалардың сөйлеу және ойлау дағдыларын дамытуға арналған ойын элементтерін пайдаланды.
Шеберлік сағатында мамандар балалардың логикалық ойлауын, кеңістікті қабылдауын және моторикасын дамытуға бағытталған нейропсихологиялық жаттығуларды көрсетті. Сондай-ақ, даму ерекшеліктері бар балаларға арналған арнайы әдістемелік құралдар мен ойындар таныстырылды.
Семинар соңында қатысушылар мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың психологиялық және сөйлеу дамуын бақылаудың жүйелі тәсілін енгізу қажеттігін атап өтті. Педагогтер мен мамандар нейропсихологиялық әдістерді қолданудың тиімділігін мойындап, мектепке дейінгі мекемелерде логопедтік және психологиялық қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады.
Бұл семинар балалардың психологиялық дамуын тереңірек түсінуге, заманауи нейропсихологиялық әдістерді тәжірибеге енгізуге және мектепке дейінгі білім беруді жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететін маңызды қадам болды. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, педагогтер мен мамандардың кәсіби дамуына үлес қоса бермек.


Семинардың жоғары деңгейде өтуіне №190 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Айман Русланқызының қосқан үлесі айрықша. Оның кәсіби шеберлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті іс-шараның сәтті өтуіне негіз болды. Айман Русланқызының басшылығымен ұжым бірлесе жұмыс істеп, семинардың мазмұнды әрі тиімді өтуін қамтамасыз етті. Мұндай білікті басшының жетекшілігімен балабақша ұжымы алдағы уақытта да табысты жұмыстар атқаратынына сенім мол.

Сондай-ақ семинар барысында әдіскер Нұрмағамбетова Жарқынай Қайназарқызының еңбегі ерекше көрінді. Оның қабілеті мен кәсіби біліктілігі іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті. Оның шеберлігі мен жан-жақты дайындығы семинардың мазмұнын тереңдетіп, педагогтердің білімін жетілдіруге септігін тигізді. Осындай білікті мамандардың еңбегі мектепке дейінгі білім беруді жаңа деңгейге көтеруге көмектесері сөзсіз.

Балабақша психологі Кеңес Жансая Ержанқызы мен логопед Түлеу Нұржайна Серікбайқызы өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар ұсынылған әдістердің тиімділігіне көз жеткізіп, мамандардың кәсіби біліктілігін жоғары бағалады.

Семинар соңында №190 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Айман Русланқызы қорытынды сөз сөйлеп, шараға белсенді қатысқан педагог-психологтар мен логопедтерге алғыс білдірді. Ол нейропсихологиялық тәсілдердің мектепке дейінгі білім берудегі маңыздылығын ерекше атап өтіп, мұндай семинарлардың мамандар тәжірибесін арттыруға және балалардың дамуын тиімді бағыттауға ықпал ететінін айтты. Сонымен қатар, меңгеруші мектепке дейінгі ұйымдарда нейропсихологиялық әдістерді кеңінен қолдану қажеттігі туралы ой қозғап, бала дамуының әр кезеңіне бейімделген инновациялық әдістерді енгізудің маңызды екенін атап өтті. Семинар кәсіби пікір алмасу алаңына айналып, қатысушыларға жаңа білім мен тәжірибе жинақтауға үлкен мүмкіндік бергені айтылды.

Балабақшаларымыз жайлы, балаларымыз бақытты болсын.

BILIM AINASY
Алматы қаласы
Ақерке Амангелдіқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*