Айдахметова Анар Согысбековна
Ересек «Құлыншақ» тобы, тәрбиеші
25 қазан Алматы қаласы, Бостандық ауданы КМҚЖ №72 бөбекжай-балабақшасында «Отаным менің Қазақстан” тақырыбында іс-шара өтті.
Мақсаты: ұлттық мереке 25-қазан
Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру, жас ұрпакты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-куатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген суйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту көзделді.
Ең алдымен тәрбиеленушілер мен қатысушы қонақтар қолдарын жүректеріне қойып еліміздің әнұранын шырқаудан бастады. Құлыншақ тобының тәрбиеленушілері карточкаларды таңдап, ондағы сандардың таңбасына қарап екі топқа бөлінді. 1- кезең сұрақ-жауап кезеңі болды. Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер? Елімізде қандай көп ұлттар тұрады? деген сұрақтарға бүлдіршіндер жауап берді. 2-кезең мақал-мәтел сайысы болды. Тәрбиеленушілер мақал-мәтелдерді жарыса айтып шықты. Кейін ұлдарды ортаға шығарып, қазақтың ұлттық ойыны “Асық ату” ойнаттық. Ұлдарымыз сен тұр мен атайын деп қуана ойнады. 3-кезең «Республика” күніне арнап топ болып, плакатка сурет салу болды. Бүлдіршіндер еліміздің рәміздерін салып, бақытты балаларды, отбасын салып, ортаға шығып, өз жұмыстарын қорғады. Іс-шараның соңында “Құлыншақ” тобы би билеп, Қабыл Қазтуған Саятұлы ән шырқап аяқтады.
Балалар! Біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасы.Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз деп мен іс-шараны қорытындыладым.
Бұл іс-шара арқылы тәрбиеленушілерге «Республика” күні туралы түсіндіре алдым деп ойлаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.