2024 жылы мақұлданған наурызнама түжырымдамасына сәйкес Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында биыл Наурыз мерекесі мемлекет басшысының жаңартылған форматта-Наурызнама онкүндігі аясында өткізіледі.
Осыған орай, 16 наурыз-Шаңырақ күні мерекесін Наурызбай ауданы «Отбасын қолдау» орталығы ұжымында атап өтті. Бүл күн сұйіспешілікпен мейірімділікке толы сондықтан да отбасы болып бір шаңырақ астында -мерекелі де берекелі дастархан басында бас қосуда. Бүгінгі мейрамда ата-ана да, немересін емірене еркелеткен ақ әже де бар. Олар бір шаңырақ астында ынтымағы жарасқан отбасы құндылығын сақтаған қазақ отбасының негізгі үлгісін көрсетті.
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген ұғымды да бүгінгі әдемі көріністен көруге болады. Көрсетілген көріністегі отбасын сәні мен салтанаты жарасып, тату тәтті ғұмыр кешіп жатқан нағыз қазақы отбасы осы дерсің.
Сонымен қатар, ақ жаулықты ана ақ батасын беріп, мерекенің жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтілуін тіледі. Бүгінгі мерекеде қолөнер шеберелерінің ұшқыр қиялдарынан туындаған көрмелері көпшілік назарына үсынылды. Сонымен қатар, ән де шырқалды. Ақ әжелеріміз әдемі естелік әңгімелер айтып берді. Жастар тарапынан қойылған отбасы құндылығы деген не? татулуқпен ынтымақты қалай сақтаймыз? бала тәрбиесі деген не? деген сұрақтарға жауап берді.
Жұлдыз Смаилова
«BILIM AINASY»
журналист
Алматы қаласы