Home » статьи »  Балабақшадағы ұлттық тәрбие

 Балабақшадағы ұлттық тәрбие

 
Абенова
Гульмира Сартаевна
№46 «Самал» санаториялық
балабақшасының меңгерушісі

    Балабақшадағы ұлттық тәрбие

Ойын баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Балабақша балалары болашак иесі болғандықтан дүние жүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойына саналы сіңіруі, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез, құлкын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесіне тәрбиелеу және білім беру үрдісі әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылык, мейірімділік, жанашырлык, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, табиғатпен таныстыру,  өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердін енбегіне қызығу мен сыйластык сиякты адамгершілікrt қалыптастырылады.ХХІ-ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі танда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан- жакты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса манызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні — мектепке дейінгі тәрбие ошағы да беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене мүшелерінің дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде  қалыптасады.Ұлттық ойындар қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтырудың бір түрі.  Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі-түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бала денсаулығын жақсартуда пайдасы аса күшті екені белгілі. Ұлттық ойындар — ата-бабаларымыздан бізге келе жатқан байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.В. А. Сухомлинскидің сөзімен айтқанда: Ойынсыз ақыл-ойдың қаншалықты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарык терезе іспетті, ол арқылы баланын рухани сезімі жастық шақ өмірімен ұштасып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады.Ойын дегеніміз — ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздай жанған оты. Міне, ойын дегеніміз нысын кен алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат беретін осындай ғажап нәрсе ақыл- ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*