Home » статьи » Жас аналар мектебі

Жас аналар мектебі

2025 жылы 02 сәуір күні «Жас аналар мектебі» тақырыбында: Алматы қаласы Білім басқармасының «№17 бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында қалалық семинар өтті. Семинарда жас аналармен ұйымдастырылған іс-шаралар барысынан балабақша тәрбиешілері:Алтаева Арайлым Шалмырзаевна, Алтаева Ляззат Болатовна, Бектемисова Жазира Кажмуратовна, Бокбаева Назгул Турсынкажиновна, Муханова Гаухар Калдибаевна,  Турысбекова Жадыра Маратовна шебер сыныптар көрсетті.  Музыка жетекшісі Бақтиярова Сандуғаш Бүркітқызының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі педагогтардан құралған музыкалық оркестр ұйымдастырылды.

Семинарда Жетісу ауданының КМҚК «№101 бөбекжай-балабақшасы» қазақ тілі маманы Мананова Альфия мен КМҚК «№162 бөбекжай-балабақшасы» психолог маманы: Бауыржан Ақбота, логопед маманы: Бейсембек Айдана  және тәрбиешісі Чубанова Ардақ «Жас аналар мектебі» жобаясы аясында жас аналармен ұйымдастырылған іс-шараларымен, аналарға берген кәсіби кеңестерімен бөлісті.

Семинарға Алматы қаласының 8 ауданынан 1- тәрбиеші және 1- қазақ тілі мұғалімдері, барлығы 19- педагог қатысты.

Іс-шараның мақсаты:

1)Балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту процесіне ата аналарды тарту:

2) ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;

3) ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның қызметіне тарта отырып балабақшадағы алған  білімдерін, үйде аналарымен бірге орындау арқылы баланың денсаулығын,  танымдық-зияткерлік дағдысын, шығармашылық дағдысын дамыту, эстетикалық талғамын, қалыптастыру .

Іс-шараға Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталық басшысы Карасева Н.В мен қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталық әдіскері Сатыбалдиева Ж.Б қатысты.
     

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінде (ҚРҮ 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 қаулысымен бекітілген): «балаларды ерте жастан дамытуда ұлттық құндылықтарды заманауи теорияларымен үйлестіру, ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру, отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейту» қажеттілігі нақты айтылған [1]. Жаңа нормативтік-мазмұндық тәсілдерді іске асыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың алдына ашықтықты, ата-аналармен тығыз ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды көздейтін нысаналы бағдарлар қойылады. Білім беру жүйесінің алдына қойылған міндеттер оқутәрбиелеу процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту процесіне атааналарды тарту мәселесі мынадай бағыттарда шешіледі: 1) ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру; 2) ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның қызметіне тарту. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің алдына балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жауапкершілікті іске асыруда ата-аналарға көмек көрсету жолымен оларды педагогикалық процеске белсенді қатысушылар ретінде тарту мақсаты қойылған. Aталған мақсатқа қол жеткізу үшін: — әр тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнату; — балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру; — өзара түсіністік атмосферасын құру, мүдделердің ортақтығын, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілері мен педагогтері, ата-аналар арасында қарым-қатынасқа деген оң көзқарас пен тілектестікті қолдау; — балалардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен сындарлы ынтымақтастықта қарым-қатынас орнату үшін педагогтерді даярлау көзделеді[1].

Заңнаманың талаптары және қоғамдағы өзгерістер отбасымен жұмысты жаңаша құруға мүмкіндік береді, ол баланы тәрбиелеу мен дамытуда отбасының маңызы зор екенін білдіреді. Бұл процестің жүзеге асырылуына ата-аналар жауапты, ал мектепке дейінгі ұйым мамандары отбасының балаларды тәрбиелеудегі әрекетіне көмектесуге, қолдау көрсетуге, бағыт беруге міндетті. Жаңа талаптарды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен жүргізілетін жұмыс жүйесін қайта қарастыруы қажет. Бұл жұмысты 4 «ынтымақтастық» және «өзара әрекет» түрінде жаңа қатынастар негізінде құруға болады. Ынтымақтастық «тең» қарым-қатынасты білдіреді, мұнда ешкімге көрсету, бақылау, бағалау артықшылығы берілмейді. Өзара әрекет — қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылатын бірлескен әрекетті ұйымдастыру тәсілі. Жаңа тәсілдер өзара әрекет пен ынтымақтастықтың жаңа нысандарын талап етеді. Осындай нысандардың бірі-мектепке дейінгі ұйымдар жанында «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» жұмыстарын ұйымдастыру. Оның ерекшелігі-барлық білім беру субъектілерінің (балалар, ата-аналар (заңды өкілдер), педагогтер мен БДҰ мамандарының) белсенді қатысуы. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен тығыз байланыс орната отырып, тәрбиелеу мен оқытуды ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарға негіздеп, балаға жайлы жағдайлар жасауы қажет. Бұл баланың бойында қажетті дағдылардың қалыптасуына, олардың дербес әрекет етуіне, еркіндікті сезінуіне ықпал етеді. Мектепке дейінгі ұйымның мамандары ата-аналарға баланы тәрбиелеу мәселелері бойынша бағыт-бағдар беруі қажет. «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебінің» қызметі балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, оларды мәдени — әлеуметтік нормаларға баулуға, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күшжігерін біріктіруге бағытталуы қажет.

Алматы қаласы 
«№17 бөбекжай-балабақшасы»
әдіскер
Муханова Гаухар Калдибаевна

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*