Наурыз-қасиетті де қадірлі мейрам. Бұл мереке жыл сайын кең көлемде аталып өтеді. Наурыз– жаңа жылдың, жаңа өмірдің, табиғаттың жаңаруын білдіреді. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын деп тілек білдіріп жатады.
Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлы мерекені бақшада атап өтудегі басты мақсат — салт-дәстүрді бұлдіршіндердің санасына сіңіру. Осындай игі шара Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Жетісу ауданындағы №97 бөбекжай-балабақшасында өткізілді. Балабақша басшысы Салменова Кулайхан Абибуллақызы мерекеге келген барша ана-аналарды және балаларды Наурыз мерекесімен құттықтап,өзінің жылы лебізін білдірді. Балабақша ұлттық нақышта безендірілді. Бұл дәстүрлі шараға тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер және ата-аналар белсенді қатысып, ұлттық дәстүрлерді ұлықтауға өз үлестерін қосты.
Балабақшамыздың кішкентай бүлдіршіндері керемет ұлттық киімдерді киіп, «Көкпар», «Қамажай», «Бипыл», «Батырлар» билерін билеп, ән салып, ұлттық ойындардан «Қыз қуу», «Теңге алу» өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар бақшамыздың ата-аналары «Тұсау кесу» салт дәстүрді көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді. Мерекеге келген ата-аналар дән риза болып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты. Мереке соңында қонақтар арнайы дайындалған наурыз көжеден дәм татып, баталарын берді.
№97 бөбекжай-балабақшасында өткен Наурыз мерекесі балалар үшін қызықты болды. Балабақша ұжымының ұйымдастыруымен өткізілген бұл мереке ұлттық мәдениеттің ұлықталуына, балалардың салт-дәстүрлерді етене түсінуіне ықпал етті. Осындай шаралар өскелең ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, ұлттық тәрбие беруде үлкен рөл атқарады.
Сатыбалдиева Сандуғаш
Алматы қаласы Жетісу ауданындағы
№97 бөбекжай-балабақшасы
тәрбиеші