Home » статьи » География сабағында қолданылатын белсенді және тиімді әдістер

География сабағында қолданылатын белсенді және тиімді әдістер


Тугалова Бахригул Икрамжановна
С.Сейфуллин атындағы N°52
ЖББМ қосымша білім беру педагогы
география пәні қосымша білім беру педагогы

География сабағында қолданылатын белсенді және тиімді әдістер

Белсенді оқыту дегеніміз, оқушының мұғалімді тыңдап қана қоймай, оқу-үйрену процесіне көбірек қатысуын талап ететін жол. Белсенді оқытудың басты белгілері – баланың танымдық белсенділігі деңгейінің қарқынды жоғарылау, тұрақты дамуы.
Оқытудың белсенді формалары мен әдістері оқушылардың оқу материалын игеру кезеңдеріндегі іс-әрекеттерін ынталандырады және оқу процесін талқылау, жоспарлау, бағалау, сондай-ақ, топтық жұмыстарға белсене араласудан құралады.
Географияны оқыту тәжірибесінеде сабақ, дәріс, практикум, экскурсия, конференция, қосымша факультативтік сабақтар арқылы оқыту түрлері және келесі тәсілдер кеңінен қолданылады: әңгімелесу, сұхбат, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, эксперимент, экрандық оқу құралдарын пайдалану, тәжірибелік жұмыс, жоба, зерттеу жұмыстары.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
«20 сұрақ – иə-жоқ деген жауап». Оқушыларға ақпарат алу үшін, 20 сұрақ қоюға болады. Алайда сұрақ қойылып жатқан адам «иə» не «жоқ» деп қана жауап береді. Мысалы,оқушы бір геометриялық фигура — ромбыны жасыруы мүмкін, алсыныптың қалған бөлігі қасиеттерін атау арқылы оның қандай фигураекенін табуы керек.
«Калейдоскоп». Оқушылар жарты шеңбер бойына орналасады, жүргізуші ортада тұрады. Әр қатысушы өзіне ұнайтын түстерін айтып шығады. Содан соң жүргізуші теріс қарап тұрады. Ойыншылар орын ауыстырады. Жүргізуші ретімен кім қай түсті ұнататынын айтып шығу керек. Бұл ойын зейін қоюға, есте сақтауға дағдыландырады.
«Кластерлер». «Жүзімнің шоқтары» деген мағынада қолданылған – идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан- жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы әңгімелейді. Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап ізденген де тиімді. Әдетте кластерлер оқушының жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.
«Конверт – сұрақ». 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз.
Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.
Олимпиада немесе ғылыми-тәжірибелік конференция, оқушылардың өздігінен дайындалуына кепіл берілсе және ол үдеріс бақыланса, ал жұмыстың өзі зерттеу сипатында болса, оқытудың белсенді әдістері ретінде танылады. Жоғарыда аталған оқытудың белсенді әдістерінің әрбірі белгілі бір сипаттарымен ерекшеленеді, әрқайсысының өз міндеті және рационалды қолдану аясы бар. Оқытудың белсенді әдістерінің көптеген түрі қазіргі жағдайда ақпараттық- коммуникативтік технологиялар негізінде сәтті қолданылып жүр. Мұғалім өз алдына қойған  міндеттерге сәйкес әр түрлі оқыту әдістерін таңдауда жүйелілік тұрғысынан жүгінгені дұрыс болады. Бұл ең жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
Топтық жұмыс технологиясы – бұл, өзінің белгілі бір ережелеріне, топтарды ұйымдастыру және олардың ішінде жұмыс істеу әдістеріне бағынатын, әдістемелік тұрғыдан өте күрделі үдеріс. Топ – бір-бірімен және мұғаліммен қатынас жасау үшін жиналған және бір мақсатты көздейтін, белгілі бір адамдар ұжымы. Топтық жұмыс,  біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырса, екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды және көшбасшыны анықтауға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, әрбір ұстаздың міндеті оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*