Home » О нас » Еңбегімен ел таныған

Еңбегімен ел таныған

«ЕҢБЕГІМЕН ЕЛ ТАНЫҒАН»
тақырыбындағы аудан, ауыл кәсіпкерлерімен кездесу кешінің сценарийі

Кездесу қонақтары:

  1. Ыскаков Абу қажы
  2. Ганибаев Исак
  3. Тураев Алтыбек
  4. Курганов Амирбек
  5. Аккаев Шавкат
  6. Самаров Ширинкул
  7. Махсатов Торабай
  8. Давранов Арыслан
  9. Торебаев Талғат
  10. Тураев Жорабек
  11. Алланов Илхом
  12. Лупов Хасан
  13. Тураев Сухроб
  14. Хатамов Намазбай
  15. Дадаев Бабажан
  16. Данияров Илхом
  17. Тавашаров Шерзод
  18. Тавашаров Рузимурод
  19. Бельходжаева Ултуар
  20. Зурымбаева Калия
  21. Давранов Анвар
  22. Гаппаров Санжар
  23. Сариева Азиза
  24. Тұрсынбай Алихан

11 «А», 11 «Ә»,11 «Б »-сынып оқушылары.

Кештің мақсаты:  Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт — бағдар беріп, дұрыс жол таңдауына ықпал ету. Еңбек етудің  адам өміріндегі орнын сезіндіру.  Оқушылардың қоғамдағы өзгерістерге назарын аудара отырып,  азаматтық позициясын қалыптастыру.

Кездесу кешінің жоспары
Концерттік бағдарлама ……..
 Кештің  барысы:
Жүргізуші:     Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар!

Бүгінгі «Еңбегімен ел таныған» атты кездесуімізге қош келдіңіздер!

 Іс-шараны ашу үшін сөз мектеп директоры Еримбетова Гулжазира Налжигитовнаға және Жетісай ауданы білім бөлімінің әдіскері Әбілкаиров Галымжан ағайға беріледі.

Жүргізуші. Қытайдың əйгілі данасы Конфуцийдің өте ақылды бір шəкірті бар екен. Ол ақылды əрі алғыр болғаны сонша, оған данышпан деген оқымыстылар мен ғұламалардың өзі қайран қалатын болса керек. Бірақ, осынша ақыл мен білімі бола тұра əлі күнге Конфуцийға шəкірт болып жүргеніне басқалар таң қалысып жүреді. «Əрине, Конфуций қытайдың ең дана да данышпан тұлғасы екені рас, деседе шəкірті одан қалыса қоймайды. Ақылы мен амалы бір басына жеткілікті бола тұра жай шəкірт ретінде дəріс алып жүргені несі екен?», – деп баршасы бас қатырады. Күндердің күнінде бір адам Конфуцийге шəкіртінің де өзі секілді ақылды да дана екенін, ол жағынан ұстазынан қалыспайтынын айта келіп, сонша ақылды бола тұрып сізден не үйреніп жүргеніне таң қаламыз дейді. Сонда Конфуций дана: «Ол ақылды болғанымен өте жалқау. Ал жалқаулықтың ақыл мен білімді қор қылатынын түсінбейді. Сондықтан ол осы шындыққа көзі жеткенше менің шəкіртім болып қала береді», – деген екен.

Иə, бұл оқиғадан қоғам мен адам өміріндегі еңбектің рөлі орасан екенін түсінеміз. «Адамды адам еткен – еңбек» деген Маркстың да атақты сөзі бар. Бұл сөздің астарында үлкен шындық жатқаны анық. Адамның тарихтағы талай таң қаларлық жаңалықтары мен өнертабыстарының ар жағында үлкен даналық пен орасан еңбек жатқан болатын. Егер адам баласы еңбек ете білмегенде осындай дамыған қоғамға қол жеткізуі де неғайбыл. Сондықтан еңбектің орнын алмастыра алатын құндылық жоқ. Өзіміз өмір сүріп жатқан мемлекеттің экономикалық, əлеуметтік, саяси дамуы да қарапайым еңбек адамдарының арқасы екені талассыз. Өйткені осы бір қарапайым адамдардың тынымсыз еңбегінің нəтижесінде ел экономикасы мен қазынасына қаншама байлық құйылып жатқанын жақсы білеміз. Ал ол байлықтың халықтың игілігіне жарап жатқаны тағы шындық. Бұл жағынан мемлекет ең алдымен қарапайым еңбек адамдарына қарыздар. Осындай қарапайым да тынымсыз еңбегімен ел жадында сақталып, халықтың құрметіне бөленген  кісілер бүгінгі біздің кездесу кешіміздің қадірлі қонағы болып отыр.

Олай болса құрметті қонақтарымызбен танысу үшін кезекті «Танысу» тренингімен мектеп психологы
Илиясова Нагима апай мен Даниярова Зувайда апайға беремін.

Жүргізуші:   Кез — келген саналы баланы «Мен өскенде кім боламын?»,  «Қандай мамандықты таңдасам екен?» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандықты таңдау үшін адам, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?»- деген сұрақ қойып, соған жауап іздеуі қажет. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне , таңдауы дұрыс, сенімді  адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.

«Неге арналсаң, соны істе» деп, Абай атамыз айтқандай, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Осындай ниетпен шәкірттеріміздің болашағына сәттілік тілей отырып, оқушыларымыздың
«Мамандықты қалай таңдауға болады?» бейнеролик тамашалау.

 Жүргізуші:
Кешіміздің негізгі бөліміне де келіп жеттік. Олай болса өздерінің елге жасаған қызметімен, маңдай тер еңбегімен елге танылып жүрген қадірлі қонақтарымызды толығырақ таныстырып өтсек:

Ыскаков Абу қажы, Ауыл ақсақалы Жетісай ауданының құрметті азаматы.
Ганибаев Исак ауыл ақсақалы  15 жыл С.Сейфуллин атындағы ЖОМ басқарған азамат.
Тураев Алтыбек Мақта қабылдау бекетінің төрағасы
Курганов Амирбек, Ауыл ақсақалы
Аккаев Шавкат, Ауыл ақсақалы
Самаров Ширинкул, Ауыл ақсақалы
Махсатов Торабай 20 жыл Ішкі істер органдарда істеген азамат.
Давранов Арыслан, Мақта қабылдау бекетінің төрағасы.
Торебаев Талғат
Тураев Жорабек, Жеке кәсіпкер.
Алланов Илхом, Жеке кәсіпкер.
Лупов Хасан, Жеке кәсіпкер.
Тураев Сухроб, Жеке кәсіпкер.
Хатамов Намазбай, Ауыл ақсақалы.
Дадаев Бабажан, Жеке кәсіпкер.
Данияров Илхом Жетісай ауданы емханасының травматолог дәрігері.
Тавашаров Шерзод, Жетісай ауданы емханасының хирург дәрігері.
Тавашаров Рузимурод, Жетісай ауданы, Күлпаршын диагностикасының кардиолог дәрігері.
Бельходжаева Ултуар 25 жыл мектеп медбикесі болған азаматша.
Зурымбаева Калия 40 жыл мектеп оқытушысы болған азаматша.
Давранов Анвар Астана қаласындағы «Жахангир ата» клиникасының бас дәрігері.
Гаппаров Санжар, АҚШ жеке кәсіпкер.
Сариева Азиза, Шымкент қаласы дәрігер нервпатолог
Тұрсынбай Алихан, Алматы қаласындағы __информатика пәні мұғалімі.

  «Сұрақ –бізден, жауап сізден»
Жүргізуші:   Жеке сұхбатқа  кезек бермес бұрын,  құрметті қонақтар, алдымен барлығыңызға ортақ бірнеше сұрақтар 11 сынып оқушылар тарапынан қойылады.
Сұрақтар:

  1. Бүгінгі күні елімізді өркендету үшін  қандай маман иелері керек деп ойлайсыздар?
  2. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек? Өздеріңіз қай уақыттан бастап дайындалдыңыздар?
  3. Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не? Өмір бойы бір мамандықты алып жүруге қалай қарайсыз?

Жалпы сұрақ:    Жүргізуші. Кәсіпкерлік  қанмен беріледі ме?

 Жүргізуші: Ал олай болса енді құрметті қонақтар сөз Сіздерге берілдеі:

Жүргізуші:       Ешкім кәсіпкер болып тумайды. Кәсіпкерлік-еңбек. Оны жастардың бойында ерте жастан қалыптастыру керек. Кәсіпкерлік басқа еңбектің түрлерінен оқшауланып тұрады. Атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозиф Шумпетердің «Кәсіпкер болу –басқаның істегенін істемеу» деген сөзі осының айғағындай.

Өз еңбегін ұйымдастыра білген адам ғана  кәсібін дөңгелете алады.

Иә, еңбектің бейнетке толы екені рас. Бірақ сол бейнеттің зейнетінің рахаты мен лəззаты қандай болатынын айтуға тіл жетпейтіні тағы шындық. Қиындықтан мойымай, бейнеттен қажымай, тек болашағынан үміт күтетін, еңбекті ерлік деп бағалайтын ұрпақ тəрбиелеуде  Сіздер секілді бақытын еңбектен тапқан  адамдары үлгі ете білсек қана жұлдызымыз оңынан тумақ. Бұл туралы С.Көбеевтың: «…Еңбек тəрбиесіне баса назар аудару керек. Еңбекке тəрбиелемей тұрып, балаға дұрыс тəрбие бердім, – деп айту екіталай», – деген əдемі сөзі бар.

Құрметті қонақтар! Бүгінгі шәкірт – ертеңгі болашақ. Сондықтан олардың бүгіні мен келешегі бәрімізді де алаңдатары сөзсіз. Жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, болашағына дұрыс бағыт сілтеу – қоғамға, ұстаздар мен ата-аналар қауымына ортақ міндет. Сондықтан бүгінгі кештегі ақыл – кеңес балаларымызға үлкен ой салып, болашақта қалар мамандықтарын қателеспей табуына көп түрткі болды ғой деп ойлаймыз. Келген қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз.  Әрқайсыңыздың  жасап жатқан кәсіптеріңіздің өрлей беруіне, табысты болуларыңызға тілектеспіз.
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!

Оқушылар, түлектер,
Ең қиын мамандық — адам боп қалу,  мамандық таңдауда адаспай, адамдық биіктен аласармай, жақсы азамат болуларыңызға   тілектеспін.
«Ізбасарыма айтарым бар» Оқушылармен пікірлесу. Слайд

Қорытынды сөз:  Мектеп директоры
Еримбетова Гулжазира Налжигитовна
ЖАББ       Әбілкиров Галимжан
С.Сейфуллин атындағы №52 ЖББМ КММ

 Ұйымдастырушы:
Кәсіптік бағдар педагогы: Булишев Н.З.

Қатысушылар:
1.Елге танымал адамдар.
2.Мектеп ұстаздары
3.11 сынып оқушылары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*