Қалиақпар Күлшат Нұрбайқызы,
Астана қаласы,
№17″Ер Төстік» балабақшасы,
тәрбиеші
Аңдатпа. Мақалада сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларды бейнелеу өнері арқылы жан-жақты дамыту жолдары қарастырылған. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуға арналған бейнелеу өнерінің оқыту әдіс-тәсілдері ұсынылған.
Түйін сөздер: бейнелеу өнері, сөйлеу тілінде кемістігі бар балалар, аппликация, шығармашылық, сурет, натура
Қазіргі уақытта жалпы сөйлеу тілінде кемістігі бар балалар мәселесі кең ауқымды қаралып және де оны шешу қолға алынған. Оның пайда болу себептері әр түрлі. Мұндай балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуі қиындық тудырады.Өз құрдастарымен және ересектермен тез тіл табыса алмайды. Өйткені, өз бойындағы кемшіліктен жасқанып, қысылады. Балалар ана тіліндегі көптеген дыбыстарды дұрыс айта алмайды, дыбысталуы ұқсас дыбыстарды ажырата алмағандықтан, сөздік коры жасына сәйкес емес. Сондықтан жалпы білім берумен қатар түзету жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар ұйымдастырылған оқу қызметтері барысында сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларды жан-жақты ашуға болады. Баланың сөйлеу тілін түзету негізгі мәселе болғандықтан, қазақ тілінде тіл түзету жұмысына әдістемелік нұсқаулықтар болмағандықтан, осы балалармен қазақ тілінде жұмыс жасау қиындық тудырады. Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалардың есте сақтау қабілеттері төмен, қабылдауы шашыраңқы, ұсақ қол моторикасы жете дамымағандықтан, осындай балаларға көмек көрсету мақсатымен жұмыс жасау қажеттілігі туды. Жалпы тіл түзету жұмыстары мен жеке жұмыс түрлеріне бейнелеу өнерінің (сурет салу, аппликация) түрлері арқылы тіл түзету жұмыстарын жүргізу көзделді.
Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән.
Бейнелеу іс-әрекеті мектеп жасьша дейінгі балалардың эсгетикалық сезімін тәрбиелеуде үлкен роль атқарады. Сурет салу, мүсін жасау, жапсыру, құрастыру сабақтарының өзіндік ерекшеліктері әсемдікті танып-білу үшін, балалардьщ бойында болмысқа эмоциялық-эстетикалық қатынастарды дамыту үшін кең мүмкіндіктер береді. Бейнелеу өнері нақты бар әсемдікті адамға көрсетеді, оның нанымын қалыптастырып, мінез-күлқына ықпал жасайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында эстетикалық сезімдерді ойдағыдай дамыту үшін педагог сабаққа даярлану кезінде тапсырма балалардың мүдделеріне, олардың бейіміне, қандай дәрежеде жауап беретінін, олардың эмоциялық жағынан қаншалықты баурап алатынын ескеруге тиіс.[6,19-20б]
Бейнелеу және құрастыру әрекетіне үйретудің негізгі мақсаты — балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Балалардың айналадағы өмірден алған әсерлері бұл іс-әрекетінің мазмұны болып табылады. Сурет алу процесінде балада бейнелеушіге белгіл бір қатынас орнығып, қоршаган әлем жөніндегі білімі нақтыланып, көбейе түседі. Балалар сабақ кезінде түрлі материалдармен жұмыс жасауға дағдылар мен іскерліктерге ие болады. Мектепке дейінгі ересек жастағы баланың айналасындағыны берудегі бейнелеу мүмкіндіктері шектеулі. Тақырыптық композицияны жасау міндеті өзара логикалық байланысы бар заттар тобын бейнелеуді талап етеді. Өмірде бала заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды оңай аңғарады, алайда бұл қатынастарды сурет немесе аппликация арқылы беру үшін мектеп жасына дейінгі бала ой мен қиялдың үлкен жұмысын талап ететін бірқатар бейнелеу іскеліктерін меңгеруге тиіс. Бала бейнеде ненің басы, ненің екінші дәрежелі екенін анықтау; композициялық міндеттерді шешу қажет. Бұл бейнелеу тәсілдерін меңгеру — ойды дамытуды талап ететін барынша күрделі міндет.
Қазіргі заң талабына сай жас ұрпақты жан-жақты оқыту-тәрбиелеуде, олардың ой-өрісінің, қиялының, шығармашылығының дамуына әсер етуіне жағдай туғызатын дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер өте көп:саусақпен салу, граттаж, бір басылымды сурет, сурет, үрлеу, сулау, пастель, жіппен, май шаммен, шашырату, умаждалған қағазға сурет салу, тасқа сурет салу, бояу тамшыларымен, табиғи және қалдық заттарды қолдану, аралас техника, коллаж.«Күзгі бақ», «Тастан жасалған құлпынай», «Менің аулам», «Жаңғақтан жасалган қан қызы», «Менің мысық ойыншыгым», «Көбелектер», «Жол жүру ережесі» т.б. тақырыпта өткен оқу іс-әрекеттер балалардың өнерге деген қызығушылығын оята отырып, өз ойларын еркін жеткізуге көмектеседі. Сабақтың нәтижелі өтуіне тақырыпқа сай әуен қолдану немесе жаңа технологияларды қолданып отырса, баланың көтерінкі көңіл-күймен жұмыс жасауына әсер етеді.Берілген тапсырмаларды орындау үшін әртүрлі бейнелеу жабдықтары, көрнекіліктер,табиғи материалдар, мата түрлерін балалар қызығарлықтай етіп дайындау қажет. Балалар сабақта сол затпен таныса отырып,затты көредіде сол туралы ән, тақпақ, көркем сөз айтып, оны бейнелейді немесе жапсырады.
Бейнелеу өнеріне үйретудің әдістері мен тәсілдері:
- Бақылау;
- Заттарды пайдалану;
- Үлгіні пайдалану;
- Суретті пайдалану.
Бақылау
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың табысты болуы олардың айналасындағыны бақылай білуі, болмыс құбылыстары арасындағы байланыстарды анықтап, жалпы және жеке белгілерді бөліп көрсете білуі қаншалықты дамитынына байланысты. Баланы арнаулы бейнелеу тәсілдеріне, түрлі бейнелеу материалдарын пайдалану әдістеріне үйрету қажет. Тек сабақта жүйелі түрде үйрету процесінде ғана балалардың қабілеттері қалыптасады. Балабақшада бейнелеу және құрастыру әрекеті жөніндегі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде шартты түрде көрнекі және сөздік деп бөлінетін тәсілдер пайдаланылады. Балалар бақшасына тән тәсілдер тобы ойын тәсілдерін құрайды. Ал үйрету тәсілі сабақтардағы іс- әрекеттердің ерекшелігін анықтамайды бар болғаны тар көлемде үйрету маңызына ие, неғұрлым жеке, көмекші құрал.
3аттарды пайдалану
Натурамен жұмыс жасау затты белгілі бір қашықтықта, сурет салушының көзіне қатысы жағынан ол қандай болса, сондай жағдайда бейнелеуді көздейді. Оны неғұрлым сипаты жағынан қабылдайтындай етіп орналастырады. Тәрбиеші натураны балалармен бірге егжей-тегжейлі қарап шығып, талдау процесіие бағыт беріп, оны сөзбен және ым-ишарамен жеңілдетіп отырған жөн. Мысалы, ересектёр тобында шырша бұтағының натурасынан сурет салган кезде балалар бұтақшалардың орналасуын кеңістікте, сол жақ пен оң жақ бұтақшалар тармақтары мен көлемін беріп, қара қошқыл немесе ашық оңде қалың қылқан жапырақтардың суретін салады. Осы мақсатта жапырақтар, бұтақтар, гүлдер, жемістер мен ойыншықтарды пайдалануға болады.
Үлгіні пайдалану
Натура сияқты үлгі де үйрету әдісі және жекелеген тәсіл ретінде де пайдаланылады. Бейнелеу іс-әрекеті түрлерінде көбінесе декоративтік және конструкциялық жұмыстарда үлгі үйрету әдісі ретінде қолданылады. Балалар үлгілерден ою-өрнек элементтерін көшіріп алуға, элементтердің орналасуы және үйлестіруге үйренеді. Үлгілерді пайдалану сол сабақтардың алдындағы міндеттерімен анқталады. Мәселен, үлгі тәрбиешінің арнайы нұсқауынсыз ұсынылуы мүмкін, балалар оны көріп алып, өз беттерімен орындайды. Бұл жағдайда үлгіні қолдану баланың сыни тұрғысынан ойлауны арттырады.Кейде үлгі үйрету тәсілі ретінде де пайдаланылады. Мысалы, заттың суретін салғанда, мүсінін жасағанда үлгі көшіру мақсатында емес, бейнелеп отырған зат туралы балалардың түсінігін нақтылау үшін пайдаланылады.
Суретті пайдалану
Суреттер негізінен балалардың коршаған болмыс туралы түсініктерін нақтылау үшін бейнелеу құралдары мен тәсілдерін анықтау үшін қолданылады. Сурет көркем шығарма ретінде образдарды әдемі әрі әсерлі береді. Осы кезде балалардың шыгармашыгын арттыру үшін сабақ барысында қандай да бір детальдарды нақтылау үшін картинаны кейбір балаларға көрсетіп алу қажет, бұдан кейін картинаны алып тастау керек. Себебі оны одан әрі көріп қабылдау көшіруге әкеліп соғады. Олардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту мақсатында аяқталмаған картинаны ұсынуга болады. Тәрбиеші сұрақтар қойып нақтылау арқылы сурет салдыруға болады. Балабақшада шығармашылық саласы аясында өтетін сурет салу,жапсыру,мүсіндеу сабақтары балаларды бейнелеу өнеріне баулуда жетекші роль атқарады. Сурет алуды заттық,затқа қарап сурет салу,сәндік бейнелеу,сюжеттік сурет салудан бөлеміз. Сурет салуға үйретудің негізгі мақсаты-балалардың айнала қоршаған тіршілікті тануға көмектесу, олардың аңғарымпаздығын дамыту, сұлулықты сезінуге тәрбиелеу және бейнелеу тәсілдеріне үйрену.
Аппликация негізгі фонға сәндік және тақырыптық формалардағы қиындыларды жапсыру арқылы әр түрлі заттарды көркем безендіру үшін қолданылады.
Балабақшада аппликациялық жұмыстардың дайын формалаларын жапсыру (сәндік-геометриялық және өсімдік формаларынан, затттық — жеке бөлшектерде және т.б.) мен кесу формаларды жапсыру ( жеке заттарды, сюжетттік, сәндік) сияқты түрлерін қолданады.Балалардың қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жапсырудың үлкен мүмкіндіктері бар. Айталық, ою-өрнекті өздері кескен дайын геометриялық фигуралардан болмасын құрастыруларына болады. Сәндеу жұмыстарда дайын формаларды қолдану мектеп жасына дейінгі балалардың бар зейінін ою-өрнектегі элементтерді белгілі ырғақпен қайталап отыруға, үйлесімді, әдемі түстерді таба білуге бағыштауға мүмкіндік береді. Аппликациядан ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар өздері бөліктері мен силуэттерін қиып, жапсыратын алуан түрлі заттардың қарапайым да күрделі формаларымен танысады. Силуэтті кескінді жасау үлкен ой меи қиял жұмысын талап етеді, өйткені силуэтте кейде заттың негізгі белгілері болып табылатын детальдар болмайды. Аппликациядан ұйымдастырылған оқу қызметтерінде математикалық түсініктердің дамуына мүмкіндік туғызады. Мектепке дейінгі балалар аса қарапайым геометриялық формаларының аттарымен, белгілерімен танысады, заттардың жәие олардың бөліктерінің кеңістікте орналасуы мне көлемі туралы түсінік алады. Осы күрделі ұғымдарды балалар декоративтік ою-өрнек жасау процесінде немесе затты бөлік-бөлігі бойынша бейнелеген кезде оңай ұғып алады. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысында мектепке дейінгі балалардың бойында түсті, ритмді, симметрияны сезу дамиды және осының негізінде көркемдік талғам қалыптасады. Оларға түсті өздері жасау немесе форманы бояу керек емес. Балаларға түрлі түстер мен реңктегі қағаздарды бере отырып оларды әдемі үйлесімді таңдай білуга тәрбиелейді. Аппликациядан ұйымдастырылған оқу қызметтерінде балаларды жұмысты жоспарлы ұйымдастыруға үйретеді, өйткені өнердің бұл түрінде композиция жасау үшін бөліктерді жүйелі жапсырудың үлкен маңызы бар. Аппликацияда бейнелерді орындау қол бұлшық еттерін дамытуға, қимылдарды үйлестіруге жәрдемдеседі. Бала қайшы ұстауға, қағаз парағын бұра отырып, формаларды дұрыс қиып алуға, формаларды қағаз бетіне бір-біріне бірдей қашықтықта орналастыруға үйренеді. Алуан түрлі материалдардан конструкциялау бейнелеу іс-әрекетінің басқа түрлеріне қарағанда ойынмен көбірек байланысты. Балалар қағазды майыстыру, жинау, кесу, желімдеу жолымен жалпақ формалардың түрін өзгерту тәсілдерімен танысады. Табиғи және басқа материалдармен жұмыс істеу балаларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білуіне, жаңа бейнелеу дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді.
Сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларға бейнелеу іс-әрекеті жеке-дара шығармашылық қабілетін дамытады және қарапайым дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, дүниені тануы мен эстетикалық қабылдауын дамытады.
![]()
«Үй жиһаздары» «Дастарған» «Сүйкімді қонжық»
шкафтың ішіне қажетті мата немесе түрлі штрихтау тәсілі
суреттер салу қағазды қиып безендендіру
Негізгі және ресурстық әдебиеттер тізімі:
1.Грибовская А.А., Левченко Т:А. Народное искусство и детское творчество. Метод.пособие для воспитателей. — Алматы, Просвещение — Казахстан, 2007.
2.Григорьева Г.Г. Развитие дошкольника в изобразительной деятельности. — М., 2000.
3.Жарықбаев Т. Педагогика. — Алматы: Мектеп, 1998. — 148 б.
4. Жұмабекова Ф.Н. Балабақшадағы бейнелеу іс-әрекетінің әдістемесі, Оқу күралы, Алматы,2015ж
5.Жұмабекова Ф.Н., Ойшыбаева А.А. Құрастыру. Әдістемелік нұсқау– Алматы: Алматыкiтап баспасы, 2017. – 96 б.
6.Зубарева Н.М. Дети и изобразительное искусство. -М. «Просвещение», 1973.
7.Өтетілеуов Е.«Балақай» — Алматы қ.: Жалын баспасы, 1986 ж.
