Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Алатау ауданы КМҚК «№150 бөбекжай-балабақшасында» бүлдіршіндерге ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы туралы түсінік беру және өз туған халқына, елі мен жеріне деген сүйіспеншілікті, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» атты әсерлі мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара шымылдығын аталған балабақша меңгерушісі Салтанат Нұғмановна сөз сөйлеп ашты. Ол жиналғандарды әз-Наурыз мерекесімен құттықтап: “Әрқашан дастарханымыз ұлттық мерекедегідей жайнап тұрсын, балаларымыз аман-есен болсын. Айтулы мереке құтты болсын!” — деп ақ тілегін білдірді. “2024 жылы Мемлекет басшысы мақұлданған Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес биылғы Наурыз мерекесі жаңартылған форматта — Наурызнама онкүндігі аясында өткізіледі. Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында өткізіліп отырған мерекеміз де осы бағдарламаны қамтиды, алда жаңа жылымыз Наурыз мейрамы бар, Наурыздан Наурызға аман-есен жетуді нәсіп етсін”, — деді Салтанат Нугмановна өз сөзінді.
Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен әдет-ғұрпы насихатталды. Күн мен түн теңелетін көктемнің шуақты мерекесі әз-Наурыз мейрамына балабақша балғындары айрықша әзірленген. Балаларға “Ұлттық құндылық деген не? Салт-дәстүрге не жатады?” деген сияқты сұрақтар қойылды. Тәрбиеленуші бүлдіршіндерге бұл сұрақтарға жауап беру еш қиындық тудырмады. Себебі тәрбиешілер білім беру барысында ұлттық құндылықтарды үнемі дәріптеп, жиі айтып отырады екен.
Кезек ұлттық салт- дәстүр мен құндылықтарды бүлдіршіндер санасына сіңіріп, кеңінен насихаттау мақсатында бәйге, көрісу ,тақия тастамақ, қамшы өру,шаш өру, ұлттық киімді насихаттау,тұсау кесу сияқты баға жетпес ұлттық ойындарға мен ғұрыптарға берілді. Балалар белсенділігі мен алғырлығын танытып көрермендерді тәнті етті.
Шара барысында балабақша бүлдіршіндері ұлттық киім түрлерінен сән қойылымын өткізді. Әр бала ұлттық нақышта әртүрлі үлгіде тігілген киімдерін киіп көпшілік назарына ұсынды.
Іс-шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.
Мерекеде бата берген әжелер де, әже деп емірене еркелеген немере де бой көрсетті. Ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарды қамтыған бүгінгі мерекеде бүкіл қазақ халқының болмысы көрсетілді.
Осы орайда кез келген іс-шараны ұйымдастырып басы-қасында жүрген балабақшаның белді қызметкерлерін атап өтпеске болмас. Әсіресе қазақ тілі жетекшісі Шалданбаева Жанар Тілеубекқызы, мектепалды «Ақбота» тобының тәрбиешісі:Дулатбаева Роза Кенесовна. Атсалысып қол ұшын берген педагогтарды атап айтсақ мектепалды «Дарын» тобының тәрбиешісі: Абдраймова Айгүл Амантаевна және Оспанова Женісгул Рахымбаевна, Ерсейіт Халия Жақсылыққызының және ән-күй жетекшісі Наурузбаева Астана Сейталиевнаның еңбегін айта кеткен жөн. Олар шараның керемет өтуіне атсалысып, біртұтас тәрбие бағытында жұмыстар жүргізді. Мерекеге келген ата-аналар тәрбиешілерге дән риза болып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Жұлдыз Смаилова
«BILIM AINASY»
Журналист
Алматы қаласы