Алматы қаласы, Жетіу ауданы,
№101 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі:
Таева Айнур Манаповна
Мамандығым мақтанышым!
Мамандық — әрбір жанның қадір тұтатын бар жан тәнімен беріле жасар сүйікті ісі әрі болашағы. Мамандық таңдау — зор жауапкершілікті, саналы саралауды, байыпты көзқарасты, «жеті рет өлшеп, бір рет кесуді» талап ететін маңызды міндет. Арманға жету тілегі адамды шабыттандырып, қанаттандырып отырады. Шаршағанда көңілге ерік-жігер береді.
Мен Таева Айнур Манапқызы Алматы қаласы Білім басқармасы Жетісу ауданына қарасты КМҚК «№101 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісімін.
Мекемеде жалпы 20-дан астам педагог жұмыс істейді. Олардың жартысынан көбі жоғарғы санатты мамандар болса, қалғандары жас мамандар. Біздің балабақша 2019 жылдан бастап, «Жүн технологиясы», «Дәстүрден тыс жүнмен сурет салу» технологиясымен жұмыс жасап келеміз. Жалпы жүнді акварель мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту құралы болып табылады.
Сонымен қатар, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылған логика бөлмесі бар. Логикалық тапсырмалавр балалардың интелектуалдық деңгейін көтереді.
Түрлі респераторлық- вирустардың алдын алу және иммунитетті көтеру мақсатында тәрбиеленушілерімізге арнап, тұзды шахта орталығы іске қостық.
Музыка залы- бұл балабақшаның визит картасы десек те болады. Мұнда балалардың эстетикалық дамуы жүреді. Мұнда мереке сайын тақырыпқа сай түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Балабақшамыз он үш топтан құрылған. Әр топ ұлттық нақышпен безендірілген. Бұл ұлттық құндылықтар қазақ халқының — бай мұрасын түсінуге, оны құрметтеуге жол ашады. Топтардың барлығында кітапхана, табиғат, экономика бұрыштары бар.
2023 жылдың шілде айында Алматы қаласы әкімінің ұйымдастыруымен Сингапур еліне білім тағылымдамасына тәжрибе алмасу мақсатында іс-спармен барып қайтқан болатынбыз. Бұл тағылымдаманың ең негізгі міндеті-мектепке дейінгі мекемелердің дамуын, яғни екі жас пен алты жас аралыңындағы бүлдіршіндерді жан-жақты дамыту болып табылыды. Солардың ішінде тоқтала кететіні «Қалдық заттарға екінші өмір сыйлау». Осыған байланысты балабақшамызда «Кішкентай жерлестерге, үлкен жер туралы» атты қалалық, республикалық семинарлар өткізген болатын. Семинар ауқымды және жарқын болды.
Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және табиғатқа деген қамқорлық көзқарастарын қалыптастыру.
Семинарда түрлі көрмелер ұйымдастырылды. Мұндай шығармашылық жұмыстар ұсақ-саусақ қол моторикасын дамытып қана қоймай, ойлау, есте сақтау қабілеттерін де дамытары сөзсіз. Ал, ата-аналар мен педагогтарымыз қалдық заттардан «Өмір ағашын» жасап, таңқаларлық туындыны қонақтар назарына ұсынылды.
Қазіргі таңда балабақшамыздың тәрбиешілері қалдық заттармен күнделікті ұйымдастырылған іс-әрекеттерін ойындар, іс-тәжрибелермен өткізеді. Бұл баланың шығармашылыққа қызығушылықтарын арттырады.
Шығармашылықтан бөлек, мектеп жасына дейінгі балалар үшін негізгі міндеттердің бірі дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. Дене тірбиесі жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Заманауи дамытушы ойындармен қатар, ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан ұлттық ойындарымызды күн тәртібімізде іске асырылады.
Еліміздің болашағы ұлтжанды адами құндылықтарды бойына жиған қиындықтан шығар жол таба білетін , бәсекелестікке қабілетті ары таза, иман жүзді, елін, жерін сүйетін, атқарған істеріне ел сүйсінетін жастардан құралуы тиіс. Ал, сол ұрпаққа рухани азық беретін, ұлттық тәрбие мәйегін қалыптастыратын жан дүниесіне тазалық пен іскерлікті сіңірту біздің міндетіміз.
«Адам- істеген ісі өнімді, берекелі болсын десе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» демекші, өз мамандығымызды сүйе отырып, әрбір ізденіс, әрбір қимыл тек балаға, баланың тәрбиесіне, біліміне, болашағына арналса ғана шәкірттеріміз сол білімді жоғары дәрежеде көрсете алары анық.
Мен, келешек ұрпақтың сәулетшісімін! Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын!