Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданы Ұзынағаш селосынадағы
«ART-DR TOWN» өнер мектебінің бір топ өнерлі оқушылары «Самұрық самғау» конкурсына қатысып, жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Өнерпаз оқушыларды өнерге баулып, жетістіктеріне бірге қуанып, баптап жүрген жетекші ұстаз Тойчиева Айнұр. Оның осыған дейінде, өнер саласында тәрбиелеп, сайысқа қатыстырған бірнеше бүлдіршіндері көптеген конкурстарға қатысып, басжүлделерді иемденген. Бұл жолғы сайыста Қайназар ауылының № 1 орта мектебінің 5 «в» сынып оқушысы Шыналы Ақкербез Айдарқызы Ауылым әнін орындап бірінші орынға ие болды. Көрермендер жас жеткіншектердің өнерлерін тамашалап қошемет көрсетті. Қатысушылар мұнымен тоқтап қалмақ емес, алда болатын сайыстарға қатысу жоспарымыз бар, ата-анамыздың қуанышына бөленіп, олардың бақытты жүздерін көру біз үшін бақыт деді. Біз де өз тарапымыздан Ақ жол тіледік.
Жұлдыз Смаилова
журналист
BILIM AINASY
Алматы қаласы