Home » Авторская робота » Математика пәні бойынша логикалық есептер арқылы баланың ой-өрісін дамыту

Математика пәні бойынша логикалық есептер арқылы баланың ой-өрісін дамыту


Кусаинова Карлыгаш Байкеновна
Ақмола облысы Ақкөл ауданы
«Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Педагог-модератор

«Математика пәні бойынша логикалық есептер арқылы баланың ой-өрісін дамыту»: авторлық бағдарлама

Ұсынылып отырған әдістемелік оқу құралында жан-жақты сабақ жоспарлары, дәстүрден тыс сабақ үлгілері берілді. Қосымша жұмыстарды орындау барысында мұғалім де, оқушы да өздерінің шығармашылық идеяларын жүзеге асыра алады. Бұл әдістемелік оқу құралы жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдеріне математика пәндерінен көмекші құрал ретінде ұсынылады.

Түсінік хат

Бағдарлама    математиканың «Математика пәні бойынша логикалық есептер арқылы баланың ой-өрісін дамыту» саласы  бойынша құрастырылған. Бұл курс арқылы мектептің  3 сынып оқушылары   Математика пәні бойынша логикалық есептер арқылы баланың ой-өрісін дамыту есептерінің қызықты шешімдерін математикалық бейнелеу және зерттеу процестеріне арналған маңызды бөлімін меңгереді. Оларды  оқып – үйренуде  жалпы  орта  білім  беретін   курстарға  қарағанда  барынша  жоғарғы  деңгейдегі  міндеттер  жүзеге  асырылады.  Бұл  тараулардың   тақырыптарын  өту  барысында  оқушылар  жалпы  мектеп  бағдарламасымен  қамтылмайтын    математиканың  көптеген  негізгі  ұғымдарымен,  кейбір      есептерді   шығарудың  жаңадан әдіс – тәсілдерімен танысады.
Математика пәні бойынша логикалық есептер арқылы баланың ой-өрісін дамытуының негізгі есептерінің мәні ерекше зор.
Бастауыш сыныптардың 3 сыныптарына арналған  бұл  курс әлемінің біртұтас  бейнесін қалыптастыруға, жалпы  ғылыми  және  интеллектуалдық  біліктерді  меңгертуге  өз  септігін  тигізеді.

 «Математика пәні бойынша логикалық есептер арқылы баланың ой-өрісін дамыту» бағдарламасының негізгі мақсаты:
Оқушыларға  математика пәнін, математикалық сауаттылықты  жақсы  меңгертіп, өзінің  бойындағы  қабілеттерін  толық  ашып  еліміздің  ертеңгі  сапалы  да  білікті   мамандары  болып  шығуына  бағыттау.

Бағдарламаның міндеттері:

  • Проблемаларды шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзіреттері дамыған тұлғаны қалыптастыру;
  • Оқушыларға бейіндік оқу шеңберіндегі пәндерді таңдауда білім алу әрекетінің ынталық деңгейін арттыру;
  • Оқу әрекетінің формаларын даралау, оқушылардың өнімді және қайталама әрекетін ұштастыру және өз бетінше жұмыс істеу, оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру;
  • Оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру бағытында математика элементтерін тиімді пайдалану;
  • Әр түрлі логикалық тапсырмаларды шешу арқылы өзін-өзі ашуға, өзіндік дамуға және өздігінен дұрыс әрі жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті болатын жеке тұлғаны қалыптастыру;

 

Күтілетін нәтиже:
Өз ойын – пікірін жеткізе білетін сөздік қоры бай, логикалық ойлау қабілеті дамыған, жан – жақты білімді, іскер тұлға қалыптасады.

 Нормативтік бөлім
3 сынып
«Математика пәні бойынша логикалық есептер арқылы баланың ой-өрісін дамыту» таңдау курсын оқыту жоспары

(Аптасына 1 сағ, барлығы 34 сағ)

Сабақ

реті

                      Сабақтың мазмұны.Сағат саныӨтілу мерзімі
1Кіріспе1  
І тарау. Қызықты көбейту және бөлу10 сағ  
2Қосу және азайту белгісі1  
3Бір амалды есептер1  
4Санды өрнек1  
5Әріпті өрнек1 
6Санды нөлге көбейту1 
7Баға, сан, құн шамалары1  
8Бөлу амалдары бар теңдеулерді шешу1  
9Көбейту амалдары бар теңдеулерді шешу1  
10Таңдап алынған өлшем1  
11Тест тапсырмалары1  
ІІ тарау. Қызықты өлшем бірліктері6 сағ  
12Аудан бірліктері1  
13Көлемнің бірліктері1 
14Сыйымдылық бірліктері1 
15Ұзындық бірліктері1 
16Биіктік өлшем бірліктері1 
17Тест тапсырмалары1 
ІІІ тарау. Қызықты логикалық есептер8 сағ 
18Сиқырлы сандар1  
19Сиқырлы өрнектер1  
20Теңдеу шешу есептері1  
21Амалды есептерді шешу1  
22Арифметикалық амалдардың орындалу реті1  
23Белгісіз санды тап1  
24Суретті есептер1  
25Тест тапсырмалары1  
IV тарау. Үйреншікті емес жаттығулар9 сағ  
26Салыстару есептері1  
27Күрделілігі жеңіл жаттығулар1  
28Күрделілігі жоғары жаттығулар1  
29Шамалар арасындағы тәуелділік1  
30Әртүрлі көлемдегі сандар1  
31Кестелермен жұмыс1  
32Жемістерге байланысты есептер1  
33Тест тапсырмалары1 
34Қорытынды тест1  
 Барлығы34  

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

                                                    Мұғалім үшін:

1.Ерешева К, Құлмаханбетова  Ж. «Логика әлемі» Әдістемелік құрал. Өлке- 2011жыл

  1. Смаилова З.Ө, Сатарова Қ.С. «Математика пәні бойынша логикалық есептер арқылы баланың ой-өрісін дамыту» Әдістемелік нұсқаулық. Алматы: «Нұрлы әлем», 2010жыл
  2. Бөкенбаева З.Қ «Логикалық есептер»,Астана-2005 жыл.
  3. Л.И.Орлова, А.Қ. Әбілдаева, Э.Қ. Қабылова «Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру» Әдістемелік құрал. Алматы кітап-2011жыл
  4. Ә.Б.Ақпаева, Л.А. Лебедева, В.В Бурова «Математика» Әдістемелік құрал. Алматы кітап-2011жыл.
  5. Математикалық дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар Алматы «Атамұра» 1997жыл.

    Оқушылар үшін:

1.Б.М. Қосанов «Математика курсындағы шығармашылық жаттығулар орындау технологиясы» Алматы , 2005жыл.

2.К.Ерешева, Н.Үсенова,  А.Фазылова «Логика әлемі» Алматы «Өлке», 2011жыл.

3.Ә.Б.Ақпаева,  Л.А. Лебедева «Математика пәні бойынша логикалық есептер арқылы баланың ой-өрісін дамыту» 1,2-сыныптарға арналған жұмыс дәптері. Алматы кітап-2011жыл.

4.Өміртаева  Р.Қ. «Математикаға арналған  дидактикалық материалдар» Алматы «Атамұра»  2000жыл

Т.Қ. Оспанов,  Ш.Х. Құрманалина, Ж.Т. Қайыңбаев, К.Ә. Ерешева,М.В. Маркина. Математика. 1,2-сынып. Алматы «Атамұра» 2009ж.

  1. ӘБ. Ақпаева, Л.А.Лебедева, Буровова В.В. Қызықты математика. Алматы кітап баспасы. 2011. 1,2 сынып.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*