Халыкова Мадина Муратовна
Алматы қаласы Алмалы ауданы
КМҚК №133 бөбекжай- балабақшасы
Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар».
Мақсаты: Ұлттық құндылықтар туралы мағыналы көлемде түсінік бере отырып, ойын, тапсырмалар арқылы балалардың ұлттық құндылыққа деген қызығушылығын, сана- сезімін, ынта –жігерін арттыру.
Рухани құндылықтарымызды бағалай отырып,ішкі сезімін қалыптастыру,адамның ішкі мүмкіндіктерін кеңейту,өз күшіне сену және өз-өзіне баға еріп,талабына сай жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру.Тапсырмаларды орындауда уақытты үнемді пайдалануды үйрену. Білімге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиеші:
-Сәлеметсіздерме бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізді бастауға рұқсат етіңіздер!Балалар шаршыны лақтырып түскен оюды басып кіріп, шеңбер болып тұрады.
Ортаға шеңберге тұрады.
Шаттық шеңбер:
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық
Уық болып иіліп,
Бір отбасы болайық.
Балалар енді аяқтарының астына қарандаршы, не бар екен, алып аударып қарандар, кімде қандай сурет шықты. Сол бойынша орындатына отырындар.
Балалар орнындарына отырады.
Тосын сәт: топқа әжелер кіреді.
Әжелер:
— Сәлеметсіңдерме балалар, біз сендерге қонаққа келдік. Қазақстан мемлекетіміздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, сонын ішінде киіз басуды көрсетіп, таныстыруға келіп тұрмыз. Құр қол келмей мына қазақ үйді ала келдік.
Тәрбиеші:
-Қош келдіңіздер! Төрлетіңіздер!
Мадина Муратовна: Ұлттық құндылықтарға шолу жасау: Презентация!
Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Біздің ұлтымыз қандай?
Қазақ халқының қандай дәстүрлерін білесіңдер
Балалар бір ұлтты екінші ұлттан ерекшелендіріп тұратын ол әр ұлттың ұлттық құндылықтары. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның:тілі, ертегілері,мақал-мәтелдері,әдет-ғұрпы,
салт-санасы, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері,тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары т.б.
осылардың барлығы ұлттық құндылықтарға жатады. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата- бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып, ұрпақтарына мұра етіп
қалдырып отырған.Сондықтан ұлттық құндылықтар сол ұлттың меншігі болып есептеледі.Оны әр ұлттың ұрпақтары сақтап, заманына қарай дамытып отырулары керек.
Әжелер:
— Енді балалар, мына киіз үй, жай үй емес, бұл киіз үйдің әр керегесінде сендерге арналған тапсырмалар бар, соларды ашып, орындап беріндер.
- Музыкалық аспаптар.
- Есептерді шығар.
- Дыбыстық талдау.
- Дәстүрден тыс шығармашылық жұмыстар.
- Құрақтың оюын түсіне сәйкестендіру.
- дидактикалық ойын: «Ұлттық тағамдар», «Ұлттық киімдер», «Ұлттық аспаптар», «Ұлттық ойындар», «Ұлттық ыдыстар»
Шығармашылық: дәстүрден тыс
Қыздар оюды, мақтамен жапсырады, ұлдар ағаштағы оюларды бояйды, ағаш трафареттегі суреттерді бастырады.
Балалар берілген тапсырманы орындайды.
Тәрбиеші:
-Балалар, енді бір сергіп алайық.
Сергіту сәті: «Қара жорға биі»
Тәрбиеші:
-Өте жақсы балалар! Келесі тапсырмамыз «Ұлттық ойын –ұлттық қазына»
«Тымақ ұру» ойыны
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Ал енді назарымызды әжелерімізге аударайық. Әжелеріміз не жасады екен соны түсіндіріп берсін.
Әжелерге сөз:
Балалар білесіңдерме әлі әріптер ойлап табылмаған кезде кезінде ата-бабаларымыз бәрін сурет арқылы жеткізген. Бұл суреттер халқымыздың ұлттық оюлары. Қараңдар, бұл оюлар әртүрлі. Бұл суреттерде жануарлардың ізі, құстар, құстардың ұшуы бейнеленген. Мына ою қошқар мүйіз, мынау құс қанаты, арқар мүйіз(тақтадан көрсету). Ата-бабаларымыз жануарлардың жүнінен әшекейлер. киімдер, үйлеріне керек заттар жасаған. Бізде бүгін кигіз басып, үйге керек кілемше жасаймыз.
Алдымен киізіміздің бетіне салынатын оюымызды басып алдық. Ол үшін жүнімізді жіңішкелеп, көлденеңінен қойып шықтық. Керек мөлшерге дейін жұлып жұлып, бір-біріне тақапқойып шықтық. Дәл жаңағындай әдіспен тігінен қойып шығамыз. Бұл жүннің бір-бірімен тез, жақсы бірігуіне себепші болады. Міне осылай оюдың жұқа киізін дайындап алдық. Енді біздер бетіне су бүркеп, бетіне матамызды жаямыз. Жылы су себеміз. Астындағы жайған жүніміз қозғалып кетпеу керек. Бұл біздің біріктіру мақсатында жүніміз бірігіп басылу керек. Жаймен иі қанып болды ау дегенде жаймен шетінен бастап ашамыз. Оюға арнап басылған жұқа киізіміз дайын боп қалды. Енді оны ақырындап ораймыз. Суды азайту үшін, жаймен сығамыз. Суын сорғытып болғаннан кейін қалың матаның үстіне салып, ақырындап ораймыз. Сосын оны білекпен басамыз, оны киіз басу өнерінде білектеу деп атайды. Білектеуді киіз бірігіп, иіуі үшін жасайды. Осымен оюға арналған киіз дайын болады. Шаблонды қойып оюды бастырамыз. Шаблонды бастырып болған соң қайшымен оюды қиып аламыз. Бастапқы әдіспен негізгі фонды дайындап аламыз. Бастапқы әдісті қайталамыз, тек өзгешелігі жүн қалың болу керек. Болған соң оюды бетіне қоямыз. Киізімізді орап тура алдыңғы әдіспен жасадық. Міне біз киіз басумен танысып, әдемі кілемше жасап шықтық.
Әже:-Рахмет балаларым. Өте өнерлі, жақсы бала екенсіңдер.
Қане мен сендерге батамды беріп кетейін.
Сендерсіңдер тірегім,
Адал соққан жүрегім
Татту тәтті өсіңдер
Осы менің тілегім. (Әумин)
Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды.
Балалар қане шеңберге тұрайық
Атым-қазақ, текті батыр ұланбыз,
Қадірлейміз қазағымның мұрасын.
Әдептілік — сұлулық пен теңдессіз,
Дәріптейміз ата дәстүр бұлағын.
Қонақтармен қоштасамыз.
Сау болыңыздар!