Исабек Мадияр Жұмабекұлы
Алматы қаласы,Түсксіб аудан
КМҚК «№187 бөбекжай балабақшасы»
Дене тәрбиесі нұсқаушысы

Шеберлік сынып: «Бестемше-ұлттық ойын»

Алматы қаласы білім басқармасының Түсксіб білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбиемен оқу ұйымдарының мамандарынан құралған  әдістемелік кеңесінің 2024-2025 оқу   жоспарына сәйкес  КМҚК № 187 бөбекжай балабақшасында  «Бестемше –ұлттық ойын» атты шеберлік сынып өтті. Шеберлік сыныпқа Түсксіб ауданымыздың  мектепке дейінгі білім ошақтарының   дене тәрбие нұсқаушыларымен  бірге  №1Алматы қазақ-гуманитарлық-педагогикалық колледж студенттері қатысты.

Алғы сөзді — балабақша меңгерушісі Омарбекова Фарида Қызырқанқызы   Қазақ халқының ұлттық ойындары – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұраның бір бөлігі екенін және де  балалардың ой-өрісін дамытып, дене қозғалысын жетілдіруге, тапқырлық пен жылдамдықты арттыруға ықпал ететінін байқадық, соңғы  екі жыл    бүлдіршіндеріміз   «Тоғыз құмалақтан» мектеп аралық сайыстан  I-орын, аудан      бойынша  жүлделі II-орын алып жетістіктерімен қуантты. 187- бөбекежай   балабақшасының түлектерінің мектеп қабырғасында білімдерін зерделеу барысында 70%  өте жақсы, зерек-зейінді балалар санатында-дей тұрғанмен осы бүлдіршіндерді тәрбиелеп ойнатып отырып ойлататын мамандарымыз Алматы қалсы бойынша  ұйымдастырылған  «Ұлағаты мол ұлттық ойын Бестемшеден»-ден I-орын иеленіп.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің Ұлттық ғылыми-практикалықдене тәрбиесі орталығының «Ұлттық зияткерлік ойындар» -атты  республикалық жарыста  таң қаларлық тартыста  топ жарып I-орынды Алматыға  яғни №187- бақшамыздың педагогы Зере Нұртілеу қызы жеңіп  алғанын мақтан тұтам -деді меңгеруші.

   

Жалпы бұл ойынды ойы биік, есепке жүйрік балалар өте жақсы ойнайды. Талай ғасыр түркі халықтарының сүйікті ойыны болған бестемше елімізде жаңғыру аясында қайта түледі. Әлемнің әр түкпірінде өмір сүретін әр алуан халықтың өз ұлттық ойындары бар. Міне, осы ойындардың шығу тарихын дөп басып айта алатындар сирек. Бұл өнердің басты қасиеті –баланың санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Түркі халықтарының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынына  — осы ойынның өзі де дәлел бола алады. Жас бүлдіршіндердің дене күшінің мол болуымен қатар, ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойнаған. Бестемше ойынын балаларға ойнату тиімді, өйткені бұл барынша жеңіл әрі ережесі қарапайым, балаларға есептің 4 амалын меңгерумен бірге ойлау қабілетін қалыптастырады. Бестемшені бес ұяшық, бес таспен ойнайды. Бестемшенің маңыздылығы бұл ойынға барлық бала қатыса алады, нәтижесінде бала тез санап үйренеді. Бестемше – тоғызқұмалақ ойындарының шағын түрі, әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік ойын. Бұл ойынның басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынына осы ойынның өзі дәлел бола алады. Жасөспірімдердің дене күшінің мол болуымен қатар ақылды болуына да көп  мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан. Бестемше ойыны қазақ халқының ақыл-ой ойындарының бірі. Оның пайда болу мерзімі 4 мың жылдық мерзімді қамтиды. Бұл ойынға ұқсас ойындар Қырғызстан, Индонезия, Ява аралдары, Вьетнам, Малазия, Марокко және Түркияда кездеседі.  Бестемше туралы мәліметтер өте аз. Ойын туралы «Қазақ тілінің түсіндірме» сөздігінде былай делінеді:

«Тоғызқұмалақ ойынының бірнеше түрі бар. Оның балаларға арналған қарапайым,түрлерін «қоздату»,«б е с т е м ш е» деп атайды (Ө. Жолымбетов, Айгөлек, 46). «Тоғызқұмалақтың» да, «Бестемше» де тақталарындағы отаулардың екі қатар болып орналасулары, екі ойында да ұтқан құмалақтар мен тастарды жинайтын қазандықтарының болуы және жүріс жасағанда сол жақтан оң жаққа қарай бір бағытта жүріс жасаулары бір-біріне мүлтіксіз ұқсайды. Тек «Бестемше» бес отау, ал «Тоғызқұмалақта» отау саны тоғыз. Шеберлік сабағының басты мақсаты – «Бестемше» ойынын жаңғырту, ойын ережелерін толық меңгеру,  ойынды тәжірбиеден өтіп жүрген студентерге, ауданымыздың  дене шынықтыру нұсқаушыларымен, жас мамандарға  үйрету және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, озық-озат  тәжірибемізді   көрсету.

   Негізгі түсініктер мен ережелерді тереңдету: Бестемшенің барлық қырын, терминдерін  және жағдайларын түсіну. Бестемше ойыны арнайы тақтада екі бала арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 10 отау, 50 тастан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, бес отауға бес-бестен салынған жиырма бес тас тиесілі. Ал ойын тек 10 отаудан ғана жүргізіледі. Сондықтан да қарсыластардың отауына 1- ден 5 – ке дейін рет сандары қойылған. Рет саны солдан оңға қарай қойылған. Ойын тақтасында әр отау екі өзекшеге бөлінгендіктен, тастардың өзі екі қатар болып жатады да, не тақ (ашық), не жұп (жабық) екені анық көрініп тұрады. Әрбір отаудың белінен бөліп жүргізілген (тақтаның суретіне қараңыз) сызыққа дейін 5 тас салынады. Ойын екі ойыншының арасында өтеді. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, келесі жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен тасты жасыру арқылы анықталады.

  • Ойын стратегиялары мен тактикаларын үйрену: Шабуылдау, қорғану, қарсыластың әлсіз тұстарын пайдалану жолдарын меңгеру.
  • Ойынның психологиялық аспектілерін түсіну: Қарсыластың мінез-құлқын, ойын стилін бақылау және оған бейімделу.
  • Практикалық дағдыларды шыңдау: Дене шынықтыру нұсқаушыларымен педагог тәрбиешілердің ата-аналармен балабақшаның жалпы қызметкерлерінің ойын ережелерін тарихын  білуі, еркін ойнап бір бірімен бәсекеге түсуі.
  • Есептеу және жылдам ойлау қабілетін дамыту: Ойын барысында мүмкін болатын нұсқаларды тез есептеп, тиімді шешім қабылдау.
  • Зейінділік пен концентрацияны арттыру: Ойынға толықтай беріліп, қарсыластың әрекеттерін мұқият бақылау.
  • Реакция жылдамдығын жақсарту: Шапшаң қимылдап, қарсыластың шабуылына тез жауап беру.
  • Коммуникация және командалық жұмыс дағдыларын дамыту: Егер командалық ойын болса, серіктестермен тиімді байланыс орнату және бірлескен стратегия құру.

Шығармашылық және аналитикалық қабілеттерді дамыту:

  • Жаңа стратегиялар ойлап табу: Ойынның стандартты ережелерінен тыс, өзіндік тәсілдерді қолдану.
  • Ойынды талдау және қорытынды жасау: Өз қателіктеріңізді көріп, олардан сабақ алу және жеңіске жету жолдарын анықтау.
  • Қарсыластың ойын стилін талдау: Оның күшті және әлсіз тұстарын анықтап, оған қарсы стратегия құру.

Басқа пайдалы тәжірибелер: Өзіне деген сенімділікті арттыру: Ойында жетістікке жету арқылы өз қабілетіңізге сену.

  • Шыдамдылық пен төзімділікті дамыту: Жеңіліске мойымай, қайта күресуге дайын болу.
  • Құрмет пен әділдікті үйрену: Қарсыласты сыйлау және ойын ережелерін бұзбау.
  • Ұлттық мәдениетті тереңірек түсіну: Бестемше — қазақ халқының ұлттық ойыны болғандықтан, оның тарихы мен мәдениетін білу.

Шеберлік сынып барысында « Бестемше» ойыны жайлы жалпы мәлімет беріліп, ойын ережесімен таныстырып «Қайнар» және «Арқар» мектепалды тобының балаларымен келген қонақтар бірігіп ойнады. Келген қонақтар ойынға белсенді қатысты.«Тұмар» тобының бүлдіршіндері «Бестемше әнін»орындап қатысушыларды тәнті етті.

Қорыта келгенде «Бестемше» ойыны – қазақ халқының көне мұраларының бірі ретінде бүгінгі ұрпаққа аса қажет. Мұндай шеберлік сабақтары ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарды сол-дәстүрге құрметпен қарауға баулиды. Сол сесепті ұлттық ойындарды ұмыт қалдырмай, оларды кеңінен насихаттау – әрбір азаматтың міндеті. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді дана халқымыз.А біз осы ойынды мектеп жасына дейінгі балалардан бастап, тоғызқұмалақ ойнай алатын жасқа жеткенше іргетасын қалауымыз керек. Баланы жан –жақты ететін бұл ойынның түрі алдағы уақытта өз маңызын жоймайды.Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, оны құрметтей білейік! Ойнамаған бала -ойланбайды. Бүгінгі бала ертеңгі -дана!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*