Home » статьи » Жүзу бассейндеріндегі суды пайдалануға және сапасына қойылатын санитариялық талаптар!

Жүзу бассейндеріндегі суды пайдалануға және сапасына қойылатын санитариялық талаптар!

Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы  Толқынбеков Мақсат Мырзабекович.

Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау  бөлімінің
бас маманы: Сариева Умит Сериковна

Жүзу бассейндеріндегі суды пайдалануға және сапасына қойылатын санитариялық талаптар!

Бүгінгі таңда, жүзу бассейндеріндегі судың сапасы мен қауіпсіздігі қоғам денсаулығы үшін маңызды болып табылады. Жүзу бассейндеріндегі судың сапасы санитариялық-эпидемиологиялық  талаптар сақталмаған жағдайда, жұқпалы аурулардың  таралуына әкеп соғуы мүмкін.

Бассейндерді тұрғын ғимараттарда орналастырған кезде қабатаралық

жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулау қамтамасыз

етіледі.

Аквапарктер шет орналасқан тұрғын аумағында, саябақтық немесе

рекреациялық аймақта орналастырылады. Шомылу жүзу бассейндерін дезинфекциялау — су ағызылғаннан кейін және дезинфекциялау құралдарымен екі рет шаю әдісімен ваннаны механикалық тазалау арқылы жүргізіледі. Активті хлор ерітіндісін шаю, оны жаққаннан кейін бір сағат өткен соң, жылы сумен жүргізіледі.

Бассейн суының сапасын зертханалық зерттеулердің қанағаттанғысыз нәтижелерін алған кезде, объект әкімшілігі бассейнді жуу және дезинфекциялау, үй-жайларды, жабдықтар мен мүкәммалды күрделі жинау және дезинфекциялау жүргізеді. Кейіннен объектінің әкімшілігі нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау шеңберінде бассейн суының сапасына, үй-жайларды ағымдық жинау және дезинфекциялау тиімділігіне қайта зертханалық зерттеулер жүргізеді.

Судың ластанған жоғарғы қабатын тазарту суды ауыстырып құятын науалармен суды бұру жүйелеріне жіберу арқылы жүргізіледі. Бассейндерде рециркуляциялық немесе су ауыстырудың ағынды жүйесі қолданылады немесе бір мезетте бассейнді дезинфекциялай отырып, судың қажеттілігіне қарай және өндірістік бақылау көрсеткіштері бойынша судың толық ауыстырылуы қамтамасыз етіледі.

Спорттық-сауықтыру бассейндерінде суды алмастырудың рециркуляциялық жүйесі қолданылады, шағын бассейндерде көлемі 70 текше метрден аспаса судың толассыз ағысы қолданылады. Рециркуляциялық ауыстыру кезінде бассейн жұмысының әрбір 8 сағатқа есептегенде кемінде 10 пайыз (бұдан әрі – %) су құбырының таза суын үздіксіз қоса отырып, су тазаланады және зарарсыздандырылады. Суды тазалау, зарарсыздандыру және тарату құрылыстары жұмыстың тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әрбір бассейн өзінің реагенттерді автоматты түрде дозалауды және судың тұрақты температурасын қамтамасыз ететін су дайындау жүйесімен жабдықталады.

Бассейінге жіберілетін су зарарсыздандырылады (хлорлану, бромдалу, озондалу, ультракүлгінді  сәулелендіру және ұқсас залалсыздандыру әдістерімен)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*