Алматы қаласы білім басқармасына қарасты № 92 бөбекжай балабақшасы «Өнерлі отбасы» тақырыбында отбасылық сайыс ұйымдастырды.
Сайыстың мақсаты, ата-аналар мен балаларды додаға қатыстыра отырып, олардың отбасы тәрбиесі туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Байқаудың кішкентай өнерлі жүргізушілері әділқазылармен және қатысушылармен таныстырып, конкурсты бастауға рұқсат берді.
Қызығы көп таласқа толы бұл сайыстың басталуы бәрімізге қызық болды. Сахна төріне әшекейленген әдемі аналар мен, өр кеуделі әкелер шықты. Атап айтар болсақ, Рахат-әулеті, Досбатыровтар әулеті және Нарынбековтар әулетінен құралған үш отбасы бүгінгі байқаудың көркі болды. Олар, сайыстың барлық шарттарына сай берілген тапсырмаларды орындап, бар өнерлерін ортаға салды.
Таныстыру айдарында әр отбасы өздерін таныстырса, өнерлі доданың екінші айналымы Өнерлі жұлдыздар деп аталды. Аты айтып тұрғандай бұл жерде әр отбасы өз өнерлерін ортаға салды.
Ал үшінші айналымға келер болсақ, «тәрбие негізі -салт дәстүрде» деп аталды, мұнда ұлттық құндылықтарымызға сипаттама беру. Мысалы: тұлым қою, қамышы ілу сияқты ұлттық құндылықтарымыздың тарихына тереңнен тоқталды.
Соңғы айналымда Қол күрес, Бестас, Белдемше сияқты қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, ұпай сандары артты. Осылайша Бұл додада әкелеріміздің күші аналарымыздың ісі сыналды.
«№ 92 бөбекжай-балабақшасында» Біртұтас тәрбие аясында өткізілген іс-шара өте керемет өтті. Әділ қазылардың адал бағасымен марапатталған отбасыларды құттықтаймын! Тәрбие отбасынан басталады деген осы. Баланың бас ұстазы ата-ана. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деген біздің ұлттық құндылығымыз осы-тәрбие. Ана сүтімен бала бойына даритын, ұлттық мүдде, адамгершілік, еңбекқор, адал ата-ананың өсиетін тыңдауға отбасы татулығы мен берекесін қадірлеудің бәрі бүгінгі көріністе айқындалып көрініп тұр.
Біздің бүгінгі мақсатымыз осы. Біртұтас бағдарламасы негізінде отбасымен бірлскен жұмыс, отбасы мәртебесін өсіру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры дегендей, сіздерге талмас күш-қайрат, отбасыларыңызға береке тілеймін! Әкенің қамқорлығы мен ананың мейірімінен еш баланы айырмасын деді – аталмыш балабақша меңгерушісі Молдагожина Райхан Койшыновна.
Байқау қорытындысы бойынша 1ші 2 ші және 3 ші орындар иеленіп, әділқазылар алқасының бағалы сыйлықтар үлестірілді.
Жұлдыз Елеукен
Арнайы білім айнасы үшін
Алматы қаласы.