Home » Детский сад » Қош келдің, Жаңа жыл!

Қош келдің, Жаңа жыл!

Астана қаласы. «№89 «Қыз Жібек» балабақшасы»
тәрбиеші: Садвокасова Айгерим Канатовна

 

Жаңа жыл ертеңгілігі.
Кіші топ.
Ертеңгілік тақырыбы: « Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты: Білімділік: Балаларға мерекелік көңіл-күй тудыру, жаңа жыл туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтау ,ойлау қабілетін дамыту.Достық қарым-қатынас орнату.
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жаңа жылдық шырша, түрлі-түсті шарлар, жылтыр жіпшелер, суреттер
Жүргізуші:
 Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт, шаттық,молшылық әкелсін.
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын,
Жаңа жылың тағыда
Қол соғып қарсы алайық,
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
« Еркемай » тобында.
Музыка әуенімен залға  бүлдіршіндер  кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бүгін бізде ерекше күн, біз Жаңа жыл мерекесін тойлайық деп келдік. Бізге қонақтар келіпті. Құрметті қонақтар, Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Олай болса балалар , бастайық.

Жүргізуші: Шыршаны айнала келе қоянды көреді.
Жүргізуші: Қоян, сен мұнда не істеп жүрсің?
Қоян: Мен орманды аралап , адасып кеттім.  Мені бүгін балалар Жаңа жылға шақырған еді. Сол топты таппай жүрмін.
Жүргізуші: Содан ба сенің көңіл-күйін болмай тұр?
Қоян: -Иә.

Жүргізуші: Мұңайма қоянжан,  жүр бізбен бірге тойлайық.  Балалар қоянның көңіл-күйін көтеру үшін  Жаңа жыл туралы ән айтайықшы.
Ән: « Жаңа жыл»
Жүргізуші: Ал, балалар біздің мерекемізде кім жоқ?
Балалар: Аяз ата
Жүргізуші: Дұрыс айтасыздар, қане бәріміз Аяз атаны шақырайықшы.
Балалар: Аяз ата,Аяз ата кел бізге.
Осы кезде музыка әуенімен билей басып түлкі келеді.
Түлкі: Мен түлкімін, түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлғаң, бұлғаң құйрығым
Текке өтпейді бір күнім
Аяз Ата мұңда келмейді,
Сендерге сыйлық бермейді.
Балалар: Қалайша?
Түлкі: Аяз аталарың адасып кетіпті,
Сендерді таба алмай
Үйіне қайтып жетіпті.
Жүргізуші: Бұл қалай болды? Думанымыз Аяз атасыз қалай өтпек?
Түлкі біз сенімен поровоз ойынын ойнайық, ал сен бізге Аяз атаны ертіп алып келші.
Ойын «Поровоз»
Түлкі: Жарайды, мен кеттім (билеп кетіп қалады)
Жүргізуші: Балалар, уайымдамаңыздар. Аяз ата келеді тағы бір шақырып қояйықшы.
Балалар: Аяз ата , Аяз ата кел бізге.
Аяз атамыз келмей жатыр,онда балалар  Аяз ата туралы өлеңімізді айтып көрейік, мүмкін келіп қалар.
Ән: «Аяз Ата кел,кел»
Аяз ата: Құтты болсын, балалар.
Келген  Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп қыз, ұлдарым.
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем,
Жыл өткізіп келем деп.
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы?
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар: -Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Аяз ата: Ал, балалар ұзақ жолдан келіп шаршап едім, отырып сендердің өнерлеріңді тамашалайық  ақшақармен.
Би: Джингл бенз
Аяз ата: Тамаша, керемет. Балалар мен сендерге бос қолмен келген жоқпын, сыйлықтарымды алып келдім. Тақпақ айтатыңдарың бар ма?
Тақпақтар:
1.Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.     Сезім
2.Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын,
Төрле, төрле жаңа жыл.
Бізге құтты жыл болсын.   Даурия
3.Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.        Мадина
4.Жаңа жыл,жаңа жыл.
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Би билеп барлық бала жүр.    Ислам
Аяз ата: Тамаша,керемет балалар енді мен сендерге ойын ойнатайын.
Ойын: Үсірме
Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар. Өте керемет кеш болды. Сендерге көп рахмет, мен енді басқа балаларға барайын, рұқсат болса.
Сыйлықтарды тарату процесі.
Жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын, жарқын ән салып,
Жалғасады жылға жыл,
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсің.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін-деп бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтайық. Қош, сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*