Home » Детский сад » Ауылға Саяхат

Ауылға Саяхат

Астана қаласы. «№89 «Қыз Жібек» балабақшасы»
тәрбиеші: Марат Таңшолпан Маратқызы

Оқу іс-әрекет

Тақырыбы: Ауылға Саяхат                                                                                                                                        Мақсаты:Балаларды қазақ халқының дәстүрлі төрт түлік мал туралы танымын кеңейту, төрт түліктің түрлерімен олардың пайдасы туралы түсінік беру,оларға қамқорлық жасауды үйрету. Балалардың сөздік қорын дамыту, есту, есте сақтау қәбілеттерін жетілдіру.
Әдіс-тәсілдер:Әңгімелеу,сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын.

Көрнекіліктер:Үй жануарларының суретттері, Ұлттық ойын, Ұлттық тағамдар.

Ұйымдастырыған іс-әрекеттің барысы;

Тәрбиеші;Сәлеметсіңдерме! Балалар көңіл күйлерін қалай?Балалар бүгін бізде өте ерекше ұйымдастырылған ашық оқу қызметі болады. Бүгін біз Ауылға саяхат жасаймыз. Әжеге барамыз. Балалар ұзақ жол жүреміз,шаршап қалмас үшін ең алдымен денемізді сергітіп  шаттық шеңберіне тұрайық.

Шаттық шеңбері:Қара жорға би (Қазақтың ұлттық биі)                                                                               Тәрбиеші; Керемет балалар жақсы билейді екенсіңдер,ендеше балалар жолымыздан қалмайық құсқанаты ою секілді қолымызбен қанат қағып ауылға ұшайық. 1,2,3 санап Ауылымызға қонамыз.

  • Балалар қараңдаршы қандай ауылға тап болдық табиғаты қандай керемет, балалар ауылымыздың аты Қыз Жібек екен біздің балабақшамызбен аттас екен.

Балалар бүгін біз төрт-түлікпен танысамыз олардың пайдасы жайлы білеміз және дауыстарын естиміз.
(Төрт түлікпен танысып болғасын Әже келеді)

Әже: Ой менің балаларым келіп қалыптығой қандай тамаша бойларын өсіп ақылды ұл қыз болып өсіп қалыпсыңдар. Көңіл күйлерің қалай? Шаршамай ауылға жеттіңдерме?

Маған  сендердің көмектерін керек болып тұр келгендерің жақсы болдығой көмектесесіңдерме балалар? Менің сиырым сауылмады, қойларым қырқылмады,көпшігімнің жүндері салынбады.

Тәрбиеші; Ендеше балалар топтасып әжемізге көмектесейік ұлдар қой қырқысын,қыздар екіге бөлініп сиыр сауып,көпшіктің жүндерін салып берейік.

Әже : Ендеше тапсырма орындағанша мен сендерге қазақтың ұлттық тағамы Бауырсақ әзірлеп әкеп берейін.

( Тапсырма орындайды)

Тәрбиеші; Балалар, шарашаған боларсындар бой сергітіп сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті;Қазақтың оюларын әуенмен, іс-қимылмен көрсетеді.

Тәрбиеші;Балалар біз ауылға келіп тұрып ұлтық ойын ойнамағанымыз дұрыс болмас, кәнеки ұлдар көкпар ойын ойнайық. Қазақтың ұлдары аттың құлағында ойнаған.

Керемет балалар, ендеше әжеміз келем дегенше жұмбақ шешейік экранға назар аударамыз.

Видео арқылы жұмбақ шешіледі, төрт-түліктің даусын ссалып дыбыс жаттығуы орындалады.

Әже; Тамаша балалар жарайсындар,барлық тапсырманы керемет орындапсындар ендеше балалар мен сендерге бауырсақ әкелдім.
Кері байланыс; Шапалақтау әдісі.
Балаларға сабақ ұнаса жоғарға шапалақтайды.
Балаларға сабақ орта деңгейде ұнаса ортаға шапалақтайды.
Балаларға мүлдем ұнамаса төменге шапалақтайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*