Астана қаласы. «№89 «Қыз Жібек» балабақшасы»
тәрбиеші: Ибраева Самал Сериковна
Топ: ересек тобы
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Қарапайым математика.
Тақырыбы: Пішіндер бізде қонақта.
Мақсаты: Баларды геометриялық пішіндерді (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш) және геометриялық денелердің (куб, шар, цилиндр) танып атай білуге үйрету; Дағдыларды қалыптастыру: геометриялық пішіндерді тану және атау пішіндерді зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекіліктер:Әртүрлі пішіндер, карточкалар
Сөздік жұмыс: Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, сопақша,тіктөртбұрыш.
Әдіс –тәсілдер: Сұрақ –жауап, 4 КА модель, Мнеокесте
Балалар қараңдаршы бүгін күн қандай тамаша! Бір-бірімізге жақсы тілектерімізді айтайық амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Кел шеңберге тұрайық,
Сәлемдесіп алайық,
Бізге шаттық шеңбері
Жылу-жарық береді
Мәңгі достық адалдық
Шеңберменен келеді.
Балалар жақсы көңіл- күймен орындарымызға жайғасайық.
-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы?
— Әр мезгіл неше айдан тұрады?
-Үш айдан тұрады.
-Қазір қыстың нешінші айы?
-Қазір қыстың үшінші айы.
-Қандай ай?
-Қаңтар айы.
-Бір аптада неше күн бар?
-Бір аптада жеті күн бар.
-Бүгін аптаның қай күні?
Тамаша жарайсыңдар балалар!
-Балалар, бүгін біз оқу қызметімізді жұмбақ жасырамын мұқият тыңдап,
Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек жатады екен.
-Неге төртбұрыш дейді екенбіз,қанекей төртбұрыштың қабырғаларын,бұрышын санайық.Төртбұрыштың түсі қандай?
-Ал ,үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз,бұрыштары мен қабырғаларын санайық.
-Үшбұрыштың түсі қандай екен?
-Менің қолымдағы қандай пішін екен?
-Менің қолымдағы пішін дөнгелек екен.
-Түсі қандай?
-Түсі көк екен.
Балалар, тыңдаңдаршы есікті біреу қағып тұрған сияқты.
Балалар ,қараңдаршы бізге «Сиқырлы пішіндер» әлемінен қонаққа Ханшайым келіпті.Ханшайым өзімен бірге «Сиқырлы пішіндер» әлемінен пішіндерді ерте келіпті ,сондай -ақ сендерге арнап тапсырмалар ала келіпті.
-Ханшайым,пішіндерді ертіп келіп,балалармен таныстырып жатқаныңызға рахмет.
Есікті қағып,Ханшайым мен пішіндер қонаққа келеді.
Ханшайым амандасады.
-Сәлеметсіздер ме,балалар? Мен «Сиқырлы пішіндер» әлемінен сендерге өздерін таныстыру үшін пішіндерді ерте келдім.
Пішіндер өздерін таныстырады:
Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.
Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын.
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.
Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты,күн сияқты,
Шар сияқты домалақпын.
Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен?
Топтық жұмыс:
Қазір мен сендерге үш түрлі пішін таратамын, сол пішіндерге байланысты үш топқа бөлініп отырасыңдар.
(Балалар қолдарындағы пішінге байланысты ұшбұрыш, төртбұрыш,дөңгелек болып үш топқа отырады.)
Ханшайым мен пішіндер балалардың ортасына барып отырады.
І топтың
1-тапсырма:
1-10дейін тура және кері санау.
2-тапсырма:
Балалар суреттен заттардың қай пішінге ұқсастығын табады.
3-тапсырма:
Мнеокесте арқылы пішіндерден құстарға ұя құрастыру.
Құстарға ұя жасайық,
Үстіне қойып үшбұрыш
Астына қойсаң,төртбұрыш,
Құс келсін десең ұяға,
Дөңгелек қой ортаға.
Балалар, құстың ұясын қандай пішіндерден құрастырдық?
Сергіту сәті
Ал балалар ,тұрайық,
Қолдан шеңбер құрайық.
Дөңгелектей дөңгелеп,
Шыр айналып тұрайық.
Қолды аспанға созайық,
Түзу болып тұрайық.
Бір біріне қосқанда,
Үшбұрышты құрайық.
Балалар:құстар отыр
Тәрбиеші:Қане ,санайықшы:1-ден 10ға дейін тура және кері санайық.
Балалар:Санайды.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар,енді осы 10-ға дейінгі сандарға байланысты санамақ ойнайық.
ІІ топтың
1-тапсырмасы :
Санамақ санау
Бір дегенім-білім
Екі дегенім-еңбек
Үш дегенім-үміт
Төрт дегенім-төзім
Бес дегенім-бестік
Алты дегенім-арман
Жеті дегенім-жігер
Сегіз дегенім-сенім
Тоғыз дегенім-талғам
Он дегенім-отан.
2-тапсырмасы:
Т:Балалар осы сандарға байланысты кім жаңылтпаш айтады.
Б:Жаңылтпаш:
Төрт төртім бар
Төрт тортым бар
Төрт төртім маған
Төрт тортым саған.
Мадақтау.
3-тапсырма:
Пішіндерден балапан құрастырып жапсыру.
Жақсы жарайсыңдар балалар сендерге рахмет!
ІІІ топтың
1-тапсырмасы:
Логикалық сұрақтар:
Қоянда неше құлақ бар?
Бағдаршамда неше көз бар?
Аспанда неше күн бар?
Қолғапта неше саусақ бар?
Бір жылда неше ай бар?
Бір аптада неше күн бар?
Адамда қанша саусақ бар?
Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
2-тапсырмасы:
«Тапқыр болсаң тауып көр» есеп жұмбақ.
Далада тұр екі ешкі,
Қорада тұр екі ешкі,
Екі ешкімен екі ешкі болады.
Барлығы неше ешкі?
Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Дидактикалық ойын
«Орнын тап» Пішіндерді орнына орналастыру.
3-тапсырма: Санамақтардан пішіндер құрастыру.
Сендердің еңбектеріңді жалаушалар арқылы бағалаймын. Өте жақсы еңбектерің үшін қызыл жалауша, жақсы еңбек жасағандарың үшін көк жалауша, орташа еңбектерің үшін сары жалауша .
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Геометриялық пішіндерді және геометриялық денелерді ажыратады және атайды.
Меңгереді: Пішіндерді пайдаланып,балапан жапсырды.
Игереді: 4 КА модел.