Астана қаласы. «№89 «Қыз Жібек» балабақшасы»
тәрбиеші: Сакиева Нагима Рызабаевна
Ертеңгілік тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа Жыл!»
Топ: Ортаңғы
Ертеңгілік мақсаты: балаларға мерекелік көңіл-күй, дүние жүзі бойынша барлық халықтың үлкен көңілмен қарсы алатын ерекше мереке екенін ұғындыру. Жаңа әндер, тақпақтар жаттату, би үйрету.
Ертеңгілік көрнекілігі: жаңа жылдық шырша,түрлі-түсті шарлар, жылтыр жіпшелер, жаңа жылдық суреттер.
Қатысушылар: Ертеңгілік желісі бойынша киімін киген балалар, Бауырсақ, Қасқыр, Түлкі, Қоян, Аю, Аяз ата, Ақшақар, Жаңа жыл, жүргізуші.
Өтілу барысы: Музыка әуенімен қолдарына бұлғап бүлдіршіндер шығады.
Бауырсақ: Сәлеметсіңдер ме балалар?! Әдемі болып қайда шықтыңдар?
Жүргізуші: Сәлеметсің бе бауырсақ?! Бізде бүгін ерекше күн, біз Жаңа жыл мерекесін тойлайын деп келдік. Бізге қонақтар келіпті. Құрметті қонақтар, Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Бауырсақ, сен мұнда не істеп жүрсің?
Бауырсақ: Мені атам мен әжем Жаңа жыл мерекесіне арнап пісірген болатын. Мені суыту үшін терезеге қойған. Мен терезеде зерігіп, домала жерге түстім. Содан домалап келе жатып, сендерге жолықтым. Сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер, қандай мерекені тойлағалы жатсыңдар?
Балалар: Жаңа Жыл мерекесін.
Бауырсақ: Балалар сендердің шыршаларың жанбай тұр ғой, қалай тойламақсыңдар? Қане бәріміз жағып көрейікші.
Жүргізуші: Енді не істедік балалар? Біздің дайындаған өлеңіміз бар еді ғой балалар. Соны айтсақ бәлкім шырша жанып қалар?!
(шырша жанбайды)
Жүргізуші: Енді қандай амал қолдансақ екен балалар?
Бауырсақ: Мен білемін, шыршаны жағу үшін Аяз атаның сыйқырлы таяғы керек. Мен орманды аралап келдім, жолды жаттап алдым. Сендерді Аяз атаға алып барамын. Жүріңдер мына тұрған поездға отырып Аяз атаны іздеп қайтайық.
(поездға мініп балалалар бірінші аялдамаға келгенде қоян секіріп шығады. Бауырсақты бас салып ұстайды)
Қоян: Мен сені жеймін.
Жүргізуші: Қоянжан, сен бауырсақты жемеші. Біздің балалар саған өз өнерлерін көрсетеді.
Тақпақтар:
Арлан
Тамаша,тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Даурия
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Мадияр
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Айсад
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Би билеп барлық бала жүр.
-ай.
Би: «Шырша»
Жүргізуші: Қоян, саған біздің балалардың биі ұнады ма?
Қоян: Иә, өте өнерлі балалар екен.
Жүргізуші: Сен олай болса Жаңа жылды бізбен бірге қарсы ал.
(Балалар поездбен әрі қарай жүреді, екінші аялдамаға келгенде алдыларынан қасқыр ырылдап шығады да бауырсақты бас салады)
Қасқыр: Бауырсақ, мен сені жеймін.
Жүргізуші: Қасеке, сен бауырсақты жемеші. Ашуыңды басып біздің балалардың өнерін тамашала.
Қасқыр: Олай болса сендердің балаларың ойын ойнай ала ма? Балалардың шапшаңдығын тексеріп көрейін.
Ойын: «Көңілді орындық»
(Шарты: Көңілді әуен ойналады, ортаға 5 бала шығады. 5 балаға 4 орындық қойылады, әуен тоқтаға орындықтарға қатысушылар отырып үлгеру керек.)
Қасқыр: Ой, жарайсыңдар балалар қандай шапшаңсыңдар.
Жүргізуші: Олай болса Қасеке сенде бізбен бірге Жаңа жылды қарсы ал. Біздің балалар тек шапшаң емес, әрі өнерлі.Біздің Аяз атаға арнаған тақпақтарымыз бар.
Аия
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Медет
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
Айдана:
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
(Балалар поездбен сапарын ары қарай жалғастырады, аялдамада көңіл күйі түсіп түлкі күтіп отырады.)
Жүргізіші: Сәлеметсің бе, түлкі жан?! Неге көңілсізсің?
Түлкі: Мен сыйлық толы қоржынды тауып алдым, бірақ аша алмай отырмын.
Жүргізуші: Бұл Аяз атаның қоржыны емес пе? Бұны тек Аяз ата ғана аша алады. Сенің көңіл күйіңді көтеру үшін біздің балалар саған арнап би билеп берсін.
Би: «Балалар»
Жүргізуші: Түлкі жан, көңілің көтерілді ме? Олай болса Аяз атаны бірге іздейік сонда ғана сыйлықты аша аламыз.
(Сапарлары ары қарай жалғасады. Бұл жолы Ақшақарды кездестіреді.)
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ақшақар?!
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме! Сіздер Аяз атаны көрген жоқсыздар ма? Қоржынын жоғалтып, соны іздеу үшін орманға кетіп еді.
Жүргізуші: Жоқ біз кездестірмедік, бізде Аяз атаны іздеп жолға шықтық.
Ақшақар: Олай болса мен бір биімді билеп, Аяз ата менің әуенімді естіп өзі келер.
Би: «Шырша» биі
(Аяз ата жаңа жылды ертіп кіріп келеді, ата-аналармен көңілді ойын ойнайды, сыйлықтарын таратады)
Жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын, жарқын ән салып,
Жалғасады жылға жыл.
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін- деп бүгінгі «Зымыран» тобының «Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты ертеңгілігі осымен аяқталды. Сіздерге көп-көп рахмет!