Әке көрген оқ жонар…
Алматы қаласы, Алмалы ауданы №30 балабақшада меңгеруші Кыдырбаева Анаргүл Шалхарованың
бұйырығы негізінде, Мектепалды топтарының тәрбиешілері:Жуманова С,Масенова А,Ибадуллаева Г. Ұйымдастыруымен «Әкелер мектебі» «Әке-асқар тау, Бала-жағасындағы құрақ»атты іс-шара өтті. Тағылымды таныстырумен басталған шара қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасты. «Мақал сөздің мәйегі» атты ойынның ережесі бойынша әр топтың әкелері ұлттық құндылықтар туралы мағлұмат берді. Соның ішінде домбыра,асық,шахмат, ат ерттеу әбзелдерімен қой қырқу кеңінен айтылып насихалды. Асық ойыны бүгінгі балаларды дамытуға қажетті бірегей методикалық құрал деп айтуға болады. Әрине, біздің алдынғы заманымызда асық ойыны балалардың күнделікті ойыны болып саналатын. Тәрбиелік мәні зор болып есептелген бұл асық ойыны біздің асыл мұрамыз екені айтылды. Келесі кезекте,қой қырқу, биязы және биязылау жүнді қойлар жылына бір рет көктемде, ал ұяң не қылшық жүнді қойлар екі рет көктемде (жабағы) және күзде (күзем) қырқылады, қойды қырқар алдында 12 – 14 сағат бойы азықтандырмайды. Жалпы, қой қырқуды 10 – 12 күннің ішінде, шыбын-шіркей шықпай тұрып аяқтайды деп түсінік беріп өтті.