Майя Мейрамқызы
Ия, өмір ешкімге де қарамайсың
Біреуден биік, ал біреуден төмендетіп алалайсың
Бағымды аспандатып аялайсың,
Бақытқа бас айналып жүрген сәтте,
Оңдырмай кеп ұрасың, аямайсың.
Өткенге мойын бұрасың,
Қаттелігіңе қамығып басұрасың
Бағындырып уайымның мұнарасын
Салы суға кеткендей мұңаясың
Өксік толы кеудем мен жанарымды
Сабыр түбі сары алтын деп жұбатасың.
Өмір, сырыңды біліп болмайсың,
Сен өзі қандайсың?
Дәлелдейсің әлдекімге ақталасың
Кезігеді қарсы алдыңнан бақталасың
Арпалысып адамдармен алысасың
Боқтасып жын ұрғандай жұлысасың
Адамдықтың арнасынан асып-тасып
Аласапыран дауылдан да басыласың
Пенде деген осы екен ғой.
Өмір жалған…
Бәрі де бос екен ғой,
Сыйластықтың сыйға толы сандығында
Қалатыны сіз бенен біз екен ғой шындығында