Нусибалиева Индира Мергеновна
Алматы қаласы
Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
педагог-зерттеуші
«Ерлігі – елге өнеге, ұрпаққа үлгі»
Халқымыздың аты аңызға айналған даңқты батыры, шындықты ту, ақиқатты ұран еткен қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының тарихи тұлғасын, өнегелі өмірін, ерен ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету- біздің парызымыз.
Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған Кеңес Одағының батыры, «Халық қаһарманы» қаламгер-жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 114 жыл толуына орай «Ерлігі – елге өнеге, ұрпаққа үлгі» атты әдеби-сазды кеш Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Момышұлы атындағы № 131 мектеп-лицейінде үстіміздегі жылдың 20 желтоқсан күні аталып өтілді.
Туғанынан тумысы бөлек, жаратылысынан болмысы бөлек қазақтың қасиетті перзенті Бауыржан Момышұлы бүкіл саналы ғұмырында ұлттың мүддесін қамықпай қорғап, ата салтына адал болды. Батырдың туған ауылы — кезінде ұлы қағандардың киелі қонысы болған Мыңбұлақ жері. Осындай құтты, шұрайлы өңірде дүниеге келген Баукеңнің арғы атасы – Ақментай батыр. Баукең ХХ ғасырда ұлтының жоғын түгендеп, барын бүтіндеген бірегей тұлға.
Өнер қуған жасынан, Өнері судай тасыған.
Төртінші сынып бишілері, Көрінсін көштің басынан деп,
4 «Ә» сыныбының мың бұралған биші қыздарының “ Наз “ биін тамашалады.
Бүгінгі кешке көптеген қонақтар келді. Қонақтарымыздың арасында қазақтың біртуар батыры Б.Момышұлының көзін көргендер, көзін көрмесе де ұлағатты мұрасынан ғибрат алған ұрпақтары да бар.
Аты аңызға айналған батыр Баукеңнің келіні, жазушы-этнограф, қоғам қайраткері — Зейнеп Ахметова,
Жазушы, бауыржантанушы — Мамытбек Қалдыбай,
«Бауыржан Момышұлы мұралары» бағдарламасының үйлестірушісі Масатбаев Оралжан,
Орталық мемлекеттік архив басшысы – Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы.
Бүгінгі күнде қас батыр Б.Момышұлының атымен көптеген оқу орындары, көшелер, мектептер аталады. Соның бірі – сан ұрпаққа білімнің білігін, тәрбиенің тәлімін беріп отырған №131 мектеп-лицейі. Осы киелі шаңырақтың директоры – Достанова Роза Зияханқызына сөз кезегін алды.
Күйшілер оркестрінің орындауында «Ерке сылқым» күйі орындалды.
Бауыржандай атасынан бата алған, бүгінде асыл әже атанған, тәлімі мол халық тәрбиесін ұрпақ бойына сіңіруді насихаттап жүрген жазушы, қазақтың асыл анасы, «Шуақты күндер» кітабының авторы, Бауыржан атамыздың келіні Зейнеп Ахметова апайымызға құрметпен сөз кезегі берілді.
5«А» сынып оқушысы Қожахмет Нұрымжанның орындауында «Елім, жерім менің» атты авторлық әні тыңдалды.
Келесі сөз кезегін ширек ғасырға жуық уақыт қазақтың біртуар ұлы, аты аңызға айналған батырдың сенімді серігі, ұлағатты сөздерін тыңдап, тәрбиелік мәні зор әңгімелеріне қаныққан, сол екеуара сұхбаттарды баға жетпес мұраларға айналдырып, оқырман назарына ұсынған қарымды қаламгер – Мамытбек Қалдыбай атамызға берілді.
Аққудай тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетсін тербетіле деп,11 «Ә» сынып биші қыздарының «Тұмар» биін тамашалады.
Б.Момышұлы жалаң батыр ғана емес, қолына қаруы мен қаламын қатар ұстаған бұрынғының жырау — батырлары сияқты ұлттың мүддесін қаймықпай қорғап, батыл айта білген «ұлттың үніне» айналды. Батырдың өсиеттері жас ұрпаққа өте жақын, ойларына азық, бойларына қуат, жандарына шуақ беріп тұрады.
Әдеби монтаж Қасым Аманжоловтың «Бауыржан» өлеңі оқылды.
Бір дауыл сапырды кеп өрт теңізін,
Теңселтіп темір топан дүние жүзін.
Бетіне туған жердің өшпестей ғып,
Ер жазды өз қанымен жүрген ізін.
Нақ сол кез естідім мен ер дүбірін,
Атағы атын алып келді бұрын.
Үстінде туған елдің тұрды толқып,
«Бауыржан Момышұлы» деген бір үн.
Сахна төрінде «Қазақ жастары» әнімен 4 «Ә» сынып оқушысы Тұрсынбек Айерке өз өнерін көрсетті.
Бейбіт еліміздің көгінде көк байрағымыз желбіріп, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, жастарымыз жігерлі, күніміз шуақты, еліміз қуатты болсын деп тілейік. Аты аңызға айналған батыр, қайталанбас ерліктің үлгісін көрсеткен тұғыры биік дара тұлға, Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының асқақ рухын, ғибратты өмірін өнеге тұтып жалғастырар ұрпағы өсіп келеді.
Б.Момышұлының туған күні қарсаңында 9-11сынып оқушылары арасында «Алаштың айбыны – Бауыржан Момышұлы» атты аудан деңгейінде өткізілген байқаудың жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.
1-бағыт: «Болмасаң да ұқсап бақ» номинациясы бойынша жүлдегерлер
2-бағыт: «Атадан қалған өсиет» номинациясы бойынша жүлдегерлер
3-бағыт: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» номинациясы бойынша
4-бағыт: «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін» номинацияларымен мараппатталды
«Өз елім» (5 «А», 2 «Ә», 9 «Ә», 10 «Ә» сынып оқушылары хор орындады)
Батыр, батыл, кемеңгер, кемел бабам,
Болмайды ешқашан де төмен бағаң.
Талай жыл, талай ғасыр өтсе дағы,
Ерлігіңді ұмытпас келер қоғам.
Шындықты ту етіп, ақиқатты ұран еткен қайсар мінездің иесі – Бауыржан батыр отансүйгіштіктің, елжандылықтың эталоны. Баукеңнің даңқымен, рухымен, дана өсиет сөздерімен тәрбиеленген ұрпақ осал ұрпақ болмайтыны айдан анық.