Home » Новости » Қарттарымыз өз ризашылықтарын білдірді

Қарттарымыз өз ризашылықтарын білдірді

«Қазыналы қарттарым аман болсын!»
Болыңыздар амандықта қарттарым,
Шырқалып бұл әрқашанда тәтті әнің.
Қазыналы қарттарым сен аман бол,
Гүлдей жайнап құлпырып бұл бақтарың.
Қарттар күні бар бақытын сыйласын.
Жаратқаным жар боп әркез лайым.
Қазыналы қарттарым сендер барда,
Күлімдейді аспанымда күн, айым.
Әрбір үйдің қазынасы сіздерсіз,
Бақ-береке сіздерменен орнайтын.
Қарттар күні қуаныштар көбейіп,
Сәттіліктер көптеп болсын жалғайтын! – деп, бүгін Алматы қаласы, Алатау ауданы КМҚК «№148 бөбекжай-балабақшасында» 1-қазан Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қазыналы қарттарым аман болсын!» атты мерекелік іс-шара аталып өтті. Мерекеге орай арнайы шақырылған қарттарымыз келіп, балабақша бүлдіршіндерінің өнерін тамашалады. Балабақша ұжымымен әсем ән шырқалып, күмбірлеген күй ойнап, келген қонақтарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қарттарымыз өз ризашылықтарын білдіріп, батасын берді. Қазыналы қартарымызға өздеріңізді бағалайтын жақын жандардың ортасында қартаймай, баянды ғұмыр кешіңіздер! –демекпіз. Осындай айтулы мерекеде ұйымдастырылған іс-шаралар бұдан кейін де өз жалғасын таба бермек.

Алматы қаласы Алатау ауданы
КМҚК «№148 бөбекжай- балабақшасының»
әдіскері: Мустафинова Жазира Султанқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*