Home » Новости » «Жеңіс туын желбіреткен Рақымжан Қошқарбаев»

«Жеңіс туын желбіреткен Рақымжан Қошқарбаев»

   1945 жыл 30- сәуір таңғы сағат 7:00. Давыдов батальонының сарбаздары Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Одер өзенінен өтіп КСРО үкіметінің қызыл жалауын жау ұясы Рейхстагқа алғашқы болып тіккен еді. Олар осы еңбектерінің арқасында сұрапыл соғыстың нүктесін қойды. Алайда бұл ерлік бағаланбады. Тарих өзгертілді. Тек 1954 жылдан кейін ғана есімі ұмыт болғандай Рақымжан мен Григорий аттары жайлы барлық басылымдар жарыса жазды.

1924 жылы дүниеге келген қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаев жайында 02.10.2024 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында 2 «Б» сынып оқушылары және сынып жеткшісі Қайсанова Ұлжан Маратқызы мен әскери жетекші Иманбаев Нұржан Бейсенұлы атаулы күндер аясында халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Жеңіс туын желбіреткен Рақымжан Қошқарбаев» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: бүгінгі жас ұрпақты өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, елжандылыққа, ұлтын сүюге, елін, жерін қорғаған ержүрек батырларды ұмытпауға, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу болды.
Патриоттық үлгідегі меркелік іс шараға шекара қызметінің ардагері полковник Сембаев Қайрат, Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы «Жас Ұлан» мектебінің тәрбие және идеология бөлімінің бастығы, майор Танирбергеов Нуршат Мухтарович, Бостандық ауданы АӘжТД әскері майор Кенебаев Кәрібай Дәркенбаевич сонымен қатар №146, 68 және 38 мектеп гимназияларының әскери жетекшілері,Бостандық ауданы тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қонақта болды.
Меркелік іс шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен бастау алып «Дала сазы» оркестрінің орындауындағы Құрманғазының күйі «Адай» мен жалғасын тапты. Тақырыпты ашу мақсаты негізінде немересі мен әжесі бүгінгі бейбіт өміріміз үшін Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған майдангерлерге тағзым етіп мәңгілік алау алаңына гүл қойды. Мерекелі іс шарада 2 «Б» сынып оқушылары «Жеңіс жалауы» тақырыбында көрініс қойып, «Мен қазақпын» әні шырқалды. Жігіттер рухты би билесе, арулар жеңіс биімен сахна сәнін келтірді.
Мерекелік іс — шара барысында 7-10 сынып оқушыларынан құралған топ ант қабылдап «Жас Сарбаз» клубының мүшесі атануымен ерешелене түсті. «Жас Сарбаз» сыныбына қабылдану үшін алғашқы ережелердің бірі әр оқушының үлгерімі мен денсаулық жағдайы болса, іс- шара барысында мектеп директоры Бейсембаева Бибигул Адыгуловна мен кеш қонақтарына сөз берілді. Тәрбие сағаты «Біргеміз» хормен аяқталды.
Халқымыздың зердесіне 1945 — жылдың 9 — мамыры мәңгілік сақталады, ғасырлар бойы ұмытылмайды. Себебі бұл — Ұлы Отан соғысы Ұлы Жеңіспен аяқталған күн. Әлем фашистік құлдық қаупінен азат етілген күн. Кеш болса да тарих беттерінде Рақымжан Қошқарбаетың есімі алтын жазулармен жазылды. Бүгінгі ұрпақ Рақымжан Қошқарбаетың кім екенін білетін болады.

Алматы қааласы, Бостандық ауданы
№40 мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Кабылбек Арай,
Мектеп тәлімгері Сұлтанғазы Мөлдір.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*