Таң қылаң бере Астанадағы Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінің алдына тоқтадым. Сағатыма қарасам әлі сегіз де болмаған екен. Таң атпай ешкімді мазаламайын уақыт өткізіп, әлем желіні шарлап шығайын дедім.
Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен кездесіпті. Біздің президентіміз бойшаң сияқты еді, Александр мырзаң тіптен ұзын екен. Әскерін бір жіпке тізгендей қаздитып қойып Қасым-Жомарт Тоқаевты күтіп алыпты. Мәселе бойда емес ой да екен ғой деп бір түйіндеп қойдым.
Келесі ақпараттат Бибигүл Жексенбай Польша Республикасының Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілімен кездескендігі айтылыпты.
Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы, Қазақстан-Моңғолия парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Нұртай Сабильянов бастаған Мәжіліс депутаттары Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралы депутаттарымен кездесті жатыр екен.
Олжас Бектенов 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстарын табысты жүргізу үшін биылғы 1 желтоқсаннан бастап дихандарды қаржыландыру жұмыстарына кірісуді тапсырып жатыр.
Оқу-ағарту министрлігі мектепте тамақтандыру қызметін көрсетушілерді іріктеу талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Астана қаласының Білім басқарма басшысы басқаланың білім жүйесі мен оқу үдерістері жайында журналистерге сұқбат беріп жатыр екен.
Қарап отырсам бос жүрген адам жоқ. Ақпараттармен танысып отырған да сағат тоғыздан кетіпті. Жайлап басып мектепке кірдім. Қайнап жатқан қазанға түскендей болдық. Президенттер кездесіп, бір бірлерінен тәжірибелерімен алмасайын деп жатыр екен. Атап айтсам Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінің 10 шы “Е” сынып оқушысы Әмірғалықызы Айым, Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінің президенті Муратова Томирис, Байтурсунова Айша, Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының президенті Ерахмет Дания қатысты. Тәрбие мен білім құстың қос қанаты сынды егіз ұғым. Сондықтан да екеуін қатар алу міндет. Жұмысты ұйымдастыру мен оны жүргізу жекелеген адамдардың жауапкершілігіне байланысты. Осы мақсатта мектеп тәлімгерін әңгімеге тарттым.
— Біз мектеп Парламентінің беделін нығайту және арттыру бойынша қайта ұйымдастыру жұмыстарын жүргіздік. Мектеп Парламенті оқушының өзін-өзі басқаруы ретінде оқушыны әр қырынан дамытады, оның қоғамда белсенді дамуына ықпал етеді, кез-келген салада көшбасшы болуға көмектеседі. «Дос коммунити», «Әрекет ету» жобалары аясындағы бүгінгі кездесу бізге жаңа идеяларды жүзеге асыруға, Астана қаласының мектептерімен бірлескен жаңа жобаларды іске асыруға, қажетті тәжірибемен алмасуға және оқушылар арасында тәрбие жұмысын нығайтуға көмектеседі” дейді Секен Назымбек Жомартұлы.
“Президент болған қандай екен”- деп сұрадым Айымнан. «Маған өзіме осындай басқарушылық жұмыстар ұнайды. Кішкентай кезімнен достарыммен жиналыс жасаймыз деп ойнап, оларға тапсырмалар үлестіріп беретінмін. Менің бойымда ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілет басым, сол себепті болар мектеп Президенттілігі сайлауында жоғарғы көрсеткіш жинап, сайланғаным. Өзіме жүктелген міндетті жақсы түсінемін, ұлықтау рәсімінде ант қабылдадым. Осы абыройлы істі үлкен жауапкершілікпен алып шығуға барымды саламын» — дейді мектеп президенті 10 “Е” сынып оқушысы Әмірғалықызы Айым сәл жымиып. Сөйлеген сөзі мен өзін ұстауына қарағанда расымен де сөзін растап ақ тұр.
Бауыржан Момышұлы музейі сурет пен ол кісіге қатысы бар құжаттар мен жазбаларға толы екен. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Дидарай Бугибайқызы бар қатар таныстырып шықты. Әңгіме әуені бүгінгі іс шараға ауысты.
«Әр мектептің ішінде өзін-өзі басқару жұмыстары жүзеге асырылады. Сол секілді біздің Б.Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде де жоғарғы сынып оқушылары арасында Мектеп Президенті жанындағы парламентінің жұмыстары ұйымдастырылған. Сіздер бүгін тап сол қайнап жатқан жұмыстың үстінен түстіңіздер. Бүгін біздің мектебімізде өздеріңіз көргендей «Дос community», Әрекет ету» атты жоба ұйымдастырылып, мектеп парламенті өз жұмысын Астана қаласы бойынша басқа мектептердегі парламент мүшелерімен кездесіп, тәжірибе алмасып жатыр. Болашақтағы атқарылған және атқарылатын іс-шараларды ақылдасып, достықта жұмыс істеу ортақ мақсаттары екендігі айқын” – дейді Алиева Дидарай Бугибайқызы
Астана
BILIM AINASY
Қуантай Амантайұлы