Home » Новости » ЕЛОРДАДА АШЫЛҒАН ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНЕ 25 ЖЫЛ

ЕЛОРДАДА АШЫЛҒАН ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНЕ 25 ЖЫЛ

Тәуелсіздік алған жылдардан кейін Астанамыз бой көтеріп талай тарихи сәттерге қол жеткіздік. Бас қаламыз Астана атанғаннан күннен бастап жаңа қаланың дамуы басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып жатыр.
Осы аптада елордада ашылған тұңғыш қазақ мектебі Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейі 25 жылдығын атап өтті.
Астанадағы қазақ мектептерінің көшін бастаған оқу орны тарихтан өзіндік орын алды. Мектеп-лицейдің алғашқы директоры Қасымбек Жамал Базарқұлқызының көшбасшылығымен 3 жыл қатарынан, 2006, 2007, 2008 жылдары Астана қаласында «Үздік мектеп» номинациясын жеңіп алып, 2011 жылы «Көшбасшы мектеп», 2012 жылы «Үздік мектеп» номинациясын иеленген еді. 2013 жылы Лондондағы Халықаралық BID сапа бойынша конвенция №38 мектепті кемелдіктің бұлжымас сапасының беріктігі үшін «Алтын тәж» IQC жүлдесімен марапатаған мектеп ретінде тарихта өзіндік орны бар.
Білімге бастар құт мекен — №38 мектептің жүріп өткен жолы, басшылықтағы көшбасшылық жетістіктері бүгінгі мектептерге өнеге.
Мектептің ширек ғасырлық мерейтойы барысында «Мектебіме ширек ғасыр» естеліктер кітабының тұсаукесері өткізілді. Мектепішілік «Әлімхан Ермеков» медалі осы мектепте еңбек жолын жас маман болып бастап, 15 жылдан там үзіліссіз еңбек етіп жүрген ұстаздарға табысталды.
№38 мектеп-лицейдің 25 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-танымдық конференцияда Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы, Астана қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі — Әсима Темкеқызы Бимендина, қоғам қайраткері — Әкім Ысқақ, Әлімхантанушы ғалым Қанат Садуақасұлы Өскембаев, ЕҮУ экономикалық география кафедрасының аға оқытушысы Сагинов Кайрат Мырзабайұлы, Пенсильвания университетінің ғылыми қызметкері, мектеп түлегі Айнұр Қадырбаева, мектептен шыққан 20 басшының атынан сөйлеген Сәуле Мыңшалқызы Әзімханова осы №38 мектебінің Астана Білім тарихындағы көшбасшылық бейнесі мен тағылымдық тәжірибелеріне кең тоқталып, талдады.
Конференция соңы мектеп көркемөнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасып, айтыскер ақын Нартау Тілеуқұл толғау арнаса, эстрада жұлдызы Гүлнұр Оразымбетова мен  жас әнші Тілеубек Айкерім әннен шашу шашты.

Астана қаласы
Білім басқармасы
баспасөз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*