Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында бүгін ерекше күн болды. Әкелер қауымдасытығының мүшелері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Жауапкершілік болмаса, әділдік те болмайды» бірыңғай сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарына 16 әке атсалысып, өздерінің мамандықтары әртүрлі болса да бала тәрбиесіне өз үлестерін қосу үшін мұғалім орнына өздері сынып сағаттарын өткізді. Әкелер жоғары дәрежеде дайындықпен келген. Адамзат қоғамында жауапкершіліктің алар орны ерекше екенін білім алушыларға тереңінен түсіндіре білді. Сынып сағаттары әртүрлі формада өткізілді. Төменгі сыныптарына тәрбие сағаттары мен тәрбие сағаттары болса, жоғары сыныптары арасында диспут, кездесу, пікірлесу түрінде өткізілді. Кейбір сыныптарда топпен жұмыс түрлері де көрсетілді. Шара жоғары деңгейде өткізілді. Соңында лицей директоры Р. А. Сихимбеков атсалсқан әкелерге лицей әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар берді.